57.Жас кезеңдер психологиясына анықтама, жас кезеңдерін көрсет. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады. Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықтайды. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағыларымен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мыс, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.) ерекшеліктері де енеді.
Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің тәсілдерінің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады:
1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /
2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /
4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /
5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /
6. Жоғары сынып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /
7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /
8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /
9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /
10.Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /
11.Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /
58.Қабылдау дегеніміз. Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен
құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі бірмезгілде әсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның ӛткендегі тәжірибесі ерекше орын алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп тұрады. Бұлардың бәрін дұрыс қабылдай алмайды. Егер бала ӛмір бойы поезды кӛрмей ӛссе, оны бірден жақсы тани алмайды.
Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі. И.П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы. Сӛйтіп қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнешеуінің қызметі. Мысалы: киноны кӛру 2 анализатордың (кӛру, есту) ӛзара байланысып жұмыс істеуінен болады.