1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Халықаралық инвестициялар



бет34/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
2.15 Халықаралық инвестициялар. Евронарық — халықаралық
инвестициялардың орталық буыны ретінде

Халықаралық бизнес – байланыстың құрылуына әр-түрлі мотивация болуы мүмкін: өнімнің жаңа нарыққа шығарылуы, аса арзан жұмыс күшін іздеу, қосымша қаржыландыруды керек етуі, қосымша өндірісті ашу, қаржылық – шаруашылық жұмыстың диверсификациясы және тағы басқалары.


Негізгі ұзақ уақытты шетелдік инвестицияларды тарту үшін келесі әдістер қолданылады: тікелей валюталық инвестиция, біріккен кәсіпорындардың құрылуы, еврооблигациялар мен евроакцияларды эмиссиялау, несие сызығының ашылуы, валюталық және пайыздық своптар, опциондар.
Тікелей валюталық инвестиция – трансұлттық корпорацияның бір құралы болып табылады және шетелдік компаниялардың өзінің басқа елдегі жұмыс істейтін филиалдарын толық қаржыландыруын білдіреді. Осының нәтижесінде шет елге активтердің кез- келген түрі берілуіне тыйым салынбайды, осыған қоса басқару персоналы мен ноу- хау да.
Біріккен кәсіпорындардың құрылуы – шетелдік инвестицияны тартудың ең тиімді және шынайы әдісі. Әр мемлекетте біріккен кәсіпорындардың жұмысын бақылап және реттеу үшін өзіндік заңнамалар құрылған, осы заңда негізінен кәсіпорынның негізгі капиталында шетелдік инвестордың алатын үлесі шектеледі 49%.
Евроакциялар мен еврооблигациялардың эмиссиялануы – шетелдік инвесторлар арасында тарату үшін бағалы қағаздардың шығарылуы. Көптеген алдыңғы қатарлы қор биржалары шетелдік компаниялардың бағалы қағаздарын бағалайды. Біріншіден Лондандық қор биржасы үлкен рөл атқарады. Осындай бағалы қағаздарды шығаратын және тарататын халықаралық синдикаттар жұмыс істейді, олар кепілдік береді және сақтандырады. Кейбір трансұлттық компаниялар шет елдерде осындай операцияларды орындау үшін қаржылық институттар құрады.
Валюталық своптар – ұлттық валютамен айырбас операцияларын жүргізуді көрсетеді, ол әр түрлі елдердегі компаниялармен орындалады. Бұл операцияның керектігі келесімен түсіндіріледі, көптеген шетелдік компаниялар жергілікті компанияларға қарағанда банктерден алған несиені тиімді шарттармен ала алады. Несиелендіруге кететін шығындарды минимизазиялау үшін, компаниялар өздерінің ішінде валюталық своп туралы келісім жасасады.Бұл келісімнің негізінде бір валютада алынған ұзақ уақытты несие міндеттемесі басқа валютада да сондай міндеттемеге ие болады. Операция сызбасы оте жеңіл.
Мысалы: А американ кәсіпорыны өзінің ағылшын филиалын қаржыландыру үшін ағылшын фунтымен берілген белгіленген пайызбен эквивалентті 10 млн. доллар керек.Ол осы сомманы қажет ететін (бірақ долларда) ағылшын В фирмасын табады. Екі кәсіпорында валюталық своппен айналысатын банкке барады, банктің көмегімен келісім жасайды, келісім арқылы банк 1долларды 0,54 фунт курстық своптық айырбас жасасу арқылы несие береді. Келісімнің мерзімі (мысалы 5 жыл) және пайыздық ставкалар (мысалы, 11% фунттық, 9% доллармен) белгіленеді (сурет 1):
а) бастапқы соммамен айырбас
10 млн. долл 10 млн. долл
А компаниясы Банк В компаниясы
5,4 млн фунт 5,4 млн фунт
б) жыл сайынғы пайыздық төлемдер
594 мың фунт 594 мың фунт
А компаниясы Банк В компаниясы
900 мың долл 900 мың долл.
в) бастапқы сомалардың қайтарылуы (5 жылдан кейін)
5,4 млн. фунт 5,4 млн. фунт
А компаниясы Банк В компаниясы
10 млн долл. 10 млн долл.

Сурет 1 – Валюталық своп келісімін жасасқан кездегі ақша қаражатының ағынының сызбасы


Қысқа мерзімдегі валюталық қаржыландыру көздері келесілер: банктік ссудалар, вексельдер, коносаменттер және басқа да құжаттар, олар тауардың бір елден екінші елге жылжуын қамтамасыз етеді.


Сауда векселі – ол тауарлық операцияларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар арасында қолданылатын бағалы қағаз болып табылады.
Ауыстыру векселі (переводной) немесі тратта – экспортердың импортерға белгілі уақыт аралығында анықталған тұлғаға белгіленген сомманы беруіне нұсқау беретін құжат.
Коносамент – тиеп жіберілген тауарларға берілетін құжат, онда тасымалдау шарттары мен тауар туралы мәлімет жазылады. Құжатқа суднаның иесінің қолы қойылып және жүкті алатын адамға жіберіліп оның алуына құқық береді.
Несиелік хат немесе аккредитив – халықаралық саудадағы төлемнің бір формасы болып табылады. Импортердің тапсырмасымен банктен шығарылып, шетелдегі корреспонденттік банкке анықталған тұлғаға белгілі бір сомманы төлеп беруіне тапсырма береді. Импортердің төлем қабілеттілігі бар болған жағдайда ғана банк аккредитив жазып береді. Бұл төлем жүргізу түрі экспортерге өте ыңғайлы, өйткені бейтаныс шетелдік контрагентке тауарды жеткізу тәуекелдігінен сақтана алады.
Халықаралық бағалы қағаздар нарығы бұл халықаралық эмиссия мен шетелдік эмиссияның жиынтығы ретінде қарастырылады, басқаша айтқанда бағалы қағаздарды басқа елдердің ұлттық нарығында шетелдік эмитенттермен шығару. Қазіргі уақытта халықаралық бағалы қағаздар нарығы акциялар нарығын да, облигациялар нарығын да өзіне қосады.Халықаралық облигациялар нарығын шарттылықтың белгілі бір үлесімен екі сектордың: бұл шетел облигациялар нарығы мен еврооблигациялар нарығы («евробонд») деп аталатын халықаралық облигациялар нарығының жиынтығы ретінде көрсетуге болады. Шетел облигациялар нарығы – бұл ең алдымен, жергілікті инвесторлардың капиталын мобилизациялау мақсатымен, шетелдік қарыз алушылармен ұлттық облигациялық нарықтарда шығарылатын бағалы қағаздар нарығы. Шетел облигациялар нарықтары өркендеу кезеңіне ХХ ғ. алғашқы үш жылдығында жетті, ал содан кейін олардың ролі кенет түсіп қалды, бірақ 60-шы жылдардан бастап қайтадан өсе бастады. Бұл халықаралық облигациялар қарыз алушылармен, халықаралық банктік консорциумдардың біреуі арқылы шығарылады және олар евровалюталармен өрнектеледі. Шетел облигациялар нарығы көбінесе кредиторлардың қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етеді, бірақ сол уақытта еврооблигациялар нарығындағы белсенділік қарыз алушылардың қажеттіліктерімен анықталады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 Әлжанова Н. Ш. Инвестициялық жобалау : оқу құралы / Н. Ш. Әлжанова.- Алматы: 2007.-160 б.


2 Аньшин В. М. «Инвестиционный анализ». М., «Дело», 2002
3 Бузова И. А., Маховикова Г. А. «Коммерческая оценка инвестиций».- С. П. «Питер» , 2003
4 Бригхем Ю., Гапенски Л. Финансовый менеджмент: Полный курс: В 2-х т. / Пер. с англ. под ред. В.В. Ковалева. – СПб.: Экономическая школа, 1997.Т.1. ХХХ+497с.
5 Волков И.М., Грачева М.В. Проектный анализ: Учеб для вузов. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 423 с.
6 Гитман Л., М. Д. Джонк «Основы инвестирования». М., «Дело», 1997
7 Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 1996. – 432 с.: ил.
8 Мелкумов Я.С. Экономическая оценка эффективности инвестиций и финансирование инвестиционных проектов. – М.: ИКЦ «ДИС», 1997. – 259 с.
9 Марголин А.М.,Быстряков А. Я. «Экономическая оценка инвестиций». М., «Экмос» , 2003
10 Попков В. П. , Семенов В. П. «Организация и финансировние инвестиций». С-П. «Питер», 2001
11 Шарп У. «Инвестиции». М., «Инфра-М», 2001
12 Закон РК «Об инвестициях» от 8.01.2003 г.
13 «Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана до 2015 года».
14 Игошин Н.В. «Инвестиции», М., Юнити, 2001
15 Ложникова А.В. «Инвестиционные механизмы в реальной экономике». М., «МЗ-Пресс», 2001
16 Мамырова М.К. «Эффективность инвестиций в промышленном производстве». Алматы, «Экономика», 2001
17 Нурсеитова Р.А. «Механизм регулирования инвестиционного процесса: финансово-банковский аспект». Алматы, «БИС», 2001
18 Сергеев И.В., Веретенникова И.И. «Организация и финансирование инвестиций». М., «Финансы и Статистика», 2000
19 Черкасов В.Е. «Международные инвестиции». М., «Дело», 1999
20 Сейтказиева А.М. «Инвестиционная деятельность предприятий», А., «Экономика», 1999



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет