бет 8/9 Дата 27.06.2023 өлшемі 1,09 Mb. #103584
Байланысты:
10 тақырып Манту сынамасын қою.
Мақсаты:
- диагностикалық.
Әзірле:
залалсыздандырылған мақта шариктері ;
залалсыздандырылған дәке салфеткалары мен тампондары;
пинцет;
резеңке қолғап;
туберкулин;
ампуланы қоюға арналған мензурка;
1 туберкулин шприці;
шприц тастайтын дезерітіндісі бар лоток ;
дезерітіндісі бар ыдыс;
70% этил спирті;
анасына жасалып жатқан процедураны түсіндір.
қолыңды мұқият жуып кептір , қолғап ки. 70 градус спиртке малынған мақта шаригімен қолдарыңды сүрт.
туберкулині бар ампулаларды қорабынан ал.
пинцетпен мақта шаригін алып спиртке батыр.
ампуланың мойнын спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп арамен кес.
ампуланың мойнын спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп мойнын сындыр.
мақта шаригімен ампуланың сынған басын дезерітіндісі бар лотокқа таста.
ампуланы мензуркаға салып қой (ампула құламас үшін).
асептика ережелерін сақтап отырып туберкулин шприцін аш, инесін канюлясына бекіт, иненің қалпағын ал.
туберкулині бар ампуланы ал, шприцке 0,2 мл сорғызып ал.
қалған туберкулинді залалсыздандырылған дәке тампонымен жауып, мензуркаға сал.
пинцетпен дәке тампонын ал, шприцтің канюлясына қойып 0,1 мл дейін шприцтен ауасын шығар (ауа жібергенде туберкулиннің 1-2 тамшысы ине қабырғасының бойымен тампонға жиналу керек).
дәке тампонын дезерітіндіге таста.
шприцті үстелдің үстіне қой.
пинцетпен қолыңа 2 мақта шаригін алып , спиртке батыр.
бірінші шарикпен баланың білегінің терісін сүрт, екіншісімен инъекция жасайтын жерді сүрт (ортаңғы 2/1 бөлігі).
шприцті ал.
сол қолыңмен білектің терісін астына тарт.
шприцтің инесін қиығымен үстіне қаратып, тері ішіне 10-15º -та енгіз, лимон қабықшасы пайда болуы керек.
инені шығар. Инъекция жасаған жерді спиртпен сүртуге болмайды
туберкулин шприцін дезерітіндісі бар лотокқа таста (шприцті дезерітіндімен жу).
қолғабыңды шеш, дезерітіндіге таста.
балаға 72 сағаттан (3 күн) кейін келуін айтып келесі кеңестерді түсіндір:
инъекция жасаған жерді сулауға болмайды ;
инъекция жасаған жерді қасуға болмайды;
жүн матадан жасалған ұзын жеңді киім кимеу;
3 күнге дейін аллергендерді рационнан алу ;
Есте сақта!
Манту сынамасының нәтижесі пластмассадан жасалған мөлдір сызғышпен өлшенеді. Нәтижесі баланың 112/у және 063/у формаларына жазылады.
Жұп жылдары – оң жақ білекке жасалады.
Тақ жылдары – сол жақ білекке жасалады.
Манту сынамасының нәтижелері:
А) теріс мәнді – папуланың диаметрі 1-2 мм немесе иненің орны.
Б) күдікті – папуланың диаметрі 2-4 мм немесе әр мөлшердегі гиперемия,
В) оң мәнді - папуланың диаметрі 5 мм немесе одан жоғары.
Г) гиперергиялық - папуланың диаметрі 17 мм және одан жоғары немесе ортасы некроздалған диаметрі 5-17 мм папула.
Егер балада Б, В, Г нәтижелері болса фтизиатрдің кеңесіне жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: