1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



бет8/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

Консервативті саясат - таза активтердің құнын және акциялардың нарықтық бағасын арттырып, өндірістік потенциалдың даму қажеттілігін қанағаттандыруды ескереді.
Орташа саясат – акционерлердің көзқарастары мен қоғам қажеттіліктеріне сәйкес оның өндірістік потенциалын қолдау үшін дивидендті есептеуді болжайды, яғни акционерлер мен кәсіпорын арасындағы тепе-теңдік балансын табуды білдіреді.
Агрессивті саясат – дивидендтің максималды көлемде есептелуін ескереді.
Тартылған капиталды акционерлеудің негізгі ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • жеке салымдарды ортақ бір бірлескен капиталға қосу – акционерлік қоғамның жарғылық капиталы;

  • акциялардың салымшымен сатып алынуы акционерлік қоғамның жарғылық капиталына капиталдың бір бөлігін немесе қаражаттарды салуды куәландырады. Бұндай салымдар пайданың (дивиденд түрінде) белгілі бір бөлігін қолдануға және АҚ басқаруға қатысуға, сонымен қатар АҚ таратылуынан кейінгі қалған мүліктің бір бөлігіне құқық береді;

  • қаражаттардың бір жерге шоғырлануы АҚ қызмет ортасына байланысты емес, ал бұл, өз кезегінде, заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;

  • шоғырланған капитал өзінің экономикалық табиғаты бойынша нақты және жалған деп бөлінеді. Нақты капитал – акционерлік қоғамға кіріс әкелетін кәсіпорынның активтеріне салымдар. Жалған капитал – бұл нақты капиталы жоқ, бірақ инвестордың кіріс алуға құқық беретін акцияларын, акт қағаздарын, облигацияларды және т.б. құжаттарды кең аяда орналастыру. Кіріс өз кезегінде бағалы қағаздардың түріне байланысты болады.

Несиелік қаржыландыру. Негізінен жоғары тиімді және тез өткізілетін жобаларды инвестициялауда қолданылады. Несие - әлденені қарызға, жалға беретін тұлға немесе мекеменің шоты. Несие негізінде оны қолданудағы тездетілген, қайтарылатын және ақылы шарттардағы ақшалай немесе тауар түріндегі қарыз түсіндіріледі.
Несиені келесідей ерекшелейді:

  • қарыз беруші түріне;

  • ұсыну формасына;

  • беру мақсатына;

  • әрекет ету мерзіміне байланысты.

Қарыз беруші түріне байланысты бөлінеді:

  • шетелдік несие;

  • мемлекеттік несие;

  • банктік несие;

  • сатушымен берілген тауар түріндегі коммерциялық несие.

Ұсыну формасына байланысты – тауарлы және қаржылық несие.
Беру мақсатына байланысты былайша бөлінеді:

  • инвестициялық;

  • ипотекалық несие;

  • таможнялық несие (төлемді, мемлекеттік баж салығын кейінге қалдыру);

  • салықтық (төлемдерді кейінге қалдыру).

Әрекет ету мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары).
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көзі ретіндегі несиенің жақсы және жаман жақтары болады.
Жақсы элементтеріне келесілер жатады: несиені тарту мүмкіндігінің болуы және оның мақсатты орындалуына бақылау белгілеу.
Жаман аспектілеріне мыналар жатады: дайындаудың қиындығы, кепілдің ұсынылуы, несиенің уақтылы берілмеуі мен таза пайданың жоғалуымен байланысты оның ақылылығы немесе қарыз капитал құнынан қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуі.
Несиені ұсынудағы негізгі құжаттар болып мыналар табылады:

  • соңғы есептік күнге аудиторлармен расталатын бухгалтерлік баланс;

  • пайда мен зиян туралы есеп;

  • бизнес-жоспар (инвестициялық жоба);

  • келісім-шарт.

