1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Инвестициялық портфельдің ұғымы, портфель типтері



бет16/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

2.7 Инвестициялық портфельдің ұғымы, портфель типтері,
принциптері және қалыптастыру этаптары

Халықаралық экономиканың дамуының ең басты мәселесі ЖІӨ -нің өсімі, сонымен бірге оның теңестірілген құрылымы болып табылады. ЖІӨ -нің өсіміне экономикалық факторлардың реті әсер етеді, соның ішінде инвестициядағы экономиканың нақты экономикалық секторының қажеттіліктерін қанағаттандыру. Әсіресе бұл дүниежүзілік экономикада жаханданудың өсу темпі кезеңінде актуалды. Инвестициялар өзінің экономикалық табиғатына байланысты экономикалық өсімнің нақты жылжуы болып табылады. Жинақтаудың өсуіне қабілетті мемлекет инвестициялық процесске жағымды әсер етеді. Осыдан келіп, неғұрлым табыс көп болса, соғұрлым мемлекет жинақты көбірек жинақтай алады, сонымен бірге акселератордың эффектісі қолданылады. Осылайша, бір жағынан, мемлекет жинақтауды мадақтау механизмін өңдеу керек, бір жағынан, сұраныстың өсуіне қабілетті болу керек. Осының барлығы инвестицияның түсуіне және экономикалық өсімге әкеледі. Белгілі мерзім кезеңінде табыстың жоғалуы заңының әсерін де есепке алу керек. Жинақтау мен ұсталымдар арасындағы баланс (теңесім) үшін мемлекет жағынан ЖІӨ - де жалпы жинақтаудың оптималдық бөлігін бекіту маңызды.


ЖІӨ -нің құрылымы жалпылай белгілі мыналарды қосады:

  • үй шаруашылықтарының соңғы қажеттіліктерінің шығындары;

  • мемлекеттік басқару бөлімдерінің соңғы қажеттіліктерінің шығындары.

  • Жалпы жинақтау;

  • Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.

Жинақтау мен ұсталымдар арасындағы балансының мәселесін шешу үшін инвестицияның тұрақты механизм деңгейін анықтау қажет. ЖІӨ -де инвестицияның тұрақты деңгейін анықтайтын факторларға жатқызады:

  • төмен инфляцияны;

  • сыртқы сауда балансын;

  • капиталға орынды пайыздық ставканы.

Бұл жағдайды мақсатқа бағытталған мемлекеттік саясат есебінен қалпына келтіруге болады. Ол өзіне мыналарды қосады:

  • сапалы мемлекеттік стратегиялық жобалау және инвестициялық – инновациялық қызметті басқару;

  • қаржылық құралдарды тиімді орналастыру саясатын таңдау және негіздеу.

  • стратегиялық жоспарлау мен бағдарламалардың жалпы жүйесін қолданумен қойылған мақсаттардың нақтылығын;

  • инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың және оларды қаржыландырудың бағалау және таңдау бойынша әдістемелік ұсыныстардың нақтылығын;

  • экономикалық субьектілер белсенділігін реттеу мақсатында макро және микро деңгейде әр түрлі параметрлері бойынша ресурстық қамтамасыз етудің әдістемелік нұсқаулардың нақтылығын.

Көрсетілген және басқа тапсырмаларды шешу үшін инвестициялық ортаның бөлек элементтірінің арақатынас жүйесін және инвестицияның бөлек түрлері мен формаларын анықтау қажет. Ресейлік экономикаға нарықтық экономикасы жоғары дамыған мемлекеттерде апробацияны өткен экономикалық технологиялар қажет. Бұл ең бірініші портфельдік инвестициялаудың технологиясына жатады.
Портфельдік инвестициялаудың технологиясы өзіне мыналарды қосады:

  • портфельдің типтерін;

  • инвестициялық портфельді қалыптастырудың кезектілігін;

  • портфельдің мазмұнын;

  • портфель түрлерін;

  • инвестициялық портфель мен басқарудың тактикасын.

Жоғары көрсетілгендей, инвестицияны іріленген түінде:

  • нақты инвестициялар (жеке активтерге инвестициялар);

  • қаржылық инвестициялар;

  • материалдық акивтерге инвестициялар.

Қаржылық инвестициялар – кәсіпорындардың, мемлекеттің инвестициялық қорларының бағалы қағаздарын және акцияларын сатып алуға салынатын салымдар.
Портфель – бір нәрсенің жиыны; белгілі бір қызметтің көлемін, экономикалық келешектерді, нарықтағы орынды талқылауға болатын экономиканың барлық ортасында қолданылатын жалпы ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет