69.Мектепке дейінгі шақта ойын баланың негізгі іс әрекеті. Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет – ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойын мен алданып, үлкендердің бала әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын бала психикасында сапалы өзгерістер туғызатыны, олардың тез, жылдам дамуына ең оңтайлылығы ойын екені ғылымда дәлелденген. Қазіргі уақытта әлем ғалымдарының зерттеулері балалық шақтың күрделене бастағанын анықтап отыр. Балалық шақ адамды әлеуметтік өмірге ерте дайындау үшін қажет екенін түсіндіріп те келеді. Әрине, өмірге бейімделу бір жағдайда ғана бала үшін жылдан-жылға жеңілдей түсуі мүмкін. Ол – баланың мектеп жасына дейінгі кездегі ойын іс-әрекеті арқылы жан-жақты дамуынының толық қамтамасыз етілуі жағдайында деуге негіз бар. Мектепке дейінгі балалардың ойынының негізгі мазмұны үлкендердің өмір сүру ғұрпын, дәстүрін ойын арқылы қайталап, қайта жаңғырту болып табылады. Сонымен қатар балаларға ойын барысында үлкен адамның образында (мұғалім, дәрігер, шахтер болу) жүру аса маңызды. Мысалы, үш жас шамасындағы балалар үстелді сүртеді, еден сыпырады, нан тіледі т.с.с. Үлкендердің іс-әрекеттерін қайта жаңғырту — мектепке дейінгі балалардың ойынының негізгі мазмұны.
70.Психология пәні нені зерттейді. Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
71.Психологиялық әдістердің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беру. Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатқызады. • Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де
қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет
нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі, т.б.
Бақылау әдісі Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.