1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері Ең алдымен психология деген сөз не мағына береді,осыны ашып алайық. Психология грек тілінен енген сөз. «Жан туралы ғылым»


Психика деңгейлері: бейсана, астар сана, ашық сана



бет13/25
Дата12.04.2023
өлшемі114,94 Kb.
#81875
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Психология рк1-1

13.Психика деңгейлері: бейсана, астар сана, ашық сана
Психика (гр psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.
Сана-адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Психиканың 3 деңгейі бар.Олар бейсана, астар сана, ашық сана.
Бейсана-адамның санасынан тыс істейтін әрекет қылықтарының жиынтығы.Оған:түс,лунатик,түшкіру,қалтырау, сияқты санадан тыс әрекеттер жатады, яғни ол әрекеттерді жасау белгілі бір заңдылық. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес.
Астар сана – белгілі бір сәтте сананың мәнді қызметінің орталық нүктесі болмастан саналы процестер барысына әсер ететін белсенді психикалық процестердің сипатттамасы. Мысалға адам белгілі бір сәтте оған бұрыннан белгілі және оның ойының кредитімен ассоцативті байланысы туралы тікелей ойламаса да, ол мағыналы астар ретінде ой ағымына әсер етуі, соған ілесуі және т.с.с.болуы мүмкін. Жағдайлардың, ситуациялардың, автоматтық әрекеттердің қимылдардың қабылданатын, бірақ санаға тікелей болмаса да әсері барлық саналық актілерде сана астарымен қабылдау ретінде көрінеді.
Мысалға адам белгілі бір сәт- те оған бұрыннан белгілі бір сәтте оған бұрыннан белгілі және оның ойының кредитімен ассоциативті байланысы туралы тікелей ойлама- са да, ол мағыналы астар ретінде ой ағымына әсер етуі, соған ілесуі жә- не т.с.с. болуы мүмкін. Жағдайлар- дың, ситуациялардың, автоматтық әрекеттердің қимылдардың қабыл- данатын, бірақ санаға тікелей бол- маса да әсері барлық саналық ак- тілерде сана астарымен қабылдау ретінде көрінеді. Сөздің тілдік кон- тексі, яғни айтылмаған, бірақта фра- за құрылысының өзі жеткізетін ой да мағыналық рөл атқарады. С.а.-да мистикалық немесе танылмайтын ештеңе жоқ. Бұл құбылыстар – сана- лы қызметтің жанама нәтижесі, олар өзіне сол сәтте адам назары ауда- рылған объектілерді тануға тікелей қатысы жоқ психикалық процестер- ді енгізеді.
Адам психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен бейсананың
болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: 1) бейсана - инстинкттік тума қимылдар; 2) бей-берекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар, әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер; 3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер. Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік рөл атқарады. Адам санасы - оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі жасампаздық өнімімен ажыратылады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің себеп-түрткілері мен мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену барысында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке көрініс береді. Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-әрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған орны мен құрылымына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет