1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері Ең алдымен психология деген сөз не мағына береді,осыны ашып алайық. Психология грек тілінен енген сөз. «Жан туралы ғылым»


Өзіндік сана: оның ерекшеліктері және құрылымы



бет14/25
Дата12.04.2023
өлшемі114,94 Kb.
#81875
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Психология рк1-1

14.Өзіндік сана: оның ерекшеліктері және құрылымы
Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.
Сана еңбек және тілдің дамуымен пайда болады.Ерекшелігіне байланысты оның үш жағы бар:
Біріншісі-өзіндік сана
Екіншісі-сананың заттылығы
Үшінші бұл-сана сатысыз күйзеліс тасқыны текті ягни рух пен жанның ерекшелігі.
Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі. Адамның өзіндік санасы- шексіз ,күрделі проблемалардан. Әрқандай тұлға сан қырлы өз «менінің”көптеген бейнесіне ие: дәл осы мезетте адам өзін қандай деп біледі, болашақтағы өзінің идеялық «мені” жөнінде не ойлайды, осы “менді” басқалар қалайынша таниды. Таным субъекті болудан, адам өз санасы аясында зерттелуші объект.
15.«Мен-концепциясы» әсер етуші факторлар
"Мен-тұжырымдамасы" дегеніміз-әр адам өзінің жеке өміріне қатысты шынайы деп санайтын қалыптасқан нанымдардың, көзқарастар мен пікірлердің күрделі, ұйымдасқан және динамикалық жүйесінің жиынтығын білдіреді.
Ата-ана тәрбиесі, әлеуметтік орта, табыс пен сәтсіздік, ішкі өзін-өзі сынау және т.б.өзіндік "Мен-концепциясының"дамуына ықпал ететін факторлар болып табылады. Өзін-өзі тану туралы оң көзқараста болу, өзін-өзі бағалау, өзімен достық және дұрыс және ұтымды ойлаудың болуы арқылы дами алады. Өзін-өзі бағалаудың дамуы бала кезінен оқу процесі арқылы жүреді. Бала тәрбиесі, ата-ана тәрбиесінің тәжірибесі мен стилі баланың өзін-өзі тануына ықпал етеді. Егер бала шатасқан және дұрыс емес ата-ана тәрбиесімен өссе, онда бұл бала өзі туралы теріс идеяны дамытуға бейім болып келеді. Теріс ата-ана тәрбиесі физикалық жаза, немқұрайлылық,көңіл аудармаушылық, әділетсіздік,балаңызға қанағаттанарлықсыз көзқарас арқылы көрінуі мүмкін. Ал ата-ана тәрбиесі дұрыс қалыптасса,онда бала өзі туралы жағымды идеяны дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет