1. Психолгия пәні дегеніміз


Адам санасының пайда болуы



бет4/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
9.Адам санасының пайда болуы.
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бір-лікте — болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
10.Жас кезеңдерін психологиясына анықтама, жас кезеңдерін көрсету.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады. Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықтайды. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағыларымен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мыс, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.) ерекшеліктері де енеді.
Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің тәсілдерінің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады:
1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /
2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /
4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /
5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /
6. Жоғары сынып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /
7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /
8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /
9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /
10.Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /
11.Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары / 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет