1. Психолгия пәні дегеніміз



бет11/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
23.Түйсіктің түрлері қандай.
Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі мүшелеріне сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм сезу, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлерге бөлеміз. Түйсіктердің мүшелері қайда орналасқанына және қайдан тітіркеңдіргішті алуына байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.
Экстерорецепторлар ағзаның сыртқы бөліктеріңде орналасқан -оған жататындар: көру, есту, иіс, дәм,
сипай сезу (тері) мүшелері жатады. Бұл көп жағдайда сыртқы сезімдердің мүшелері деп атайды. Олардың көмегімен біздің ағзадан тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттері бейнеленеді. Түйсіктер бұл мүшелерге сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл мүшелердің
көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түйсінеміз.
Осы түйсіктер проприорецепторлардеп аталады. Бұл түйсіктер - бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлардененің ішкі мүшелерінде ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың
көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналымы және т.б ішкі мүшелерде тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
24.Бала түйсіктерінің дамуы мен өзара байланысы.
Түйсіктердің өзара байланысы – психофизиологиялық заңдылықтардың бір түрі. Белгілі бір тітіркендіргіш сезгіштің сол бойда сезіліп тұрған басқа да тітіркендіргіштерге тәуелділігі түйсіктердің өзара байланысы дейді. Әдетте, сыртқы әсерлер талдағыштардың жеке түрімен ғана емес, өзара байланысты түрде түйсіну процесін тудырып отырады. Мәселен, тамақ ішкенде адамның дәм, тактикалық, температуралық, иіскеу талдағыштары бір мезгілде жұмыс істейді. Денеге бір нәрсе тисе, тактикалық температуралық, кейде көру рецепторы қатысады. Түйсіктің бір түрінің басқаларына әсер етуі ми орталықтарындағы қозудың үдеуіне байланысты. Түйсіктердің өзара байланысын айқын елестетін жайт – түйсіну қарама-қарсылық. Мәселен, әуелі тәтті кәмпит жеп, содан кейін ізінше алма жесеңіз, ол тәп-тәтті көрінер еді. Қарама-қарсыға байланысты көршілес және бірімен-бірі жалғасып келетін түйсінулердің айырмашылығы күшейеді. Мұндай жайт нәрселердің қасиеттері қабылдау үшін маңызды. Өйткені, түрлі тітіркендіргіштер бірінен-бірі оқшауланып әсер етсе, нәрселердің жеке қасиеттері анық түйсіледі. Түйсіктердің дамуын өзге де психикалық процестермен байланысты түрде қарастыра отырып, оның барлық психикалық процестердің негізі болатындығын аңғарамыз. Талдағыштар неғұрлым жақсы қызмет атқарса, адам сыртқы ортадан соғұрлым анық хабарлар алып отырады. Белгілі дәрігер ғалым С.П.Боткин (1832-1889жж.) түйсік адамның өмірлік тонусын белгілі дәрежеде сақтап отыратын процесс екендігі өзінің тәжірибелік зерттеулерінде айқындап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет