1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет23/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

34-жаттығу. Мақал-мәтелдерді тауып, олардың негізгі сөйлемдегі ойға мағыналық қатысы қандай екенін анықтаңыздар.
1. Ардақ десе Ардақ. Сызылып тұрғаны. Ақылы қандай, аңдамай, аяқ баспайды. Ата көрген – оқ жонады, ана көрген – тон пішеді. Көргенді бала. Бір мен емес, жұрттың бәрі ұнатады (Ғ. Мұст.). 2. «Құланньщ қасуына мылтықтың басуы» демекші, Шынар облысқа Елеусізбен бірге баратын болды. 3. «Түсі игіден түңілме» деген еді, қарағым. Сыр алып, сыр түйіспесек те, өзіңе сенуліміз. 4. Не де болса «Шешінген – судан тайынбас» деп, кешкі алагеуімде жылқы жатқан шатқалға жеттік (Т. Әлім.). 5. Бұрынғылар айтқан екен: «Сыпайы – сырын жасырмайды, пұшық – мұрнын жасырмайды», «Арсыз таз басын жасырмайды, жақсы кісі асын жасырмайды», – деп, сол айтқандай, сенен несін жасырайын, мен он жасымнан бастап жалшылыққа тұрған адаммын (С. М.). 6. «Кімді айтса, сол келеді» дегендей, осы арада директордың қарсы алдынан орташа, мығым денелі, бурыл мұртты Жекебайдың өзі шыға келген-ді. 7. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген мақал, тегінде, орынды айтылған ғой: алпысқа еңкейген қарт мастер отызға жетпеген Бектұрғанға әзіл айтқанда, ерсі көрген ешқайсысы да болған жоқ (Ғ.С.).

11 практикалық сабақ. Сөзжасам.


Сөздің негізгі мағына білдіретін бөлшегін түбір дейміз. Мысалы: қолға, малшылар, өнерпаздар, шекарадан, қолма-қол, ауыл-аймағы, колхоздан дегендердің түбірі — қол, малшы, өнерпаз, шекара, қолма-қол, ауыл-аймақ, колхоз. Түбір сөздің құрамы, осы мысалдардағыдай, әр түрлі болады: қол – негізгі түбір, малшы, өнерпаз – туынды түбір, шекара – біріккен түбір, қолма-қол, ауыл-аймақ – қосарлы түбір, ал колхоз – екі сөзден тұжырымдалған қысқарған түбір.
Қазақ тіліндегі сөздердің түбір тұлғасы, осылайша, 5 түрге бөлінеді:
1. Негізгі түбір.
2. Туынды түбір.
3. Біріккен түбір.
4. Қосарлы түбір (қос сөз).
5. Қысқарған түбір (қысқарған сөз).
Негізгі түбір
Сөздің басқа сөзге бөлшектеуге келмейтін ең негізгі тұлғасын негізгі түбір дейміз. Мысалы: ал, кел, жүр, ақы, кітап, адам, көше, жер, жапырақ.
35-жаттығу. Текстен негізгі түбір сөздерді табыңыздар.
Өзің жаман десең, шыдармын. Жерің жаман десең, шыдаман. Жаман жердің белгісі – жел ғана еседі. Жақсы жерге ел көшеді. Бабамның бабасы мекен еткен, әлі күнге рулы ел қоныс еткен жер. Ол аз болса, атақты ғалымдар ең шыдамды, ең жақсы дәнді біздің жерден тапқан деседі. Америкаға жайылған ақ бидайдың атасы біздің жерден деседі. Қалай кеміте аласың? (F.Муст.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет