1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


Л , р дыбыстарынан басталып, одан кейін а,е,ә,у,ү,и



бет7/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Л , р дыбыстарынан басталып, одан кейін а,е,ә,у,ү,и дыбыстары келетін түбір сөздердің басында ы, і әріптері жазылмайды: лай, рас, рет, лайық, рух, риза, рең, лезде, леген т. б. Бұл ережеге мына сөздер бағынбай жазылады: іле-шала, ілесе (шықты), іле (салып), ілу, ілулі, ілуде (біреу), іреу, іре, іру, іриді.
Мына сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар: лақ, лайық, рай, рас, лезде, ренжу, рұқсат, ризық, рең, лас.
Ы , і әріптері түсіріліп жазылатын сөздер
Ы , і әріптері сөздің түбіріне жазылғанмен, дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, сусып түсіп қалады. Ол мынадай болады:
1. Есім және етістіктерге түрлі жұрнақтар жалғанғанда; мысалы: орын(а) - орна, жиын (ал) - жинал, бұйыр(ық) - бұйрық, қорық(ыт)-қорқыт, ойын(а ) - ойна, ауыр (у) - ауру, үрік (ек) - үркек, айыр (ыл) - айрыл, уақыт (ылы) - уақтылы, қырық(ыншы) - қырқыншы, қайыр(ыл) - қайрыл, қиын(а) - кина.
2. Зат есімдерге тәуелдік жалғаулары жалғанғанда; мысалы: ойын(ы) - ойны, орын(ы) - орны, мұрын(ы ) - мұрны, ерік(і) - еркі, көрік (і) - көркі, халық(ы ) -халқы, ауыл(ы) - аулы.
Ескерту : Егер ы, і дыбыстары тәуелдік жалғауы жалғанғанда, анық естілсе, немесе оларды түсіріп айтқанда, сөз мағынасы өзгеретін болса, ы, і әріптері сөзде сақталады. Мысалы: қайыра, бақыты, киімі, бұйымы, дәуірі, иығы, пейілі, қадірі, ырымы, жарымы, ұстаның көрігі (ұстаның көркі болса, мағына басқаша болады), құлақтың құлығы (оның құлқы басқа мағынада).
3. Сан есім, етістіктерге -ау(-еу), -у қосымшалары жалғанғанда ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы: алты(ау) - алтау, жеті(еу) - жетеу, екі(еу) - екеу, кемі(у ) - кему, тоқы(у) - тоқу, оқуы(у) - оқу, жібі(у) - жібу, иі(у) - ию, кейі(у) - кею.
12-жаттығу. Мына сөйлемдердегі ы,і дыбысы түсіріліп айтылған сөздерді табыңыздар. Олардың жазылмаған себебін түсіндіріңіздер.
1. Жұқа ерні қаймақтанып Күләйым жымиды. 2. Досан тұра жөнелгенде, дастарқан жинала бастады. 3. Екеуінің орны да қазір бос, қолайлы адам жоқ. 4. Көл басынан жаңа мектеп орнайды. 5. Кітапхана, оқу залы, бильярд, шахмат, дойбы ойнайтын, әрі дем алатын бөлмелері де бар. 6. Жайлау, қыстауда ойын-сауық, мәдени істерді жөнге салу да екеуіміздің мойнымызда болды. 7. Көл көркі жаратылыстың өзіне біткен сұлулығымен толықсып, сәні де жарқын тартады (F. С.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет