Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл мүшелердің
көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түйсінеміз.
Осы түйсіктер проприорецепторлардеп аталады. Бұл түйсіктер - бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлардененің ішкі мүшелерінде ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың
көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналымы және т.б ішкі мүшелерде тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
84.Тәжірибелік әдіс дегеніміз. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
85.Адамгершілік сезімін қалай түсінесің. Адамгершілік сезімдер- қоғамдық өмірдің талабына сәйкес керінетін адамның жоғары сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмұны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады. Адамгершілік сезімдер деп дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі мен бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелерімен салыстыруды айтады. Халқымыз: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп адамгершілікке тәрбиелеуде ата-ананың үлгі өнегесіне ерекше мән берген.
Адам өз ортасына қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады», «Он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет» дейді халық. Мысалы, өткен замандардың бір ақылгөйі Сенека «Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы оңай» деген екен. Халық психологиясы жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады. Баланың бойында жақсы адамгершілік сезімдердің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі өнеге берер ұстазына байланысты. Сондықтан да халқымыз: «¥стазы жақсының-ұстамы жақсы» деп бекерден-бекер айтпаса керек.