|
Етістіктің сөз тудырушы жұрнақтары
|
бет | 29/58 | Дата | 27.11.2022 | өлшемі | 141,38 Kb. | | #52988 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: норм қазақ тілі умкдБұл бет үшін навигация:
- -лан ,-лен, -дан ,-ден ,-тан ,-тен
- -ай, -ей, -й
- -сын, -сін
- Негізгі және туынды үстеулер.
- -ша,-ше
- -майынша, -мейінше
Етістіктің сөз тудырушы жұрнақтары.
А. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақтар.
1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те: тазала, шегеле , қолда, көзде, ақта , көкте.
2 . -лан ,-лен, -дан ,-ден ,-тан ,-тен: көңілден, тамақтан, ашулан, еңбектен.
3. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: ақылдас, көмектес, жағалас.
4. -лат, -лет, -дат, -дет, -тат, тет: думандат, елеңдет, шулат.
5. -а, -е: сана, жаса, теңе, түне, орна, мөлдіре, қина, ойна,
6. -ар, -ер, -р: ағар, көгер, суар, ескір, қысқар, тазаp .
7. -ай, -ей, -й: азай, көбей, қарай, мұңай, есей.
8. -ық,-ік: жолық, кезік, тарық, бірік , толық.
9. -сы, -сі: шешенсі, адамсы, менменсі, еркінсі.
10. -сын, -сін: жерсін, көпсін, азсын, жүрексін т. б.
43-жаттығу. Туынды етістіктерді тауып, қандай сөз табынан жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.
1. Жазған қағазын бүктеп, сайлау жәшігіне әркім өзі салсын(С. С.). 2.Түсе сала үюлі қызыл бидайға келіп, сапасын ұстап көрді де, басын бір изеді Жомарт (Ғ. Мүст.). 3. Сондықтан да Сикорский екеуіңіз осы жайда тереңірек ойласып, мені дер кезінен кешіктірмей хабардар етуіңізді өтінер едім. 4.Барактарда күн бата гуілдескен талас-тартыстың дабыры түн ортасын жаударып барып басылады (Ғ. М.). 5. Көздері мөлдіреп бара жатқан көрініске үнсіз қарайды. 6. Қара торы өңі жұқарып, сәл қызғылт тартып, Ержанға байсалды қарады (Т. Ахт.).
Негізгі және туынды үстеулер.
Үстеу тұлғасына қарай негізгі, туынды үстеу болып бөлінеді.
Негізгі үстеулер: кеше, ертең, былтыр, қазір, бағана, әуелі, әлі, енді, кешкі, әрі, бері, кейін, ілгері, төмен, әрмен, әрең, үнемі, кілт, қалт, талай, аса, тіпті, орасан, әбден, нағыз, кілең, сәл, мүлде т. б.
Туынды үстеулер: осынша, кісіше, осылай, шикілей, күздей, қырандайын, жоққа, текке, әлгінде, қапыда, шынымен, ежелден, зорға-зорға, осыншалық, соншалық т. б.
Туынды үстеулер түрліше жасалады:
I. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
1. -ша,-ше: меніңше, оныңша, қазақша, орысша, ауызша т.б.
2. -лай, -лей, -тай, тей, -дай, -дей: осылай, қыстай, шикілей, күздей, екіншілей.
3. -дайын, -дейін, -тайын, -тейін: қыстайын, жаздайын.
4. -шалық (-ша-лық), -шама (ша-ма): соншалық, осыншама, мұншалық.
5. -шылап,-шілеп: сиыршылап, Асаншылап, өлімшілеп.
6. -майынша, -мейінше: бармайынша, келмейінше, бітпейінше.
7. -сын, -сін: кешкісін, ертеңгісін.
II. Жалғаулардың түбірдің құрамына әбден сіңісіп көнеруі арқылы үстеулер жасалған:
а) Барыс септік жалғауының түбірге көнеруінен жасалған үстеулер: бекерге, босқа, бірге, кешке, текке.
б) Жатыс септік жалғауының түбірге көнеруінен жасалған үстеулер: әлгіде, әлгінде, баяғыда, күнде, қапыда.
в) ІІІығыс септік жалғауының түбірге көнеруінен жасалған үстеулер: әуелден, жүресінен, етпетінен, кенеттен, төтесінен.
г) Көмектес септік жалғауының түбірге көнеруінен жасалған үстеулер: жөнімен, кезекпен, ретімен т. б.
III. Сөздің бірігуі арқылы жасалған үстеулер: екіншәрі, ендігәрі, биыл, бүгін, жаздыгүні, қыстыгүні, таңертең т. б.
IV. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер: бостан-босқа, әлсін-әлі, қысы-жазы, анда-санда т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|