1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері Ең алдымен психология деген сөз не мағына береді,осыны ашып алайық. Психология грек тілінен енген сөз. «Жан туралы ғылым»


Адамның сезім күйлерін меңгеруі. Стресс және фрустрация



бет18/25
Дата12.04.2023
өлшемі114,94 Kb.
#81875
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Психология рк1-1

17.Адамның сезім күйлерін меңгеруі. Стресс және фрустрация
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес
келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін
эмоция мен сезім деп атаймыз. Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше ӛтелуі адамда, кӛптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану,мұң, үрей, қорқу, масаттану, ӛкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы
басқалары.Мысалы: Шӛлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады.
Егер шӛлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі тудыруы мүмкін.
Стресс. Бұл ағылшын сӛзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) ӛмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда кӛбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді.
Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды.
Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бӛлген:
1) Организмнің мазасыздануы.
2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.
3) Адам сыртан келетін нәрсеге тӛтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам ӛзінің сыртқы ортамен байланысының үнемі қадағалап реттеп отыру қажет.Стресс кезіде зейінді аудару қиынға соғып, яғни қабылдау, ес, ойлау қажеттіліктері болады. ӛте күшті тітіркендіргіштер (Мысалы: қарулы қылмыскердің шабуыл жасауы, ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамның
пульсі қатты соғып, қанға адреналинің жұмысы тӛмендеп, адам дұрыс шешім қабылдай алмайды. Стресс адамның ӛмірі үшін қауіпті, бірақ та ол адамға қажетті. Стресс арқылы тұлғаның үлкен ситуацияларға бейімделу мүмкіндігі пайда болады.
Фрустрация. (латын сӛзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады.Тілек мақсаттың жүзеге аспауының бәрі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Адам қанағаттанбау, реніш сезімін жиі бастан кешіреді. Мысалы: сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу, таңғы асты ішіп үлгермеу т.б бұлардың барі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Фрустрация қанағаттанбаушылық
дәрежесі адамның тӛзімін тауысарлықтай болған жағдайда кӛрініс береді. Фустрацияға кӛбінесе эмоцияға берілген, қызба, ӛмір тартысында шынықпаған сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет