38-жаттығу. Қос сөздерді тауып, сыңарларының мағыналық қатысын түсіндіріңдер.
I. 1. Әке-шешесі жасында өліп, жетім қалған Самайкенің мал-мүлкін ағайындары талап алады да, өзін қаңғыртып жібереді. 2. Сөйтіп, қайда ойын-сауық болса, соған барып, елді аралайды да жүреді (С. М.). 3. Әшейінде зәбір-жапа, қорлық-зорлық деген ұғыныстар ойланған сайын ысырыла-ысырыла аяғында біржола сезілмей кеткендей (Ғ. М.).
II. 1. Туған-туысқандар да, шешен де, құрбы-құрдастар да, ойнап-күлген қыздарымыз да бізді сол жас қалпымызда күтеді (Ғ. М,). 2. ӘркІм шама-шарқынша киім-кешегін, арба-сайманын, көлігін өзгертіп, жолда аулы жоқтардан гөрі дұрысталып алыпты. 3. Ең аяғы ыдыс-аяғымызды істеп алу қолымыздан келмейді (С. М.).
№14 практикалық жұмыс. Жұрнақ.
Өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін қосымшаны жұрнақ дейміз. Бірқатар жұрнақтар сөз мағынасын өзгертіп жаңа сөз тудырады, бірқатары өз мағынасын түрлендіреді. Мысалы: етік-ші, біл-ім, балта-ладеген сөздердегі -ші, -ім, -ла деген жұрнақтар сөздерге лексикалық мағына үстеп, жаңадан сөз тудырып тұрса, көк – көкшіл, көгірек; кел – келіп, келсе, келген деген сөздердегі -шіл, -ірек, -іп, -се, - ген жұрнақтары жаңадан сөз тудырмай, сол өзі жалғанған сөздің мағынасын түрлендіріп тұр.
Жұрнақ құрамына қарай дара және күрделі болып белінеді:
Дара жұрнақ әрі қарай бөлшектеуге келмейді. Мысалы: тау-ды , су-сыз, айт-ып, жұқа-лау. Күрделі жұрнақ екі я одан көп қосымшалардың бірігіп-кірігуінен пайда болады да, оны әрі қарай бөлшектеуге болады. Мысалы: ашпалы , ақылдас деген сөздердегі -палы, -дасжұрнақтарды па-лы, да-с деп бөлуге болады.
Жұрнақ қолданылуына қарай өнімді және өнімсіз болып белінеді.
Көптеген сөздерге жалғанатын, жаңа сөз жасау үшін жиі қолданылатын жұрнақтарды өнімді жұрнақ дейміз. Мысалы: мал-шы, етік-ші, колхоз-шы, бақша-шы, оқу-шы. Белгілі ғана сөздерге жалғанып жиі қолданылмайтын жұрнақтарды өнімсіз жұрнақ дейміз. Мысалы: сарғыш , қызғыш , көкшілт, қызғылт, бозғылт, тасқын, толқын, тосқын, дөңес, белес. Жұрнақтар мағынасына қарай екіге бөлінеді:
1) Сөз түрлендіруші жұрнақтар.
2) Сөз тудырушы жұрнақтар.