Келісім-шартқа мыналар жатады: сома, мерзімдер мен мақсатты қолдану, проценттік ставка мен несие бойынша басқа да төлемдер, міндеттемелерді қамтамасыз ету формалары, кепілдіктер, келісім-шартты құруға құқық беретін құжаттардың тізімі. Несие отандық және шетел валютасында берілуі мүмкін.
Жаңа құрылыстың басталуы жағдайында, несиенің қайтарылуы объектінің пайдалануға берілуінен соң жүзеге асырылады. Несиеге пайыз екі тәсілмен есептеледі – жай және өспелі (күрделі).
Қаржылық ресурстарды топтап және оларды инвестициялық жобаға бағыттайтын мамандандырылған банктер бар. Мұндай банктерді федералды мемлекеттік бағдарламалар инвестициялайды.
Қарыз сомасын ұсына отырып, несиелік мекемелер қарыз алушыдан несиені қолданғаны үшін пайыздар алады, соңғысы қарыз мерзімінен, сомасы мен тәуекелге байланысты болады. Пайыздық ставканы анықтаудың негізі болып, базистік ставка табылады. Әлемдік тәжірибе бірнеше базистік ставканы ерекшелейді, олар: ЛИБОР. ЛИБИД, ФИБОР.
ЛИБОР ставкасы – Лондондық банкаралық депозиттер рыногындағы ұсыныс (сатушы) ставкасы халықаралық ссудалық капитал рыногының басты нысанасы болып табылады. Ол күнделікті басты Лондондық банктер тобының ұсыныстарының жеке ставкаларындағы жай орташа арифметикалық формуламен есептеледі.
ЛИБИД ставкасы – сатып алушы ставкасы, күнделікті сатып алушының орташа арифметикалық ставкасы ретінде есептеледі.
ФИБОР ставкасы – Франкфурттық халықаралық рынок бойынша күнделікті ұсыныс ставкасы.
1994 жылдан бастап отандық ставкалар Ресейдің халықаралық несие нарығының индикаторларына негізделген. Бұндай ставкаларға мыналар жатады: МИБОР, МИБИД, МИАКР.
МИБОР ставкасы – Ресейдің ірі коммерциялық банктерімен ұсынылатын халықаралық несиелер бойынша жарияланған ставкалардың орташа мөлшерімен анықталатын үйлесу (орналасу) ставкасы.
МИБИД ставкасы – Ресейдің ірі коммерциялық банктері сатып алуға ұсынатын халықаралық несиелер бойынша жарияланған ставкалардың орташа мөлшерімен анықталатын жұмылдырудың жарияланған ставкасы.
МИАКР ставкасы – Ресейдің ірі банктері тобындағы банкаралық несиенің орташа фактілі ставкасы.
Берілген ставкалар жайлы ақпараттарды ақпараттық консорциумнан алуға болады. Берілген ставкалар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер бойынша басталған нүкте ретінде қызмет етеді.
Несиені несиелік мекемелер, қаржылық институттар, сақтандыру резервтері шегіндегі сақтандыру компаниялары, капиталды капитализациялау мақсатындағы мемлекеттік емес зейнетақы қорлары мен инвестициялық қорлар, пайдаға салық төлеуді кейінге қалдыру түріндегі салықтық органдар ұсынады.
Қарастырылған несиелерден басқа спецификалық несиені ерекшелеуге болады – бұл ипотека.
Ипотекалық несиелендіру экономиканың өсуіне әсер етуі қажет. Ресейде ипотека әлі өсу жағдайында және мұнда екі ұғым қалыптасқан: «кепіл» және «ипотека».
Кепіл – келісім-шарттан немесе заңнан қалыптасатын міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі.
Ипотека – жылжымалы мүлік кепілінің әртүрлілігі (жер және құрылыстар). Бұндай кепілдің мақсаты – қарыздың алынуы.
Сонымен қатар, айналымнан тыс мүліктік құқық пен талаптар және заң бойынша төлету салынбаған азаматтардың мүлігі кепіл бола алады.
Ипотекалық несиелендірудің өзінің ерекшеліктері болады: қарыз қатаң анықталған кепіл мен белгілі бір мақсаттарға беріледі (өндірістік ғимараттар, үйдің құрылысы және жер учаскесін меңгеру). Ипотекалық несиелер арнаулы несиелік келісіммен 10-30 жыл мерзіміне дайындалады. Ипотекалық несиелендіру бойынша акт қағаздары қайталама нарықта айналысқа түседі, бұл ресурстардың тартылуына және капиталдың құйылуына әсер етеді, сонымен қатар несиемен айналысатын банктердің тәуекелдерін төмендетуді қамтамасыз етеді.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыруда сыртқы пайдалануға жататын облигациялық займ да біршама рөл алады. Шығарылатын және өткізілетін облигациялар белгіленген пайызды төлеу немесе пайызды төлемеу түрінде болады (дисконтты облигация). Облигацияларды жоғары төлем қабілеттілігі және жақсы кәсіби атағы бар акционерлік қоғамдар шығара алады.
Инвестициялық жобаларды салықтық қаржыландыру РФ-ң Салық кодексінің бірінші бөліміне сәйкес жүзеге асырылады. Берілген көздің мәні – салықтық төлемдердің кейінге қалып төленуінде. Салықтық несие тездетілген және төлемділік шарттарында ұсынылып беріледі. Ол бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Салықтық несиені қолдану үшін төлем көлемі 50-ден 70%-ға дейін құрайды.
Салықтық инвестициялық несие пайдаға салық бойынша ұсынылады. Ол салық төлеуші мен уәкілетті орган арасындағы келісім негізінде беріледі. Келісімге отыру үшін ұйымның арызы мен берілген қажеттіліктерді растау қажет. Осылардан кейін келісім-шарт дайындалады. Келісім-шартта келесілер қарастырылады:

  • оның әрекет ету мерзімі;

  • несие сомасы;

  • салықтық (несиелік) ресурстарды қолдану үшін пайыздық ставка;

  • несие жабу тізімі мен пайыздардың есептелуі;

  • несиені қамтамасыз ету шарттары (кепіл немесе кепілдіктер);

  • жақтардың жауапкершілігі.

Салық төлеуші-ұйымның бірнеше келісім-шарт жасасуына болады. Бірақ салықтық төлемдерді төмендету сомасы салық бойынша төлемдердің 50%-нан аспауы қажет.
Сонымен қатар жергілікті және регионалды салық есебінен инвестициялауға бағытталған салықтық төлемдерді кейінге қалдыру үшін салықтық несиені ұсынуда РФ-ң субъектілері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қайтару мерзімі мен пайыздық ставкаға байланысты басқа да шарттар белгілеуі мүмкін.
Қаржылық (инвестициялық) лизинг, несиелеудің бір түрі болып табылады, бірақ материалды – заттай формада несиелік қаржыландыру ретінде де қолданылады. Отандық жағдайларда оны тек жылжымалы мүлікке ғана қолданылады.
Аралас қаржыландыру. Жоғарыда аталған әдістердің түрлі тәсілдемелеріне негізделеді және инвестициялаудың барлық формаларына қолданылады.
Аралас қаржыландыру - бұл меншікті қаражаттар мен бірнеше тартылған және қарыздық қаражат түрлері қолданылатын қаржыландырудың бір түрі болып табылады. Қаржыландырудың берілген түрінде ерекше ролді меншікті көздерге бақылау алады. Мұнда өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті (Көөқ) қолданылуы мүмкін:
Көөқ = МК/И
МК – кәсіпорынның меншікті капиталы (таза пайда және амортизациялық аударымдар және басқа да меншікті қаражаттар);
И – инвестициялардың жалпы сомасы.
Берілген көрсеткіштің мәні 51%-дан төмен болмауы керек, төмен болса кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтады.
Қаржыландырудың халықаралық көздеріне мемлекеттік қарыздың өсуін көздейтін мемлекет кепіл болатын түрлі пайдаланулады жатқызуға болады. Оларға халықаралық қаржылық институттар, сонымен қатар шетел мемлекеттердің қаржылық құралдары қатысады.
Қор және қаржы нарықтарының пайда болу мен даму жағдайларында ең көп таралғаны аралас қаржыландыру әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес инвестициялық қызмет мыналар арқылы қаржыландырылады:
- меншікті қаржылық ресурстар мен ішкі шаруашылық резервтер;
- қарыздық қаржылық құралдар;
- акцияларды сатудан алынатын тартылған қаржылық құралдар;
- заңды тұлғалар;
- белгіленген ретпен кәсіпорын бірлестіктерінде орталықтандырылған
- ақша қаражаттары;
- бюджеттен тыс қаржы қорлары;
- республикалық бюджет қаражаттары;
- шетелдік инвесторлар қаражаттары;
- жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық жарналары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет