Ы ,і әріптерінің сөзге қосылып жазылуы.
Орыс тілінен енген сөздер нд, лп, нк, кт, нг, мб, ск, фт, нт, мт дыбыстарына аяқталғанда, оларға дауыссыздан басталатын қосымшалар ы, і дәнекер әріптері арқылы жалғанады. Мысалы: фонд-ы-ны, киоск-і-ден, объект-і-лер, митинг-і-де, факт-і-ге, акт-і-нің т. б.
13-жаттығу. Түбір мен косымшаның арасында қолданылып тұрған дәнекер ы , і әріптерінің астын сызыңыздар.
1. Бүгін фронтовиктердің митингісі болады. (X. Ес.). 2 . – Қарағанды Одақта үшінші көмір бассейні болатыны сөзсіз, - 48 деп, жауап беретін Смертюк. Кузбассқа қарағанда, Қарағанды Магнитогорскіге екі есе жақын («Ж.»). 3. «Қлуб қашан болады?» деген тілші хатын тексергенімізде, онда айтылған фактілер толығымен анықталды («Л. Ж.»). 4. Бұл объектінің құрылысын тездетуді қажет ететін көптеген мәселелер әлі де шешімін таппай отыр («С.К.»). 5. Картоп дақылының жете бағаланбау фактілерін Аякөз өндіріс басқармасына қарасты шаруашылықтардан көруге болады («С.К.»).
Я , ю әріптерінің жазылуы
Я, ю әріптері мынадай орындарда қолданылады:
1. Я, ю әріптері йу, йа дыбыстарын таңбалайды: тоят, қоян, ою, қою, юрист, аяз.
Ескерту. Айуан (хайуан), миуа, хиуа, бейуақ осы қалпында жазылады.
2. И дыбысына біткен етістіктерге тұйық етістік пен көсемшенің -у , -а жұрнақтары жалғанғанда, ю, я болып жазылады: ки+у - кию, жи+у - жию, қи+а - қия, жи+а - жия, сый+у - сыю, тый+у - тыю, сый + а - сия, тый + а - тыя. Йы, йі дыбыстарына аяқталған сөзде де у жұрнағы ю болып жазылады. Мысалы: байы+у - баю, кейі+ у - кею.
3. Орыс тілінен енген сөздерде де я , ю әріптері жалаң а, у дыбыстарын таңбалайды. Мысалы: октябрь (октẚбрь), поляк (полẚк), полюс (полỳс), бюро (бỳро).
14-жаттығу. Ю әрпі бар сөздерді теріп жазып, оның қай дыбыстардың орнына жазылғанын айтыңыздар.
1. «Сенің бар ғой, мынадай бөрікті киюге қақың жоқ!» -деді. 2. Қарт шопанға екі бөлмелі етіп ағаш үй калай қоюға қанша материал керек? 3. Асылы, Қазекең ат қоюға шебер ғой (Ғ. С.). 4. Ол болмағанда, шымбайың бір шымырлайтын еді, босқа күю деген оп-оңай (X. Ес.). 5. Сәл қызғылт тартқан қой көзінде жас, мейірбан жүзінде бір өкініш, бір ықылас... әрісәрі бір жымию, еріксіз жымию бар (3. Қабд.). 6. Дененің бip жеріне түскен титімдей жарақат сыздауын бойға түгел жаюы сияқты, көркем шығарманың да бір жеріне түртілген қалам, бүкіл денесін түгел қозғайды. (С. М.). 7. Танысып, қол коюыңыз керек (М. Ә.).
Тапсырмалар:
1.Дауысты дыбыстардың ережелерін жазып алыңыз,түсініп жаттап алыңыз.
2.Берілген жаттығуларды мақсатына сай орындаңыз.
3. Шығармашылық жұмыс.
Дауысты дыбыстар емлесін сызбада көрсетіңіз.
№2 практикалық сабақ. Дауыссыз дыбыстар.
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз.
Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үнге салдыр араласады.
15-жаттығу.Тексті көшіріп, дауыссыздардың астын сызыңдар.
Ақын айтыпты: «Не дүниеге, не ақиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен., залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып, үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті. (Абай).
Достарыңызбен бөлісу: |