Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.
Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер, плакаттар
Оқытудың әдістері мен түрлері: Тест, Ауызша, Эссе, Презентация, Глоссарий.
Деңгейлік тапсырмалар:
1 –деңгейлік сұрақ . Философия және дүниетаным
2–деңгейлік сұрақ . Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі
3–деңгейлік сұрақ . Философияның пәні, қызметтері, міндеттері мен алатын орны
ОБӨЖ тапсырмалары: Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері
БӨЖ тапсырмалары: Философияның мәдениеттегі алар орны
Әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |