1. Психолгия пәні дегеніміз


Мінезді тәрбиелеу жолдар қандай



бет12/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
25.Мінезді тәрбиелеу жолдар қандай. Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт—бес жастағы балалардың мазмұнды, рөлді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады.Оларда мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалардың мінез бітістерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өзгерісіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Содықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс із қалдырғандай үлгілі болып келуі тиіс.
Бала тілінің шығуы, осының нәтижесінде оның өз маңайындағылармен біртіндеп пікірлесе алуы, мінез бітістерінің іргетасының қалануында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп “жаман”, “болады”, “болмайды” деген ұғымдардың мәніне түсіне бастайды. Осы ұғымдардың ішкі мәніне біртіндеп түсіну арқылы бала мінез-құлықтың негізгі сапаларының (тәртіптілік, ұстамдылық, борыш сезімі т.б.) алғашқы нысаны қалыптасады. Осы кезде бала өзінің және басқалардың мінез-құлқына өзінше баға беруге тырысады. Экспременттік зерттеулер алты-жеті жасар балалардың өз мінез-құлқын біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.
26.Адамның негізгі сапалары қандай.
Адамның негізгі сапаларына біз ерікті жатқызамыз. Адам бала кезінен белгілі бір дәрежеде ерікпен реттелетін әрекеттер мен қылықтар жасайды. Өмір тәжірибесі әрекеттің реттелуін жеке адамның еріктік қасиеттері түрінде нығайтып отырады. Бұл қасиеттер басқа да жеке адамдық ерекшеліктермен бірге адам мінез-құлқының стилін құрайды. Бірақ адам басқа адамдармен бірге өмір сүреді. Ол қоғам мүшесі, өзінің идеологиясы, моралі, салты мен дәстүрі бар таптың өкілі. Практикалық әрекетінде жеке адам өзінің индивидуальды қажеттіліктерін, мүдделерін және өзі бірге өмір сүретін адамдардың идеяларын, моральдық нормаларын, дәстүрлерін жетекшілікке алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет