1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


Мінез акцентуациясының түсінігі. Истериалық, шизоидтық, психастениялық сипаттардың негізгі клиникалық және психологиялық параметрлері



бет12/25
Дата27.04.2023
өлшемі101,76 Kb.
#87447
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
1. Ïñèõèêàëû? ?ðä³ñòåð òóðàëû ò?ñ³í³ê

13. Мінез акцентуациясының түсінігі. Истериалық, шизоидтық, психастениялық сипаттардың негізгі клиникалық және психологиялық параметрлері.
Мінез акцентуациялары адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіреді. Акцентуация басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы. К. Леонгрд енгізген ұғым.
Истериалық психопатия клиникасы: Сыртқы жасандылыққа, театральды қойылымға бейім. Асыра өтірік айтады, бірден қуанады және жабырқайды. Олардың өмірлік мақсаты барлығының өзіне назар аударғанын қалайды; әр түрлі нәрселерді фантазиялайды, үнемі өтірік айтады.
Шизоидты психопатия клиникасы: Жоғары сезімтал, эмоциясы шектелген, икемсіз, қоршаған ортаға қарым қатынасы шектеулі. Олар суық, қатыгез, мәдинетсіз, дөрекі, ішкі жан дүниесі түсінксіз, бағдары жоқ.
Психастениялық психопатия: Ең басты белгісі: қорқақ, көңілшек, барлық жаңалықтардан қорқады, мазасыз, олар үнемі «жамандық бола ма, жоқ па» деп жүреді және ырымшыл болады.Балалық кезде күмәнданғыш, сенбеушілік, ұялшақ, жасқаншақ, қорқақ, көңілшек, өкпешіл, тұйықтық, ақкөңілділік, өзін талдау тән. Психотениктер көп оқиды, жақсы оқиды, бірақ сабақ айтуды ұнатпайды, социофобия болады. Интелектісі жоғары, жұмыскер, еңбекқор, пунктуальді ұқыпты, жауапкершілік тән, жаңа, таныс емес істерге өте қиын қосылады. Адамдармен тіл табысу қиынға соғады. Бірақ педантизмі, жауапкершілігі, припциптілігі маңайындағылардың ызасын туғызады

14. Пациенттермен тиімді қарым - қатынасқа кедергі келтіретін дәрігердің психологиялық ерекшеліктері: мазасыздық, депрессия, интроверттілік.
Ауызша коммуникация (сөздік) екі маңызды элементті: мағына мен хабарлама нысанын көздейді. Әрине, хабарлама түсінікті, нақты және қысқа болуы тиіс. Практикалық кеңестер Егер мыналар орындалса, ауызша қарым-қатынас тиімді болуы мүмкін: жақсы айтылуымен қарапайым қысқа сөздермен, баяу сөйлеу; әңгімелесушіге таныс емес терминологияны көп пайдаланбау; әңгімелесушінің қабілеттіліктеріне орай, сөйлеудің дұрыс жылдамдығы мен екпінін таңдап алу; қарым-қатынас үшін уақытты дұрыс таңдап алу: бұл ақпарат бағытталатын адам сол нақты уақытта әңгімелесуге ниет пен мүдделілік білдіруі тиіс; ол айтуға жиналған нәрсеге сәйкес келуі үшін, дауыс ырғағын сақтау қажет; өзіңізді түсінгеніне кӛз жеткізу (кері байланыс); мейірбикенің пациентпен әңгімелесуі абайлап пайдаланған әзілмен ашуды басуға және сабырға түсіруге көмектеседі, эмоциялық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді және ауруды қабылдауды жұмсартады.
Пациентпен ауызша емес қарым-қатынас кезінде медбикенің сыртқы түрі мен бет әлпетінің көрінісі – күлкі немесе назар аударушылық үлкен маңызға ие болады, сондай-ақ ұқыпты сыртқы түр де пациентпен қарымқатынасқа әсер етеді және не сенім туындатады, не қарым-қатынасқа зиянын тигізеді. Қарым-қатынастың барысы мен сипатын неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік беретін өзіндік «орталық» көздер болып табылады. Нақ көздер көбінде ауыз айтатыннан жиірек айтады, және пациенттер мұны медициналық бике көздерін бақылай отырып, жақсы біледі. Әңгімелесушінің қолдарын сілтеуі, жүрісі де оның эмоциялық жай-күйін жеткілікті дәл бейнелейді.
Мазасыздық: Үрейлік — бұл эмоция, ол болжау арқылы және болатын сәтсіздіктерді тосумен болашаққа бағытталған.Үрейлік эмоциясы түсініксіз жағдайларда, ақпараттың жетіспеушілігіне сәйкес және қиын болжам нәтижелерінде дамиды.Үрейліктің жеңіл дәрежесі (мазасыздану) — болатын қатерді білдіретін белгісіздікке қарапайым реакциясы.
Үрей эмоциясының әсерінен адаптивті, компенсаторлы және қорғаныш механизмдері болатын қатерге тиімді төтеп беруге мүмкіндік береді. Дәрігер тұлғасының сапасы ретінде үрейлік науқас жағдайындағы өзгерістерге шұғыл әсер етіп, уақытылы қажетті шараларды қолдануға әсерін тигізеді. Науқас мұндай әрекетті дәрігер жағынан түсінушілік және эмоциональді көмек ретінде қабылдайды, бұл «дәрігер-науқас» коммуникациясының тиімділігін жоғарлатады. Бірақ, үрей эмоциясының интенсивті дәрежесі (байбалам, қорқыныш, сұмдық) психикалық үрдістің өнімді жұмысын тоқтатып, бұзады.
Интенсивті үрейлік жағдайды адекватты бағалауға, яғни мүмкін нұсқауларды анықтауға және дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды. Дәрігердің қорқынышы мен байбаламы, науқаспен коммуникациясын үзеді де, олардың арасындағы психологиялық контакт бұзылады. Дәрігер үрейлігі науқасқа беріліп, оны қосымша үрейлендіреді.Үрей әсерінен организмнің әр-түрлі функциялары бұзылады, мысалы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі немесе керсінше жоғарлауы (кейбір науқастарда үрей әсерінен булимия дамиды). Жоғарғы үрейлі тұлғалы дәрігерлер,науқастарды аз толғандыратын кез келген өзгерістерге жоғарғы үреймен қарайды.
Депрессивтілік: Дәрігердің науқаспен коммуникациясын бұзатын тағы да бір сипаты болып, депрессивтілік табылады. Егерде үрей эмоциясы болашаққа бағытталған болса, онда депрессия бұрынғы өткен шиеленістермен және психотравмалық оқиғалармен байланысты. Бұрынғы сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғалар тізбек ретінде көрініп, шарасыздық пен үмітсіздікті құрайды.Болашағы тұманданып, қайғыға ұшырайды.Депрессияға бейім дәрігерлер өз компетенттілігін төмендетіп, науқастың сенімін тудырмайды. Жеке уайымына батқан дәрігер науқастың жағдайының жақсарғанын байқамауы, оның жазылу симптомдарын көрсетіп, қолдамауы,керсінше оны өзінің қайғылы сенімсіздігімен уландырады да,жүргізілген терапияның позитивтілігін бұзады.
Интроверттілік: Дәрігер мен науқастың арасындағы сенімді қарым-қатынасты қиындатын дәрігердің бір қасиетінің бірі- интроверттілігі (тұйықтығы). Интроверттілік дегеніміз адамның өз-өзіне, өз күйзелістері мен ойларына, сезімдеріне бағытталуы болып табылады. Осы терминді психологияға К.Юнг енгізген болатын.
•​Интроверт адам өзінің психологиялық өмір сүріп, өзінің сезімдері мен идеяларына бағытталады және басқа адамдарға аса қызықпайды, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуде біршама қиналады.
•​Тұлға аралық қатынаста сезімталдылықтың, итуицияның төмендігімен, басқалардың күйзелістері мен қайғыларына көмек беруге ұмтылысының жетіспейтіндігімен сипатталады.
•​Тиімді коммуникацияға кедергісін келтіріп, дәрігердің коммуникативті біліктілігін төмендетеді
•​Науқаспен психологиялық жағымды контакт орнатуға, эмоционалды қолдау көрсетуге кедергісін келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет