Қазақ халқының ұлттық мінез ерекшеліктері Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады, Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшелініп тұратын өзіндік сипат қасиеттері бар.
Қазақ халқының қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, қонақжайлылық, достық, сыйластық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ олардың бойында өзге де мінез құлықтар бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады.
Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналады. Осы айтқанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен”өнерді үйрен де, жирен”,”жігітке жетпіс өнерде аз”,”шебердің қолы ортак” сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөдер біздің заманымызға дейін жетті.
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қиындағы шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбің тіршілікпен жүрсе жас өскін жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды.
Намысқойлық - әр этностың өз халқының ар-ожданын, имандылық қадір-қасиетін көздің қарашығындай сақтай білумен, қажетті жерінде бұл үшін жанын пида етуден көрінетін қасиет. Қазақ халқы мен қызын қаршадайынан намысқойлыққа баулып, отанына, кіндік кескен жеріне дақ түсірмеуді қатты ескерткен, «арым жанымның садағасы» - деп, ар-намысты бәрінен де жоғары бағалаған.
Әдептілік-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдвқ санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы
Әдеп сақтау-мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтың өзіндік мінез- құлық кодексі. Осы ереже бұзылса халықтың дәстүрі де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Отбасындағы әдептілікті де әлеуметтік қарым- қатынастың негізі ретінде, әр адам қатаң қадағалап талап әдептіліктің орындалуын талап ету – бүкіл қазақ жұртының, оның мың-мыңдаған әулеттерінің қастерлі міндеті.
Қонақжайлылық - қазақ халқының әлеуметтік, географиялық, тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан ерекше қастерлі қасиеті. Бізде «қонақ десе, қоң етін кесіп беретін қазақпыз» дейтін аталы сөз бар. Тәуліктің қай мезгілінде келгеніне қарамастан «көлденең келген көк аттыны» да жылы қабылдап, төріне отырғызып, дастархан жайып, бар мәзірін алдына қойып, күту қазақ халқының санасына мықтап орнаған имандылық пен шынайы адамгершіліктің белгісі.
Қазақта төрт түрлі қонақ бар. Олар: арнайы қонақ, ұдайы қонақ, қыдырма қонақ және қылқима қонақ.
Арнайы қонақ - алыстан әдейі іздеп келген тума-туыстарын, жолдастарың. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар. Оларға деген құрмет сый-сияпат «жат жанынан тұңілетіндей» дәрежеде болуы тиіс.
Құдайы қонақ - бейтаныс, шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауыбы тиетін қонақтар. Оларды да ықылас -ынтамен қарсы алып, дұрыстап күткен жөн.
Қыдырма қонақ - ерігіп, желігіп, үйден үйді, ауылдан ауылды сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеуді әдетке айналдырған сандалма қонақ.
Қылтима қонақ - түтіні түзу шыққан үйлерді торып құлқыны үшін аузына салғанын шала шайнап, қылқытып жұтып, тағы бір түтіні шыққан үйге тарта жөнелетін - нағыз сұғанақ қонақ. Халқымыз ұнатпай, «күнде қонақ» деп, те әжуәлайды.
Бауырмалдылық - қазақтың ұлттық психологиясына тән имандылық қасиеттің ерекше бір көрінісі. Халқымыздың бауырмалдығын “бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден басталады. Ата-текті дұрыс ажырата алу - бауырмалдықтың бір көрінісі. Бұл рушылдық емес, өзінің шыққан тегін білуге деген ынтызарлық.
Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.Қайырымдылық- кең мағыналы ұғым. Мәселен, отбасындағы үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге ізеті, баланың ата-анаға, әке-шешесінің бала шағасына мейір шапағаты, ұл мен қыздың ер жеткен соң, еліне қызмет етуі-қайырымдылықтың түрлі көріністері мен қайнар көздері.