1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



бет4/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

Портфельдік инвестиция – қағазда акция, облигация және т.б. түрінде жазылған ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаржы салу. Мұндай салым өте аз, я болмаса иелері бақылай алмайтындай бөлінген. Сондықтан олардың мақсаттылығына және тиімділігіне әсер етпейді.
Инвестициялар салым объектілеріне қарай бөлінеді:
- мүліктік инвестиция (нақты инвестициялар) – бұл өндірістік процеске тура қатысатын инвестициялар, мысалы, құрал – жабдыққа инвестиция, ғимарат, материал қорлары (материалдық активтерге және материалдық емес активтерге).

  • қаржылық инвестиция – қаржылық мүлікке салым, басқа фирмалардың қарыз құқықтары мен олардың ісіне араласу құқығын алу, мысалы, акцияларды басқа да құнды қағаздарды (стратегиялық, портфельдік) сатып алу.

Нақты инвестициялар өзінің іс-әрекетінің бағытына қарай бөлінеді:
- жаңа өндіріс салуға инвестициялар (венчурдік инвестиция) - жаңа өндіріс, қызмет, жұмыс құруды немесе жаңа нарыққа шығуды көздейді..
- өндірісті ұлғайтуға инвестициялар (экстенсивті инвестициялар) - өндіріс көлемін кеңейту және саты нарығын ұлғайту мақсатында қолданыстағы өндіріске қаржы салу.
- өндіріс тиімділігін жоғарлатуға инвестициялар - ресурсты үнемдеу технологияларын (материалдық, еңбек, қаржы) дамытуға бағытталған қаржы салу.
- технологияны жаңарту және жетілдіруге инвестиция - өндірісті жаңартуға, жетілдірілген технологияларды енгізу және жаңартылған тауарларды шығаруға қаржы салу.
- мемлекеттік басқару органдарының талабын қанағаттандыруға инвестициялар - барлық белгілер көрсеткіштер, техникалық және экономикалық параметрлерді (стандарт) сақтай отырып, мемлекеттік тапсырысты орындауға бағытталған. Ереже бойынша, олар қоршаған орта, тұтынушы қауіпсіздігіне бағытталады.
Инвестициялық процеске қатысу сипаты бойынша:
- тікелей инвестициялар – мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы талап етіледі;
- жанама инвестициялар – бұл ақша құралдарын өз қалауы бойынша неғұрлым тиімді орналастыратын қаржылық делдалдар арқылы инвестицияларды қаржыландыру.
Бүгінгі күнде инвестициялау кенеттен болады және меншік иесінің іскерлік қасиетіне, оның мүддесіне, сонымен қатар менеджмент және қаржы менеджментіне байланысты болады. Мұндай ыңғай перспективасыз, себебі әзірленген инвестициялық саясаты жоқ өндірушілер (меншік иелері) бәсекелік артықшылықты жоғалта отырып, өз ісін жабуға мәжбүр. Бұған қоса олар қосымша шығынға ұшырайды.
Осыған байланысты барлық инвестиция түрін активті және пассивті деп бөлуге болады.
Активті инвестиция – жаңа нарықты қамтуға бағытталған агрессиялы немесе диверсификацияланған инвестиция. Олар қаржы құралдары арқылы (портфельдік инвестиция) бәсекелестерін жұтады немесе олардың нарықтағы беделін әлсірете алады. Мұнда демпингтік құн, өндіріс және менеджмент саласында жаңа технологияны енгізу механизмі қолданылуы мүмкін. Аталған инвестициялар барынша табыс әкеледі, алайда тәуекел де жоқ емес.
Пассивті инвестиция – активті инвестициядан айырмашылығы аз тәуекелді және тозған жабдықты, технологияны ауыстыру және жаңадан қабылданған қызметкерлерді дайындау, менеджментті тиісті деңгейде ұстау есебінен кәсіпорынның қаржы жағдайын ұстап тұруға (тұрақтандыруға) бағытталады.
Мәні және табиғаты жағынан бастапқы және бутто-инвестиция деп жіктеледі.
Бастапқы инвестиция кәсіпорынды құру немесе оны сатып алу кезіндегі қаржы салымдарынан тұрады. Әдебиеттерде оны нетто-инвестиция деп атайды.
Брутто-инвестиция – нетто-инвестиция мен реинвестицияны қамтиды.
Реинвестиция – еркін ақша қаражатынан тұрады (табыс, айналымнан тыс активтерді амортизациялау және т.б.). Экономикалық табиғаты жағынан активті-пассивті инвестицияға жуық. Себебі ол жаңа жабдық, ресурс үнемдеу технологиясын сатып алуға, өзіндік күшпен жаңа негізгі құрал (қор) құруға, ескірген жабдықты ауыстыруға, жаңартуға, сонымен қатар капиталды диверсификациялауға бағытталады. Ал өндірісті кеңейтуге және жаңа сату нарығын қамтуға, шығарылған (дайындалған) өнімді соңғы сатуды ұлғайтуға, басқа фирмаларға үстемдік алуға бағытталған инвестиция экстенсивті инвестиция деп аталады.
Интенсивті инвестиция – шикізат және материал шығынын азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістік алаң мен сыйымдылыққа сұранысты азайтуға, энергия тұтынуды, қор шығынын азайтуға, яғни материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына бағытталады.
Инвестицияландыру кезеңі бойынша:

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі салымдар);

  • ұзақ мерзімді (мерзімі 1 жылдан асатын салымдар).

Меншік түрлері бойынша :
- жеке;
- мемлекеттік;
- шетелдік;
- бірлескен.
Жеке инвестиция – азаматтар (тұрғындар) мен мемлекеттік емес меншіктегі кәсіпорын, яғни корпоративті меншік түрінің салымы.
Мемлекеттік инвестиция – экономикаға бюджеттен, бюджеттік емес қордан, заем қаржысынан, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың кірісі мен амортизациялық жарна есебінен қаржы салу.
Шетелдік инвестиция салымы –шетел азаматтары, заңды тұлғалар мен мемлекеттің экономикаға салымы.
Бірлескен инвестиция – сол елдің және шетел мемлекетінің шаруашылық субъектілері жүзеге асыратын капитал салымы.
Аймақтық белгісі бойынша инвестиция ішкі және шетелдік болып бөлінеді.
Елдің ішкі инвестициясы – сол мемлекетте салынған инвестициялау объектілеріне қаржы салу.
Шетелдік инвестиция – басқа мемлекеттерге қаржы салу (шынайы инвестиция, шетелдің бағалы қағаздарын, облигация, акция және т.б. сатып алу).
Тәуекел дәрежесі бойынша:
- тәуекелсіз инвестициялар – оларға мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, мемлекеттік кәсіпорындардың үлескері болу, қысқа мерзімді мемлекеттік облигациялар сатып алу жатады. Әдетте мұндай салымдар бойынша төленетін сыйақы мөлшерлемелері төмен болады, бірақ қауіпсіз;
- тәуекелді инвестициялар – салынған ақша қаражаттарының өтелуі және қанша мерзімге екені тәуекел дәрежесі анықталады. Неғұрлым инвестициялық жоба бойынша күтілетін пайда жоғары болса, соғұрлым күтілетін пайданы ала алмау тәуекелі жоғары болады.
Жоғарыда қарастырылған инвестицияны жіктеу белгілері 1суретте берілген.

Кесте 1- Инвестицияны жіктеу белгілері





Инвестицияны жіктеу белгілері

Қаржы салу объектілері бойынша

Инвестициялауға қатысу сипаты жағынан

Инвестициялау кезеңі бойынша

Инвестиция ресурстарының меншік формасы бойынша

Аймақтық белгісі бойынша

Қаржылық инвестиция

Шынайы инвестиция

Тікелей инвестиция

Жанама инвестиция

Ұзақ мерзімді инвестиция

Қысқа мерзімді инвестиция

Шетелдік инвестиция

Мемлекеттік инвестиция

Жеке инвестиция

Шетелдегі инвестиция

Ел ішіндегі инвестиция

Инвестициялық даму капитал салымының бағыты мен сипатын анықтайтын көрсеткіштер жиынын көздейді.


Мұнда макроэкономикалық параметрдің инвестициялаудың институттық ортасымен үйлесуі маңызды.
Макроэкономикалық көрсеткіштерге мыналар жатады:

  • ЖІӨ өсу қарқыны;

  • Сақталған ақша өсімінің қарқыны;

  • Инвестиция өсімінің қарқыны;

  • Экспорт өсімінің қарқыны;

  • Импорт өсімінің қарқыны;

  • Шаруашылық жүргізу салаларының құрылымдық өзгерісі;

  • Жеке салаларды ұдайы өндіру деңгейі;

  • Аймақты ұдайы өндіру деңгейі.

Инвестициялаудың институттық ортасы мынадай параметрлермен сипатталады:

  • Қаржы жүйесінің дамуы;

  • Инвестицияны қаржыландыру көзінің дамуы;

  • Салааралық және аймақаралық капитал құйылымының дамуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет