1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет38/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

54-жаттығу. Төмендегі сан есімдерді емле ережелері бойынша жақшада көрсетілген қосымшалармен, сөздермен тіркестіріп жазыңыздар. 10-15, X, 7, 1000, XXII, 3, 120, 50, 40, 2, 8, 70, 4, 30, тоқсан сегізінші, елу бесінші.
(том, -даған, мектеп, тоқсан, -теген, -тен , класс, съезд, көмір, -лерде, үй, -ден, -дей, -те, жыл, -тарда).

20 практикалық сабақ. Есімдік.


Басқа сөз таптарының орнына қолданылатын сөздерді есімдік дейміз; Мысалы: Асқар кітапты көп оқиды деудің орнына. Ол кітапты көп оқиды деп зат есімнің орнына есімдікті қолдануға болады. Ол жоғарыда тұр деудің орнына сонда тұр дегенде үстеудің орнына сонда деген есімдік қолданылған.
Есімдік өте жалпы мағыналы сөз, сондықтан ол түрлі-түрлі мағыналы сөздердің орнына жүре алады.
Есімдік мағынасына қарай жетіге бөліңеді: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) өздік есімдігі, 5) белгісіздік есімдік, 6) болымсыздық есімдігі, 7) жалпылау есімдігі.
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері – жақтық мағыналы сөздер. Олар 3 жақта, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қолданылады. Жіктеу есімдіктері мыналар: мен, біз, біздер; сен, сіз, сіздер, ол, олар.
1-жак жіктеу есімдіктері: жекеше – мен , көпше – біз, біздер.
2-жак жіктеу есімдіктері: жекеше, анайы – сен, сыпайы – сіз, көпше, анайы – сендер, сыпайы – сіздер.
3-жақ жіктеу есімдіктері: жекеше – ол, көпше – олар.
Бірінші жақ жіктеу есімдіктері сөйлеушіні, екінші жақ жіктеу есімдіктері тыңдаушыны, үшінші жақ жіктеу есімдіктері сөйлеуші мен тыңдаушыдан басқаларды білдіреді.
Бірінші, екінші жақ жіктеу есімдіктері тек адам аттарының орнына жүреді, 3-жақ жіктеу есімдіктері адам аттарының орнына да, басқа атаулардың орнына да жүреді. Сондықтан – 3-жақ жіктеу есімдіктерінің қолданылу аясы кеңдеу.
Жіктеу есімдіктерінің I, II жақтары кім? деген сұраққа, III жағы кім?, не? деген сұрақтарға жауап береді.Жіктеу есімдіктері жіктеледі, септеледі.
55-жаттығу. Тексті көшіріп, жіктеу есімдіктерінің астын сызыңыздар.
1. Мен бақыттымын. 2. Біз аштық, жоқтық дегенді білмей өстік. 3. – Сен ұйықтаған жоқсың ба? – деп, сыбырлай сұрады, 4. Ол өте жақсы шал еді. 5. – Ертең біздің үйге келіңдер. Мен сендерге бір нәрсе көрсетейін, – деп асығып сөйлеп. 6. Олар неге еске түседі? (С. Е.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет