1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


Еріндік және езулік дауысты дыбыстар



бет3/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Еріндік және езулік дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстардың жасалуына ерін мен езудің қатысуына қарай олар еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып бөлінеді.
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, у, ұ, ү.
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, э, ы, і, и.
5-жаттығу. Тексті көшіріп, көп нүктенің орнына тиісті еріндік, езулік дауыстыларды жазыңдар.
Жігіттер, ойын арзан, күлк... қымбат, ек... түрл... нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арз...н, жалғ...н күлмейтін, шын кұлерл...к
Ер табылс..., жарайд... қылс... сұқбат.
Кейб...реу тыңд...р үйд...н шыққан...нша,
Кейбір...у қояр көң...л ұққанынш...,
Сөз мәніс...н білерл...к кейбіреу бар,
Абайл...р әрб...р сөзд... өз халынша (Абай).
Дауысты а,ә әріптері
А, ә – жуанды-жіңішкелі жұп дауысты дыбыстардың әріптері.
Езулік ашық, жуан дауысты дыбыстың әрпі а сөздің барлық буынында жазылады. Мысалы: адам, бала, дала, азамат т. б.
Езулік ашық, жіңішке дауысты дыбыстың әрпі ә сөздің бірінші буынында ғана қолданылады. Мысалы: әмір, әсер, әкім, әзір, әзер, бәле, бәкі, бәлкім, сәтен, пәтуа, бәлі, рәсуа, кәдік зәбір, т. б.
Айтылуда а дыбысының ә болып естілуі жиі кездеседі. Мысалы: жай (жәй), шай (шәй), жаяу (жәяу), жайлау (жәйлау), рәсуа (рәсуә), жауһар (жәуһәр), жиһанкез (жиһәнкез), т. б.
6-жаттығу. Көп нүктенің орнына а , ә әріптерінің тиістісін жазып көшіріңіздер де, ол сөздерді емле сөздігінен қарап тексеріңіздер.
1. Байкөкше дегеніңмен ж...й Көкше екен деп жүрме (М. Ә.). 2. Рамазан мен Еменәлі жәмшікке жыл т...улігіне төрт ат байлайтын болды (С. М.). 3. Күл...ш, көңілің ғой, қалқам, көңіл қимайды ғой (М. Ә.). 4. Б...рі дұрыс екен (Ғ.М.). 5. Шаруашылық меңгерушісі барлық ж...йды барынша т...птештеп, құлаққа құя жүріп, келісім шартты екі дана етіп жазды (А. Мак.). 6. «Таңғы самал» аталатын бұл жел жан-жануар атаулыны аса бір рақатқа бөлеп, өте бір л...ззатты тыныс алдырады да, таң ағарған сайын ...лсірей беріп, күн көкжиектен көріне қалғиды (С. М.). 7. О не деген, дүд...мал. 8. Осы сиырлардың көрер көзге дімк...- сы, нашары болды ма? (М. Ә.)
Мына сөздердің жазылуын есте сақтаңдар: уәде, әзәзіл, әлеміш, әлмисақтан, әңгүдік, әр түрлі, әр щилы, әр тарапты, әр текті, әтір, әуейілік, әредік, әншейін, әлпет, әлбетте, әйтпесе, әйтеуір, әбзел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет