1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



бет19/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

Үшінші кезең – пайдалану – көздейді:

  • кеңейту;

  • инновация,

  • ауыстыру,

  • оңалту.

Әрбір кезеңде қаржы ресурстарына сұранысты анықтап алу қажет. Мәселен, РФ көпшілік ғалымдарының деректері бойынша шағын кәсіпорындар үшін жобаны соңғы өңдеу және бағалау жұмыстарының құны 3% дейін құрайды, ал ірі кәсіпорындар үшін – жобаның жалпы құнынан 1% құрайды.
Жобаларды басқару институты 1987 жылы әзірлеген «Жобаны басқару туралы білім кодексінде» мынадай анықтама берілген:
«Жоба дегеніміз белгілі бір бастапқы дерегі бар және оның шешімін табуды талап ететін нәтижесі (мақсаты) бар бірқатар міндеттер болып табылады»
Бұл анықтамада инвестициялық жобада қойылған міндеттер мен мақсаттарды шешу тәсілдері және іске асыру құралдары сипатталмайды.
Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестициялық жоба дегеніміз идеяның техника-экономикалық негіздемесін, оны іске асыру жолдары мен шараларын, шаруашылық жүргізудің экономикалық тиімділігі мен мемлекеттік қауіпсіздікке бағытталған қаржыландыру көзін және кезеңін көздейтін пішімделген құжат.
Жоба барлық материалдарды: қолда бар технология, әдіс, нормативтік-құқықтық заңнама базасы, іске асырылатын идеяның өміршеңдігі мен қаржы ресурстарына сұранысты толық өңдеуді көздейді.
Идея күрделілігі және қойылған мақсаттар мен құралдарға қарай инвестициялық жоба мыналарға бөлінеді:

  • нақты (өнім, қызмет, білім және т.б.);

  • абстарктілі (болжам, жоспар, әдіс және т.б.);

  • ағымды (технология, құжаттама және т.б.);

  • соңғы (кіріс, нарықты ырықтандыру, шығынды азайту, әлеуметтік міндеттерді шешу және т.б.).

В.М.Попов және басқалардың оқу құралында жазылған инвестициялық жобаларды жете топтауларды қарастырып көрсек, ол кәсіпорын мен мемлекеттің инвестициялық саясатын әзірлеу үшін қажет.
Инвестициялық жобалардың жіктелуі 5.1 суретте берілген.
Моножоба – түрлі типтегі, түрдегі және масштабтағы жекелей жобалар (жұмыс орнынан бастап тұтас кәсіпорынға дейін).
Мультижоба – жекелей моножобалардан тұратын кешенді жобалар.
Мегажоба – аймақ, сала және басқа түзілімдерді дамыту бойынша мақсатты бағдарлама.
Қысқамерзімді – үш жылға дейін.
Ортамерзімді – үш жылдан бес жылға дейін.
Ұзақмерзімді – бес жылдан жоғары.
Кез келген инвестициялық жоба мынадай талаптарды қамтуы керек:

Әрбір жоба элементке бөлінеді, ол жобаны енгізу кезінде қажет. Мұндай элементтерге мыналар жатады:

  • жоба-сметалық құжаттама;

  • өндірістік ғимарат және құрылыс,

  • технологиялық процесс;

  • еңбек (қызмет, жұмыс) өнімі;

  • қаржы ресурстары;

  • кадрлармен қамту;

  • шикізат ресурстары;

  • жер телімі;

  • шарт, келісім-шарт, келісім;

  • маркетинг;

  • жобалау;

  • сатып алу (жабдықтау);

  • жеткізу;

  • құрылыс;

  • жабдықты монтаждау, қайта құрастыру;

  • жоба объектілерін тапсырыс берушіге тапсыру;

  • пайдалану;

  • өнім (қызмет, жұмыс) өндірісі;

  • сату.

Кесте 6- Инвестициялық жобалар



Инвестициялық жобалар

Жоба сыныбы

Жоба
типі

Жоба масштабы

Жобаның ұзақтығы

Жобаның күрделігі

Жоба
түрі

Моножоба

Техникалық

Шағын

Қысқамерзімді

Қарапайым

Инновация
лық

Мультижоба

Ұйымдық

Орта

Ортамерзімді

Күрделі

Ғылыми-зерттеулік

Мегажоба

Экономикалық

Ірі

Ұзақмерзімді

Өте күрделі

Оқыту-білімділік




Әлеуметтік

Мемлекет
аралық




Тәуекелсіз

Аралас




Аралас

Халықаралық
















Ұлттық
















Аймақтық
















Салалық
















Корпоративті










Барлық жоба коммерциялық тәуекелмен байланысты, яғни күтілетін табыс немесе басқа пайда жоспарланғаннан аз болса. Сондықтан бүкіл жобаны және оның жеке элементтерін әзірлеу кезінде нәтиже шығыннан жоғары болатын экономикалық, қаржылық сенімділік есепке алынады.
Кез келген инвестициялық жоба мынадай кезеңдерден тұрады:

  • Инвестицияалды;

  • Инвестициялық;

  • Пайдалану;

  • Тарату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет