1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


Тиімді қарым-қатынаста туындайтын кедергілердің негізгі себептері



бет15/25
Дата27.04.2023
өлшемі101,76 Kb.
#87447
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
1. Ïñèõèêàëû? ?ðä³ñòåð òóðàëû ò?ñ³í³ê

20. Тиімді қарым-қатынаста туындайтын кедергілердің негізгі себептері
Коммуникативті үрдістің қатысушыларының тиімді қатынасуына әртүрлі факторлар кедергі келтіреді. Бұл факторлар қатынасу басталмас бұрын немесе кенеттен дамуы мүмкін.Бұның бәрін біз қатынасу бөгеттері деп атаймыз.Қатынасу кезінде бөгеттерді анықтап, салыстыра біліп және оларды коммуникативті дағдылардың көмегімен жеңуге тырысуымыз қажет. Әрине, бұл жағдай қатынасудың позитивті тиімділігіне жету мақсатына көзделсе. Әлеуметтің және қоғамның мәдениеті адамдар қатынасуының коммуникативті толеранттылығының деңгейімен анықталады. Медицина кәсібінде мед.қызметкерлері позитивті қатынасуды орната білуі міндетті. «Дәрігер-науқас» және «мейірбике-науқас» қатынасу жүйесі жатады. Жоғарыда айтылған бөгеттерді біз былайша жіктей аламыз:

  • Ішкі: адамның жүйке қызметінің типіне байланысты қоршаған ортаны қабылдау ерекшелік күшінің болуымен және т.б.;

  • Сыртқы: жағдайға және басқа адамдардың әсерінен дамитын бөгеттер.

Мысалы, кішкі бөгеттерге естудің төмендеуі, көрудің нашарлауы, шындықты қабылдауының адекваттылығының бұзылуы; мидың ишемиясының салдарынан пайда болған бұзылыстар – сөздің, естің, жазудың, санаудың және т.б. бұзылыстары. Сыртқы бөгеттерге – тілдік және әлеуметтік факторлар жатады Тиімді қатынасқа түрлі мәдениеттік дәстүрлер, білімдік деңгейі, адамдардың саяси және дүниетанымдылық сенімдері бөгет болуы мүмкін. Мұндай айырмашылықтардың туындылары болып, этникааралық, нәсілділік бөгеттер жатады. Осыған байланысты науқасқа көмек көрсетуші медицина қызметкері науқас қызығушылықтарына алалықсыздық таныту керек. Дәрігер қандай да бір діни, саяси және философиялық көз-қарасты ұстанса да, кәсіби парызын орындауда оларды есепке алмауы қажет. Қатынасудың ішкі бөгеттерін қарастырайық. Әдістеменің бастапқы бөлімінде біз коммуникативті дағдыларды мінез және тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты, орынды түрде қолдануды атадық. Мысалы, дәрігерге немесе мейірбикеге ригидтілік, үрейлік және кекшілдік тән болса, мұндай сипат олардың науқаспен сенімді қатынас құрауына кедергі жасайды. Сәтсіз қатынасудан кейін дамыған бөгеттердің шешу жолы жоқ болып көрінеді. Интровертирленген тұлғалы дәрігер науқаспен қатынасуда салмақты мәселе болуы мүмкін. Мінездің мұндай сипаты карьералық өсу жолына оң әсер етуі мүмкін. Шын мәнінде интроверттер жоғарғы білімді, эрудирленген, жетілдірілген маман иелері болғанымен, қатынасуда олар үлкен қиындықтарға тап болады. Интроверт-дәрігерлер «түмемен жабылғандай» жабық болады. Олар өз күмәндәрін, уайымдарын әріптестерімен немесе достарымен және де науқаспен талқылауды әдепсіздікке жатқызады. Олар өзінің ішкі дүниесіне ешкімді қабылдамайды және басқа адамның әлемі оған қызықсыз көрінеді. Мұндай дәрігерде эмпатия және симпатия өте сирек кездеседі. Әріптестеріне және науқастарға сенбеушілік маманның өзіндік жекеленуіне әкеледі. Ол баяу өзінің коммуникативті компетенттілігін жоғалтады. Интровертке қарсы экстраверт керсінше көрінеді. Эмоция, проблемалар, жаңалықтар – барлығына бірдей қазына болып табылады. Мұндай ашықтыққа қарамастан дәрігер бөгеттерге кездеседі. Гормониялы емес тұлға типі және дәрігердің конгруэнттілігінің болмауы тұлғааралық шиеленіске ұштасуы мүмкін.Ішкі бөгеттерге дәрігердің жеткіліксіз эрудициясын және рухани жетілмеушілігін жатқызамыз. Дәрігер кез келген рухани элитаның өкілдерімен бірдей деңгейде әңгімелесе алуы тиісті, анықтап айтқанда, мысалы, математикпен математика тілінде, сазгермен өзінің музыкаға деген қызығушылығын танытып, жазушымен әдеби білім деңгейін көрсете сөйлесе білуі қажет. Қызығушылықтың тарлығы науқастарға эмпатияны көрсетуді шектейді.
Сыртқы бөгеттер көбіне жасанды түрде жасалады. Мысалы, тілдік бөгеттер, бұл бөгеттерді дәрігер өздері жасайды,яғни науқаспен сөйлесу кезінде қажетсіз медициналық терминдерді орынсыз қолданады.Науқасқа тағайындалған жұмсақ зондпен және оптикамен асқазанды зерттеу шараларын, дәрігер науқасқа: «Сізге фиброэзофагогастроскопияны өту аса қажет» деп жеткізеді немесе ауырсыну сезімі қай жерге таралады деудің орнына: «Ауырсыну қай жерге иррадиация береді?» деген сияқты түсініксіз сөздерді қолджанады.Тілдік бөгеттер дамыған жағдайда дәрігер науқасқа жағдайды жеңілдету мақсатында вербальді емес белгілерді қолдануы қажет,сол арқылы ол өзінің науқасқа көмектескісі келіп тұрғанын көрсетеді. Үрейді және бөгетті шеткеретін басты вербальді емес белгі ретінде күлімсіреу, ашық қалып, сабырлы, қайырымды көз-қарас жатады. Дәрігердің жалпыға танымал бірнеше фразаларды жаттап алуы да жағдайды бір шама жеңілдетеді. Конфессиональді, этникалық, әлеуметтік, мәдениеттік бөгеттерді дәрігер уақытында алдын алуы тиіс. Өзінің жеткіліксіздігін уақытында байқап, оны міндетті түрде жоюға жол беруі керек. Мұндай дәрігерге барлық науқастар – бірінші кезекте көмек сұрап келегн адамдар ретінде болады. Бірақ-та мұндай мінсіз дәрігерлер барлығына жете бермейді, сондықтан дәрігер өзінің кәсіби компетентсіздігін үнемі жетілдіруі тиіс. Дәрігерге науқас жағынан дамыған бөгеттерді танып білуін талап етеді.Дәрігер мен науқас арасындағы тиімді қатынасқа кедергі келтіретін бөгеттерді шешу үшін, олардың қандай түрдегі бөгеттер екенін анықтауымыз қажет.Науқаспен қатынасу жүйесіндегі дәрігер жағынан дамыған блоктарға өзімшілдік, асығыстық, патернализм, сияқты өзгерістер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет