82.Адамгершілік сезімін қалай түсінесің. Адамгершілік сезімдер- қоғамдық өмірдің талабына сәйкес керінетін адамның жоғары сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмұны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады. Адамгершілік сезімдер деп дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі мен бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелерімен салыстыруды айтады. Халқымыз: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп адамгершілікке тәрбиелеуде ата-ананың үлгі өнегесіне ерекше мән берген.
Адам өз ортасына қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады», «Он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет» дейді халық. Мысалы, өткен замандардың бір ақылгөйі Сенека «Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы оңай» деген екен. Халық психологиясы жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады. Баланың бойында жақсы адамгершілік сезімдердің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі өнеге берер ұстазына байланысты. Сондықтан да халқымыз: «¥стазы жақсының-ұстамы жақсы» деп бекерден-бекер айтпаса керек.
83.Түйсік түрлері. Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі мүшелеріне сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм сезу, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлерге бөлеміз. Түйсіктердің мүшелері қайда орналасқанына және қайдан тітіркеңдіргішті алуына байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар ағзаның сыртқы бөліктеріңде орналасқан -оған жататындар: көру, есту, иіс, дәм,
сипай сезу (тері) мүшелері жатады. Бұл көп жағдайда сыртқы сезімдердің мүшелері деп атайды. Олардың көмегімен біздің ағзадан тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттері бейнеленеді. Түйсіктер бұл мүшелерге сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.