1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестияциялар



бет3/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

2.1 Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестияциялар

Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестиция туралы» Заңында: «Инвестициялар дегеніміз – мүліктік құндылықтардың барлық түрлері мен оларға деген құқық,сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған интеллектуалдық меншікке құқық».


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді. Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.
Еліміздің экономикасын өрістетіп, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін тартымды инвестиииялық ахуал қалыптастыру басты міндет болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестициялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет.
Инвестициялар – ақша құралдары, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар және басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал – жабдықтар, лицензиялар, сонымен қатар тауар белгілері, несиелер, кез – келген басқа мүліктер немесе мүліктік құқық, интеллектуалдық құндылықтарға жағымды әлеуметтік әсер алу және пайда табу мақсатындағы кәсіпкерлік іс -әрекеттің объектісіндегі салымдар.
Осылайша, аталған анықтамадан балама инвестиция деген ұғым шығады.
Балама инвестиция өндірістік емес салаға, оның ішінде: жылжымайтын мүлік, түрлі коллекциядағы өнер заттары, көне тиын ақшалар, антиквариат және т.б. салынатын капитал.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестициялары мен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде респубиикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске меншік иивестицияларын уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрде қатысуы мен олар үшін барынша қо-лайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.
«Инвестициялар» санатының заңды түрде айқын жазылған анықтамасының болмауы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айырықша мемлекеттік реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны – инвестициялық қызметтің заңды болуына күмән келтіреді. «Капитал жұмсау» және «инвестициялар» деген терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың басылымдарында бірін-бір ауыстыратын синоним-сөздер секілді түсіндірмесіз қолданылады.
Капитал салымы процесінің анығырақ жалпы анықтамасы:
инвестициялау - бүгінгі қажеттіліктің болашақтағы инвестициялаудың игілігінің көмегімен қанағаттандырылатын күтім болып табылады. Сол арқылы, инвестицияның мәні инвестициялық іс- әрекеттің екі жақты бірігуі: қорлар шығындары және алынған нәтиже.
Инвестиция нәтиже алу мақсатында іске асырылады – сандық (пайда) немесе сапалық (мысалы, білім беру саласында – мектептер салу және білімді адамдардың санының артуы), егер олар нәтиже бермесе онда бос әурешілік.
Ірі кәсіпкерлік қызметте инвестицияның мынадай түрлері болады:
- Жеке активтер;
- Қаржы активтері;
- Материалдық емес активтер;
- Портфельдік.
Жеке активтерге инвестиция – материалдық өндіріс саласына ұзақ мерзімге қаржы салу, немесе оны шынайы инвестиция деп атайды.
Қаржы активтеріне инвестиция – бұл заңды немесе жеке тұлғалардан немесе халықаралық несие-қаржылық қызметтен ақша қаражатын алуға арналған құқық.
Материалдық емес емес активке инвестиция – 2000 жылғы №14 ПБУ сәйкес оған интеллектуалдық меншік нысандары жатады:

  • Интеллектуалдық қызмет нәтижесіне ерекше құқық;

  • Патент иегерінің өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модель сатып алуға ерекше құқығмәліметтеры;

  • ЭЕМ, базасы бағдарламаларына ерекше авторлық құқық;

  • Автор немесе басқа құқық иеленушінің ықпалдасқан микросхемаларға мүліктік құқығы;

  • Тауар және қызмет көрсету белгісіне, тауардың шығарылған жерінің атауына иесінің ерекше құқығы;

  • Патент иегерінің селекциялық жетістіктерге ерекше құқығы;

  • Ұйымның іскерлік беделі және заңды тұлғаның құрылуына байланысты, құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйымның жарғы капиталына құрылтайшылар салымының бір бөлігі деп танылған ұйымдастырушылық шығын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет