«Бұзылған телефон» ойыны. Мақсаты: зейінді дамыту.
« Түгендеу-шатастыру» ойыны. Мақсаты: еріксіз зейінді дамыту.
«Не өзгерді?» ойыны. Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.
“Түймелер» ойыны. Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.
Зейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.
66.Қабылдаудың ерекшеліктері. Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.
Ерекшеліктері.
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері, түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.