40.Мектеп жасындағы баланың зейіні. Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшелінетін нәрселерге аударады (ырықсыз зейін), мектеп жұмысының шарттары алғашқы күннен бастап баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және мәліметтерді назардан тыс қалдырмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілерге зейінін бағыттап,оны дәйекті ұстауды үйренеді.ΙΙ-ΙΙΙ кластарда көптеген оқушылар ырықты зейінді игереді, оны мұғалім түсіндірген немесе кітапта бар кезкелген материалдарға көздей алады. Ырықты зейін,оны қандай да бір міндетке алдын ала ойластырып бағыттай білу-бастауыш мектеп шағындағы маңызды жетістік.
41.Ойлау формалары.Ойлау формалары : Ұғым,пікір, ой қорытындысы болып 3 бөлінеді.
Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы
ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен,
мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Адам ұғым арқылы дүниедегі
заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) ӛзіне тән белгілерін,
байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке
заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын
ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда
мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді.
Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін
ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Мәселен,
«Ақтау - әдемі, жас қала» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал
«Қасқыр қауіпті аң емес» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Пікірлердің әр түрін, оның оның
ерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Психология, негізінен
ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.
Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары
дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды
шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет.
Катар тұрган кездейсоқ пікірлерден ой қорытынды шықпайды. «Жаңбыр
жауды», «Қоңырау соқты» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық
байланыс жоқ. Сондықтан, бұл екі пікірден үшінші жаңа бір пікірдің тууы
мүмкін емес.