Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
54.Дүниетаным, сенім, мұрат деген сөздерге жазбаша түрде анықтама беру. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идиолизмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі – ғылымға негізделетіндігі. Бірден-бір ақиқат – дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады.
Сенім – кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім – дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы. Ал адамның алған білімі бөлек-бөлек кірпіш сияқты шашылып жатса (әңгіме білімді қалай болсасолай, жеңіл «меңгеретіндер» туралы болып отыр), әрине ондай білім түкке тұрмайды. Тек зердесіне құйылған, саналылықпен меңгерілген, белгілі жүйемен алған білм ғана адамның дүниетанымына негіз бола алады.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі – м ұ р а т (идеал). Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеу, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу – бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.