1. Психолгия пәні дегеніміз


Бірінші және екінші сиганл жүйелері



бет5/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
психология 90 сұрақ

11.Бірінші және екінші сиганл жүйелері.
И.П. Павловтың жоғарғы жүйке қызметі туралы зерттеуінде екі сигналдық жүйе туралы ілімінің зор маңызы бар. Атақты физиолог И.П. Павловтың айтуы бойынша мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болады.
“Сигнал” – латын тілінде – “сигнум” – қазақша – белгі, таңба деген сөз. И.П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән – жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.
Бірінші сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай–ақ, ол – суретшінің, сазгер мен жазушының, ақын мен әртістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде, оқыту процесінде көрнекілікті кеңінен пайдаланып отырудың психологиялық негізі – осы бірінші сигналдық жүйе болып табылады. Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты.
Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды, жануарларда бірен – саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мкғына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі, бірден – бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі, тек адамдарға ғана тән.
12.Балада еріктің дамуы және оны тәрбиелеу жолдары.
Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кездеседі. Соның бірі – қыңырлық. Денсаулығы нашар, ағзасы өлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Осындай әдеттен денсаулығы жақсарысымен арыла бастайды. Отбасындағы теріс тәрбиеге байланысты да балада қыңырлық қалыптасады. Баланың дербестілікке ұмтылуымен санаспауда қыңырлықтың екінші бір түрінің пайда болуына жағдай жасайды. Баланың мінез-құлңын жөнге салып отыру, бақылау жасау оны дербестігінен айыру болып табылмайды. Бақылау жасауды ретімен пайдалану қажет. Ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін ұжымға бағындыра алу, жақсы әдеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет