1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет27/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Зат есім жұрнақтары.
А. Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар.
1. -шы, -ші: күзетші, тракторшы, малшы,қойшы.
2. -шылық, шілік: адамшылық, малшылық, кемшілік.
3. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: одақтас, сабақтас, замандас, бауырлас, жолдас.
4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: ауыздық, орындық, түндік,батырлық, күнделік, жылдамдық, үлкендік.
5. -хана: аурухана, асхана, кітапхана.
6. -ист,-ат,-ир: тракторист, секретариат,командир т. б.
Ә. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар
1. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: көрме, қойма, көмбе, сүзбе, қақпа, кеспе.
2. -қын, -кін, -ғын, -гін: қашқын, тасқын, ұшқын, тізгін, қырғын.
3. -ынды, -інді, -нды, -нді: қорытынды, ерітінді, үгінді, жуынды, сыпырынды.
4. -ын, -ін, -н: егін, түйін, буын, сауын, толқын, жауын.
5. -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: шақпақ, тізбек, батпақ, сырмақ, ілмек, піспек, құймақ, соқпақ, өрмек.
6. -ақ, -ек, -қ, -к, -ық, -ік: орақ, қонақ, жүрек, жатақ, күрек, төсек, сұрақ, тарақ, күйік, сызық, тозық, сынық, қазық.
7. -қы, -кі ,-ғы ,-гі : шалғы, бұрғы,сүзгі, ашытқы.
8. -у: қашау, егеу, тұсау, сұрау, көсеу, жасау, жалғау.
9. -ым, -ім, -м: бөлім, сөйлем, жем, білім, тыным.
10. -ыс, -іс, -с: соғыс, жарыс, жеңіс, айтыс.
11. -қыш,-кіш,-ғыш,-гіш : басқыш, сүзгіш, қырғыш, сорғыш, алжапқыш.
12. -ыш, -іш: қуаныш, күйініш, сүйініш, қызғаныш.
41-жаттығу. Есім сөзден зат есім жасаушы өнімді жұрнақтың астын бір, өнімсіз жұрнақтың астын екі сызып, тексті көшіріңіздер.
1. Тас пештерді белуарлап тұрған сұйық мыс, шелекте катқан суға ұсап, суынған пештерге кептелген бойы бірге қатып қалғандай көрінеді. 2. Мектеп оның мырзалығы да, жан ашырлығы да, мәдениеттік бір арманы да емес, дәл күні бүгінгі өндіріс тілегі еді (Ғ. М.). 3. Белес түбі бір асқар (Ғ. Мұст.). 4. Қанаты қатқанша, торғай да балапанын қорғайды ғой... (X. Ес.). 5.Табалдырықтан бастап, төрге дейін төселген түкті кілемдер табаныңнан тартып, былқ-былқ етеді (Ғ. М.). 6. – Осынша ұрлықпен, осынша арамдықпен әлгі ауылнай айтқан заңның тармағына қалайша әлі ілінбей жүрсіз? – деп, кеміте сөйледі Әзімхан (С. С.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет