1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері



бет19/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
№1РК ПСИХОЛОГИЯ

Белсенділік[1] - белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс-әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне байланысты. Белсенділік, элементарлық белсенділік , биологиялық белсенділік , әлеуметтік белсенділік болып жіктеледі. Белсенділіктің бұл түрлерін өзінің қамтылу аясына қарай әр ғылым өз әдісіне сай зерттейді. Әлеуметтанудағы белсенділік адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттайтын негізгі белгілердің бірі. Мұны саяси белсенділік, әлеуметтік белсенділік және психикалық белсенділік деп бөледі: Саяси белсенділік - жеке түлғаның не әлеуметтік топтың саяси процеске араласу деңгейін білдіретін ұғым. Бұл белсенділік әлеуметтік топтың өзі көздеген мақсаттарына сай саяси жүйеге ыкпал етіп, оны өзгертуге ұмтылуынан байқалады. Әлеуметтік белсенділік - белгілі бір тарихи кезенде әлеуметтік топтың, қауымның қоғам алдына қойылған міндетті саналы түрде шешуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы. Әлеуметтік белсенділік қоғам өмірін әртүрлі аясында (саяси-қоғамдық істерде, еңбек, мәдениет және тұрмыс саласында) көрініс береді. Психикалық белсенділік - субъектінің ұстанған бағдарын жүзеге асыру барысыңдағы іс-әрекетінің жігерліліп. Ол жеке түлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай әсерленуіне, мінез-кұлқына, шешім қабылдау қабілетіне байланысты. Психологиядағы белсенділік - адамның сыртқы ортамен 93 қарым-қатынас жасауының сипаты. Бұл орайда белсенділік іс-әрекетпен байланысты бағаланады. Психологияда белсенділікті тұлға белсенділігі, ситуацияға үстем белсенділік , іздену белсенділігі, шектен асқан белсенділік деп бөледі. Тұлға белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым-катынастағы тегеуріңділігі. Бұл адамның әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқататын қасиет. Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірліпнен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы ретіңде сипатталады; ситуацияға үстем белсенділік - субъектінің ситуациялық алаптардьін деңгейінен биік болу қабілеті. Ситуацияға үстем белсенділік арқылы субъект іс-әрекеттің ішкі және сыртқы кедергілерін (мысалы, енжарлық самарқаулық селқостық, т.б.) жеңеді белсенділік тің бұл түрі шығармашылық жағдайларда, танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шекген аскан белсенділікте көрінеді; іздену белсенділігі болашағы беймәлім ситуацияны өзгертуге бағытталатын мінез. іздену белсенділігі - міңез-құлықтың көп типтерінің бірі болып табылады Оның психикалық көріністері - жоспарлау, киялдау, т.б.; шектен асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын, істің жоғары нәтижелігінің маңызды көрсеткіштерінін бірі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет