21.Тұлға бағыттылығы мен белсенділігі. Тұлғаның бағыт- бағдары және оның түрлері 22.Адамның қажеттіліктері мен белсенділігі 23.Мінез түсінігі мен құрылымы. Мінез бітістерінің жіктелуі Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның мiнезi туралы айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң ''charakter'' деген сөзiнен шыққан. Мәнiсi -iз қалдыру. Психологияда бұл жеке,дербестiк мағынадағы адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-әрекетi және мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.
Мiнез - әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк психологиялық қасиеттерi.
Мінез әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттері мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты.
Оның шәкірті,ежелгі грек философы Теофраст адами ерекшеліктерді жүйелеп,оның 30 қасиетін көрсеткен,мысалы:сайқал,жасампаз,сөзшең т.б.
Теофраст өзінің “Этические характеры”тракты арқылы ғылымға “мінез”(грек.character-қасиет,сала)терминін енгізген
Кейіннен француз жазушысы Ж.Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе,мінездің мыңнан аса типтік қасиеттерін сипаттаған.
Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф.Лазурский мінездің мәнін,құрылымын,типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы-мінезнаманы жасады.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады. Мінез құрылымы: адам қасиеттерінің тұтас жүйесі, сенім, қажеттілік, мүдде, интеллект, ерік, сезім, темперамент.
1) Мінез-адам қасиеттерінің тұтас жүйесі. Мінез бір-біріне белгілі бір қатынас байланысы бір жеке адам қасиеттерінің жүйесі,тұтас құрылым болып табылады.Сондықтан,адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп,оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады.Мәселен: ақжарқын т.б.
2) Сенім. Сенімділік адам мінез-құлықтарының принциптілігін,бас имейтінділігін,өз күш-жігерін жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін анықтайды.
3) Қажеттілік пен мүдде.Яғни рухани немесе материялдық қажеттілік пен мүдденің өктем адамның сезімдерін ғана емес,іс бағытын да анықтайды.
4) Интеллект. Мінез туралы сөз болғанда ойлау дұрыс емес,есте қалыптасқан ақыл сапасы жайлы болады.Ақыл-ой әдеттері (жұмыстағы жоспарлылық,) қалыптаса келе мінез сипатына айналады.
5) Ерік. Ерік-жігері күшті адам талап-тілектерінің және қылықтарының, өз бетінше әрекет ете алуымен көзге түседі. Жігерлі мінез нақтылылығымен,тұрақтылылығымен мақсатқа жетудегі беріктігімен ерекшеленеді.
6) Сезім дегеніміз -әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынс. Адамның нені сүйіп, нені жек көретіндігін білдіреді. Мәселен. Селқос, дөрекі ұстамсыз т.б
7) Темперамент. байсалдық немесе сылбырлық, тұйықтық, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделуін т.б. сипаттарын анықтайды.
Мінездегі қасиеттер жүйесі.
Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді.
1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т. б.
2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.
3. Өзіне-өзінің қатынасы: қарапайымдылық, кішіпейілділік, өркекіректік, даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік,
4. Заттарға қатынасы; ұқыптылық, тиянақтылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы т. б.
Мінез құрылымындағы қасиеттер.
Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:
1. Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
2. Мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
3. Мінездің тұрақтылығы-ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп мінезінің күшін аңғартады.
Мінез бітістері
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық,сергектік, жолдастық, т.б. жаткызуға болады.
Отансүйгіштік - кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір жуып, кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы - оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небірдәмді ой түйіндерін осыған бағыштаған.
Мақсаткерлік - бұл адамның өз мінезқұлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну - ар-намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік - тек бір іспен өне бойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Борыш пен жауапкершілік - бұл адамның үйіші, әке-шеше, туматуысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, бұл парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру. Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана-сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің деңгейі байқалады, оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Борышты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы - жаман деп бағалау ар мен ұятка келіп тіреледі. Өз қылығының дұрыс-бұрыстығын түсіне білу - адамға үлкен қуаныш, шабытжігер, қанағат әкеледі
Мейірімділік пен ізгілік - қай жағына қарасақ та,мейіріміділік пен ізгілік озық қасиет екенін білеміз.Егіз қозыдай осы екі қасиет-басқаларға (әке-шеше, ағайын, туыс, таныс т. б.) коңіл болу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды. Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Ізгілік - адам біткенді сүйе беру секілді күйректік, көңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды.
Адалдық пен шыншылдық - Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқанкісінін жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам - адал. Адалдық – сөздің таным мен сенімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшыкелмеуі. Шыншылдық - адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болу - еңбек пен білім алуға,жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікте тиянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділеттіде, кішіпейілдік пен қайырымдылық, қарапайымдылық етіп жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді.
Достық - Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқанкісінін жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам - адал. Адалдық – сөздің таным мен сенімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық - адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болу - еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікте тиянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылық, қарапайымдылық етіп жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді.