Эмоция (сезiм шарпуы) - сезiмнiң тiкелей қатынастағы уақытша көрiнiсi. Мысалы, сахнадағы айтыскер ақындардың бiр ауыз тапқыр сөзiне бола, көрермендердiң бiр мезет дүрiлдете қол соғып, қошемет айқай салуы.
Эмоция күрделі және қарапайым болып бӛлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын кӛрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек кӛру т.б.
Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бетәлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның кӛзімен аузы ашылып, қасы кӛтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне кӛшеді. Қатты қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғып денесін тер басып, шашы үрпиіп кӛтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы ӛзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады.
Ашулану. Мұндайда адам қысылады, кӛзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек кӛретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп, касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Ашулану барлық адамдарда бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.
Табалау ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу. Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір, кекесінмен күліп келемеждейді.
Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, кӛніл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұлқ етіп қатты кӛрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдацйда ӛтеді. (Мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.).
Стресс. Бұл ағылшын сӛзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) ӛмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда кӛбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды. Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бӛлген: 1) Организмнің мазасыздануы. 2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу. 3) Адам сыртан келетін нәрсеге тӛтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады.
Фрустрация. (латын сӛзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады.
Құмарлық. Бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлық туралы Вольтер былай айтқан: «Құмарлық - кеме желкен кернейтін жел, ол кейде кемені суға батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді».
Кӛңіл күй. Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын, не кӛңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылыды. Адамның кӛніліне айнала қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, кӛніліде кӛтеріңкі болады. Кӛнілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелердің ерекшеліктері де әсер етеді.