36.Қиялдың жасалу жолдары, баланың қиялын дамыту жолдары. ҚИЯЛДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ. Қиял түрлі елестеулердің өзге- ріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдіс- тері, агглютинация, схематизация түр- лі схемалар мен суреттердің акцен- тировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері қолда- нылады. Қиялдағы елестерді топтас- тырудың қарапайым түрі агглютина- ция деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі меха- низмдердің машиналардың конструк- циялары (амфибия – танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэро-шана – су- ға қонып, ұша алатын самолет) құрас- тырылады.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипер- бола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін ай- тады. Сөйткенде образ ашық, мәнер- лі болып шығады, гиперболада бел- гілі бір бейнелердің алға шығып ай- қын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелер- ді жасауда гипербола көп қолданы- лады.
Қиял алғашқы және ол балалар санасының бастапкы түріне жатады, соның нәтижесіңде адам санасының өзге түрлері пайда болады дейтін көзқарас бұл ілімді жасаушы З.Фрейдтің айтуынша баланың психикалық әрекетін реттеп отыратын екі түрлі принцип бар. Оның- бірі — бала талабын қанағаттандырып, одан рахат табуы, екінші — шындық болмыс. Бала дамуының бастапқы кезіңде алғашқы принцип негізгі және оның психикасындағы үстемдік етуші талап.
37.Күрделі эмоциялар дегеніміз. Күрделі эмоциялардың бipi — көңіл - кейінне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбең кipy, ызалы, түci суық т. б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер eтіп отырады. Егер оның кызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен iз қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ici оңға баса, немесе бip нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т. б.), шат-шадыман күйге түседі. керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген максатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады.