Бағалы қағаздар портфелі – инвестор үшін қаржылық құралдардың қанағаттанарлық сандық- сапалық сипаттамасын қамтамасыз етеді. Инвестициялық портфельге кіретін сандық және сапалық бағалы қағаздар сипаттамасының критерийлері болып, олардың табыстылығы, өтімділігі, тәуекел деңгейі, іске асыратымдылығы, тиімділігі болып табылады.
Инвестициялық портфельді қалыптастырған кезде инвестициялық обьектілерге салымның мақсаттық бағытталған инвестициялық стратегиясы есепке алынады. Мұндай нәтиженің параметрлеріне кіреді:
капитал өсімінің максимизациясы;
табыс өсімінің максимизациясы;
инвестициялық тәуекелдің максимизациясы;
талап етілген өтімділік пен инвестициялық портфельді қамтамасыз ету.
Портфельдік инвестициялаудың мәні қаржылық активтерге бағалы қағаздар портфелінің сол және басқа түрін қалыптастырудың есебі мен мақсатына тәуелділігін білдіреді.
Портфельдік инвестициялау мыналарға бағытталған:
қор нарығының секторларын жоспарлау;
инвестициялық қызметтің бағасы мен анализі;
қор нарығының әр түрлі секторларында инвестициялық қызметін бақылау.
Бағалы қағаздардың портфелі теориялық көзқараста бір бағалы қағаздан тұруы мүмкін, бірақ бұл өте ..., сол үшін бағалы қағазды қалыптастырған кезде бір бағалы қағаздың басқа бір бағалы қағазға ауысуы болады. Бұл тәсіл күшті инвестициялық белгілей отырып, минималдық тәуекел кезіндегі талап етілген табыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету стереотипін жүргізе отырып инвестициялаудың жағдайын қатайтуға қабілетті.
Қор нарығында бүгінгі күнде клиенттердің екі типін ...- бұл уақытша бос ақша қаражаттарды орналастыру мәселесі қатаң түрде тұр, ал бір жағынан айналым құралдарды қажет еткен клиенттер.
Сөйтіп, бағалы қағаздар портфелі – бұл жинақтаушының нақты экономикалық мақсатқа жету үшін әр түрлі инвестициялық құралдардың жиыны. Өз кезегімен, бағалы қағаздардың портфелі бір немесе бірнеше әр түрлі инвестициялық байлықтармен бағалы қағаздар түрлерінен тұруы мүмкін; яғни акциялардан, облигациялардан,депозиттік және жинақтаушы сертификаттардан және т.б.
Акциялар – кәсіпорынның мүлігіне акционердің жинағын сипаттайды және ағымдық күтілімдермен инвестициялаудың тартылған құралдарына кіреді.
Облигациялар – эмитент пен оның иесінің арасындағы займ қатынасын куәландыратын және эмитенттің оған несие беретін қарыздық міндеттеме ретінде қатысады. Облигация жедел бағалы қағаз болғандықтан эмитент ең бірінші акциямен салыстырғанда облигациялық міндеттемелерді төлеуге міндетті.
Мерзімі бойынша жүгінулерді былай ажыратады:
қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
орта мерзімді – 1жылдан – 5 жылға дейін;
ұзақ мерзімді – 5 жылдан – 30 жылға дейін.
Вексель – есептік құрал тәртібінде қолданылатын несиенің құралы. Вексельді коммерциялық және қаржылық деп бөледі. Қаржылық вексель ақшалай міндеттемелерді қалыптастырады, ал коммерциялық вексель коммерциялық несиені беру кезінде туындайды.
Бағалы қағаздарға бос ақша қаражаттарын сала отырып инвесторлар бағалы қағаздардың портфелін қалыптастыр және мұнда табыс пен тәуекелдің арақатынасын сипаттайтын портфельдің түрін анықтау маңызды. Табыс мыналардың есебінен туындайды:
бағамдық айырма;
ағымдық төлемдер (дивиденттер, пайыздар).
Тәуекелдің азаюы портфельдің диверсификациясы есебінен, сонымен қатар жоғашры табыстылық есебінен бір бағалы қағаз бойынша жоғары емес табыстарды компенсациялау арқылы жет. Тәуекел бір мезетте бір – бірімен байланыссыз экономиканың әр түрлі салаларындағы бағалы қағаздар есебінен қысқарып отырады. Шетел экономистерінің зерттеулері бойынша бағалы қағаз портфелінің тәуекелі төмендейді, егер оған бағалы қағаздардың 8 -20 түрін қосатын болса. Диверсификация нақты ұйымнан алған бағалы қағазбен байланысты тәуекелді ғана жояды.
Инвестициялық портфелді қалыптастыру нарықтың басты қатысушысы инвестор арқылы жүзеге асады. Сондықтан инвестор типімен портфель типінің арасында байланыс бар. Мұндай байланыста келесі инвесторлардың түрлері ажыратылады:
консервативті инвестор, мұнда инвестор минималды табыс алады, тәуекелді азайтатын және салымның тиімділігін қамтамасыз етеді;
агрессивті инвестор жоғары табысты, салымның қауіпсіздігін және инвестицияны қорғауды қамтамасыз етеді;
агрессивті инвестор жоғары тәуекелмен бірге жүретін, жоғары табыстылықты бағалы қағаздарға мақсат қояды;
қор нарығында жұмыс қабілеті бар, іскерлік білімімен, капиталдың тұрақты салымы және салымның жоғары өтімділігі бар қабілетті инвестор;
капиталдың жоғалу қаупімен бірге жүретін максималды табысқа мақсат қойған ...ойыншы;
Бағалы қағаз портфелін қалыптастыра отырып, инвестор басқару шешімдерінің ретін қабылдау керек, әсіресе:
портфельдің типін анықтау;
портфельде бар бағалы қағаздардың табыстылығы мен тәуекелінің қолайлы мөлшерін бағалау.
Шешімдерді қабылдау кезінде инвесторлар ереже бойынша жалпы принципті қолданады: неғұрлым бағалы қағаз потенциалды тәуекелді танытса, соғұрлым ол жоғары потенциалды табысты болу керек және керісінше.
Кесте 5- Әр түрлі инвесторлардың портфельдерінің мүмкін болатын құрылымы
Бағалы қағаздар түрлері
|
Агрессивті инвестордың портфелі
|
Консервативті инвестордың портфелі
|
Акциялар
|
70%
|
25%
|
Облигациялар
|
25%
|
45%
|
Басқа да қысқа мерзімді бағалы қағаздар
|
5%
|
35%
|
Жиыны
|
100%
|
100%
|
Бағалы қағаздарды қалыптастыруға арналған тәсіл 12.1. суретінде көрсетілген.
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырған кезде әр түрлі экономикалық сипаттамалардағы бағалы қағаздар арасында пропорцияны дұрыс анықтауға қабілетті келесі принциптер жүргізілуі қажет:
инвестициялық саясатты қабылданған және өңделген мақсатпен жауап беретін инвестициялық портфельді қалыптастыру;
инвестициялық портфельдің оның көздеріне өтімділік пен кәсіпорынның тұрақтылығын қолдау үшін оның құрылымы мен көлемінің сәйкес келуі;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен құралдардың сақталуын қамтамасыз етумен оптималды табыстылықтың тәуекелдің және өтімділіктің оптималды сәйкес келуі;
тиімділікті, табыстылықты өсіру мен салымның тәуекелін азайту мақсатымен альтернативті салымдарды қоса отырып инвестициялық портфельдің диверсификациясы;
инвестицияның негізгі критерийлерін қарастыру бойынша инвестициялық портфельдің, мониторингтің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Инвестициялық портфельдің қалыптастырылуы нарықтық баға есебінен инвестициялық портфельдің болашағын анықтайтын инвестициялық саясаттың мақсаты мен есебінің қалай қалыптасқаннан кейін басталатынын белгілеу керек. Негізгі болжанған кез болып баланстың өтімділігі мен активтердің табысытылығын қамтамасыз ететін меншікті капиталдың сыртқы ортамен байланысы болып табылады.
Мониторинг келесі критерийлермен бекітіледі:
жіберілген тәукел деңгейі;
күтілетін табыс мөлшері;
нарықтық баға;
курстық айырма мен дивиденттер бойынша табыстылықтың мүмкін ауытқуы;
бағалы қағаздардың инвестициялық сапалығын бағалау мен шығару.
Осылайша, инвестициялық портфельді қалыптастыру туралы шешімді қабылдаудан бұрын көлемді аналитикалық жұмысты істеп алу қажет. Инвестициялық портфельді қалыптастырудың инвестициялық саясатының қалыптасқаннан кеінгі бірнеше кезеңдері бар:
Бірінші кезең ұсынады:
Бағалы қағаздар портфелінің инвестициялық құрылымы
Курстық құнның өсіміне бейімделу
Өсім портфелі
Консервативті
Орта
Өсім мен табыстың портфелі
Теңестірілген
Екіншілік бағыттар
Ағымдағы төлемдерге бейімделу
Табыстың портфелі
Реттеушілік
Табыс әкелетін қағаздар
Агрессивті
Сурет 2- Бағалы қағаздар портфелінің инвестициялық құрылымы
портфельдің мақсатын қалыптастыру;
келешектікті анықтау.
Бұл этапта келесі көрсеткіштер есептеледі:
дивиденттерді алудың тұрақтылығы;
активтер құнының өсімі;
берілген активтердің деңгейі;
минималдық табыс;
күтілген табыстың ауытқуы.
Екінші кезең қаржылық компанияны таңдауға бағытталған таңдау негізіне қосылады:
фирманың атағы;
фирманың ...
фирманың ұсынған портфельдерінің түрлері;
портфельдердің табыстылығы;
қолданылған инвестициялық құралдардың түрлері.
Фирма шетелдік немесе отандық деп таңдалады. 3-кезең инвестициялық шоттты жүргізетін банктің таңдауымен шектеледі.
4-ші кезең портфельдік инвестицияларға ақша қаражаттарының сомаларын анықтауды болжайды және содан кейін инвестор портфель бойынша табыс пен тәуекелге назар аударылатын инвестициялық портфельді қалыптастыруды бастайды.
Бағалы қағаздың портфелінің табыстылығы болып болашаққа табыс немесе қарыз берушілердің уақытша бос ақша қаражаттарды қолданған үшін сыйлықақы табылады.
А.Г.Грязнова редакциясымен жазылған қаржылық - несиелік энциклопедиялық сөздігінде бағалы қағаз портфелінің табыстылық негізінде бөлек активтердің жай орта өлшемдік осы портфельді құрайтын түсіндіріледі, салмағы ретінде инвестордың әрбір осы активтерге инвестицияланған алғашқы қалпының бөлігі қатысады.
«Тәуекел» сөзі гректің «rixicon» деген сөзінен шыққан, яғни «утес» деген мағынаны береді. Тәуекел ретінде күтілмеген жоғалтуларға, шығындарға, табыстылыққа толық жетпеушілік пен жоспарланған табысқа әкелетін негативті жағдайларды түсіну керек.
Бағалы қағазға басылымның тәуекелдері эмитенттің шаруашылық және қаржылық менджменттің тиімсіздігінен табыстылықтың азаюымен негізделеді.
Қаржылық құралдар тәуекелімен олардың табысы арасында байланыс бар – неғұрлым тәуекел жоғары болса, соғұрлым табыс жоғары. Портфельдік инвесторларда бағалы қағаз портфеліндегі тәуекел сол және басқа бағалы қағаздың катировкасының анықталмаумен көрінеді.
Портфельдік инвестициялауды басқарудың негізгі мақсаты тәуекелдің шектелген деңгейімен жоспарланған табыстылықты алу болып табылады.
Инвестор қалыптастырған портфель бағалы қағаздардың бірнеше түрінен тұрады, олардың әрбіреуінде өзінің табыстылығы бар.
Берілген қор нарығының анализі негізінде табысты алудың ықтималдығы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |