59.Ерік.Ерік сапалары. Ойланып істелетін, алга мақсат қоюды қажет ететін, турлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозгалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-қулқын меңгере алу қабілеті.
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету аркылы адам озінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын корсетіп, түрлі қажеттерін отей алады.
Орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперимент зерттеулермен дәлелдеді.
Ерік сапалары.Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т. б.), екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені үжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапала¬ры),үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.) бөлінеді.
60.Қозу мен тежелу дегеніміз. Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі жасушалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы.
Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, жасушалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды.
Қозу – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір жасушасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абстракциялық рефрактерлік сатысы (Қозу жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының жасуша ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты.
Тежелу — физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
1.бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
2.салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.