34.Мектепке дейінгі жастағы баланың қабылдауы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау түрлерінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі таңда мектепке дейінгі балалардың психикалық және танымдық прцестерін зерттеуге аса назар аудару басты проблемалардың бірі болып табылады. Сондықтан балдырғандардың бойындағы психикалық прцестер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдаудың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің пайда болуын, өзгеруін, жетілуін және қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу көкейкесті және ғалымдардың назарын аударарлық мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар (сенсорлық эталондар – спектр түстері, геометриялық формалар, музыкалық дыбыстар, т.б. жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жіктелген және өзара байланысқан үлгілері). Сенсорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады.
35.Зейін дегеніміз не, зейіннің түрлері қандай. Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.
Зейіннің түрлері – адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Ырықты зейін деп –адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі
әсер етеді. Ырықсыз зейін деп– адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.