1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет4/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Дауысты о,ө әріптері
Еріндік, ашық дауысты ө, о дыбыстарының әріптері сөздің бастапқы буынында жазылады. Мысалы: өнер, қол, орақ, өзен, өмір, орта. Орыс тілінен енген сездерде о әрпі орын талғамайды. Мысалы: кино, океанолог, забой, динамо.
Ө – жіңішке, о – жуан дауысты дыбыстың әрпі.
Сөздің алдыңғы буынында ө әрпі болса, одан кейінгі буындағы е айтылуда ө болады, бірак е жазылады. Мысалы: өнер (өнөр), көне (көнө), өжет (өжөт), өсер (өсөр),өрен (өрөн), көлем (көлөм), көмей (көмөй), шөлейт (шөлөйт), бөгел (бөгөл), бөгет (бөгөт) т. б.
О дыбысы орыс тілінен енген сездерде екпін түспегенде а, і, ы болып айтылады, бірақ о жазылады. Мысалы: бальшевик — большевик, калхоз — колхоз, трактыр — трактор, директір — директор.
7-жаттығу. Қара әріптермен терілген сөздерді көшіріңіздер. Ө болып айтылатын дауысты дыбыс әрпінің астын сызыңыздар.
1. Қайтқан елдің бес-алты аулы Кеңөзекке қонған болатын. 2. Шөженің өзі (М . Ә.). 3. Қалай төзем бұл азапқа (Ә. Ә.). 4. Беті сүйекпен өрнектелген әдемі ағаш кереует, көнетоз болса да, көз тартатын ала сырмақ. 5. Вокзал іші – қара көлеңке. 6. Көжектің даусынан оянып кетті.
Мына сөздердің жазылуын ұмытпаңыздар: өмірбаян, өне бойы, өнертабыс, сөз басы, сөкет, төс ағаш, тәстік, шөлмек, шөмеле, шәпшек.
Дауысты ұ,ү әріптері
Ұ,ү – жуанды-жіңішкелі жұп болып айтылатын еріндік, қысаң дауыстылардың әріптері. Бұлар көбінесе сөздің басқы буынында қолданылады.
Сөздің басқы буындағы ұ, ү дыбыстардың әсерінен соңғы буындағы ы, і дыбыстары ү болып айтылады, бірақ ы ,і әріптері жазылады. Мысалы: құлұн – құлын, түтүн – түтін, ұзұн – ұзын, үзүк – үзік т. б.
Ескерту. Мына сөздерде ұ,ү әріптері сөз ортасында, сөз соңында жазылады: мазмұн, бұлбұл, дүлдүл, мәжбүр, мақұл, мағлұмат, дәстүр, байғұс.
Біріккен сөздерде ұ,ү әріптері сөз ортасында жазыла береді. Мысалы: Бибігүл, Сейтқұл, бүрсігүні.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет