1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері


​Тұлға бағыттылығы мен белсенділігі.Тұлғаның бағыт- бағдары және оның түрлері



бет17/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
№1РК ПСИХОЛОГИЯ

21.​Тұлға бағыттылығы мен белсенділігі.Тұлғаның бағыт- бағдары және оның түрлері
Тұлғаның бағыттылығы - оның өмірге жəне іс-əрекетке деген мотивациясы көрінетін жеке тұлғаның жетекші психологиялық қасиеті.Бағыттылық адам алдына қойған мақсатын анықтайды,сол мақсатты орындауға ұмтылысы тəн,түрткілер арқылы адам іс-əрекеттер жасайды,қызығуларды адам іс-əрекетте басшылыққа алады. Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның бағыттылығы оның мақсатында, болашақ жоспарында, әлеуметтік позицияларында көрінеді.С.Л. Рубинштейн бағыттылықты тұлғаның негізгі қызығушылықтары, қажеттіліктері, бейімділіктері мен ұмтылысының сипаттамасы ретінде қарастырған.
А.Н. Леонтьев бойынша, тұлғаның бағыттылығы оның мотивтерінің иерархиясы арқылы сипатталады, мұндағы ең маңызды, мағыналы мотив – өмірлік мақсат болып табылады.
Ал, Б.Ф. Ломов тұлға бағыттылығын оның бүкіл психикалық құрылымын анықтайтын жүйені қалыптастырушы құрылым ретінде қарастырады.
К.К. Платоновтың пікірі бойынша, тұлға бағыттылығы – бұл тұлға құрылымы, ол деңгей, кеңдік, қарқындылық, тұрақтылық сияқты ерекшеліктермен сипатталады және қалау, бейімділік, идеал, көзқарас және наным-сенімдер деген бірнеше формадан тұрады.
Қалау – бұл саналы қажеттілік және белгілі бір құбылысқа құмарлық. Ол болашақ іс-әрекеттің мақсаты мен оның жоспарын құруды ұштастырады. Бағыттылықтың бұл формасы тұлғаның тек өз қажеттіліктерін саналы ұғынумен ғана сипатталмайды, сонымен қатар, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары да сараланады. Тұлға бағыттылығының көрінуінің келесі формасы – бұл идеал. Идеал – бұл индивидтің нақты образында немесе бейімділіктерінің мақсаты болып табылады, яғни оның ұмтылысы мен бағдарлары. Адамның идеалдары оның көзқарастарының маңызды сипаттамасы ретінде көрінуі мүмкін, яғни, оның объективті әлемге көзқарасы мен ондағы адамдардың орны және адамның қоршаған ортасына, өзәне деген қатынастар жүйесінен тұрады. Көзқараста тек идеалдар бейнеленбейді, сонымен қатар, адамдардың құндылықтық бағдарлары және олардың таным мен әрекет қағидалары, наным-сенімдері бейнеленеді.
Наным-сенім – бағыттылықтың жоғары фомасы, бұл тұлғаның өзінің көзқарастары мен қағдаларына сәйкес әрекет етуге итермелейтін мотивтер жүйесі. Наным-сенімдердің негізінде саналы қажеттіліктер жатыр, олар тұлғаны әрекет етуге итермелеп іс-әрекет мотивациясын қалыптастырады. Сонымен қатар, «тұлға бағыттылының барлық формаларында әс-әрекет мотиві бар».
Психологиялық әдебиеттерде тұлға бағыттылығының бірнеше түрлері бар.
Жеке даралық бағыттылық – өз игіліктерінің басымдылығымен, жеке басының мүддесі, беделінің басым болуымен туындайды. Мұндай адам үнемі өзінің сезімдерімен, мәселелерімен айналысады және қоршаған ортасындағы адамдарға назар аудармайды. Кез-келген жұмыста өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады.
Ұжымдық бағыттылық – адам қарым-қатынасты қажетсінгенде туындайды. Мұндай адам бірігіп әрекет етуге қызығушылық білдіреді.
Іскерлік бағыттылық – іс-әрекет процесіне қызығушылықтың болуымен, танымды кеңейтуге ұмтылысымен және жаңа дағдыларды меңгеруге ұмтылысымен ерекшеленеді. Әдетте мұндай адам бірігіп жұмыс істеуге тырысады және топтық жұмыстың өнімді болу үшін әрекет етеді, сол себепті, қойылған міндеттерді шешу үшін өзі пайдалы деп есептейтін көзқарасын дәлелдеуге тырысады.
Тұлғаның белсенділігі-Жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-əрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі. Тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта əрекет етуге итермелейді. Қажеттілік – нақты өмір шарттары мен дамуына қажет болатын тұлғаның жағдайы. Жеке тұлғаның белсенділігі - белсенділіктің әлеуметтік және психикалық түрі, жеке тұлғаның мінезінде аса айқын көрінетін белгілі бір іс-әрекетке бағыттылығының қарқындылығы. Тұлға белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым-катынастағы тегеуріңділігі. Бұл адамның әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқататын қасиет. Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірлігінен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы ретіңде сипатталады.
•Тұлға бағыт-бағдары – бұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағыт-бағдар жүйесі, өмірлік арқау еткен қажеттіліктері, әрекет-қылықтарына ықпал жасаушы құндылықтар мен -түрткілер, тұлғаның өмір жолы жүйесін құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері. Тұлғаның бағыт-бағдары-Адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы.
Оның түрлеріне-Құмарлық,Ниет,Ұмтылыс,.Қызығу,Бейімділік,Мұрат,Көзқарас,Наным жатады.
Құмарлық-бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы. Әдетте, құмарлық уақытша құбылыс, себебі мұндағы қажеттілік жоғалады немесе қалауға айналып саналы таңдалады.
Ниет-саналы қажетсіну,толық белгілі затқа құмарлық.
Ұмтылыс-ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады. Сол себепті, ұмтылыс әрекет етуге белгілі итермелеуші ретінде қарастырылады.
Қызығу-бағыт бағдардың қандай да затқа ауысуындағы танымдық форма. Қызығуға еріктік күш қосылса бейімділік пайда болады.
Көзқарас-қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану.
Наным-адамды өз танымы,принципі,көзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі,бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.
Тұлғалық бағыт-бағдарлар төмендегідей ерекшеліктерімен ажы-
ралады:
1. Тұлға қарым-қатынастарының әлеуметтік маңыздылығы,
олардың қоғамдық мәнділігі - күнделікті әрекет-қылығындағы ізгілік,
инабаттылық нышандары, тұлға адамгершілігінің прогресті әлеуметтік
идеяларға сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік саналылығы.
2. Тұлға қажетсінулерінің көп қырлылығы, оның қызығушылық
ауқымының кеңдігі мен негізгі қызықсыну бағдарының нақтылығы
– тұлғаның ізгілікті мұрат белгілеп, оған табанды ұмтыла білуі.
3. Қарым-қатынастарының тұрақтылық дәрежесі – тұлға
әрекеттерінің бірізділігі мен бірегей беріктілігі.
Әрқандай тұлғаның әрекет – қылығы мен мінездік ұстанымы оның
мұрат еткен өмірлік бағыт-бағдарына сай анықталады. Тұлғалық
бақыт-бағдар – бұл нақты адам санасының құндылықты орайласқан
категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенім-
дері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы
категория негізінде қалыптасып барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет