4.Психологияның зерттеу әдістері Психология əдiстерi. Ғылым ең алдымен зерттеу iсi. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пəнiн анықтаумен шектелмей, əдiстер аймағын тануды да қамтиды. Əдiстер дегенiмiз ғылымның пəндiк мазмұнын анықтаудың жолдары, тəсiлдерi. Ғылым əдiстерi жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негiзгi заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу əдiстерi ғылымның өзiмен бiрге дамып, өзгерiстерге келiп отырады.
Зерттеу əдiстерi қандай да бiр əдiснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылымипсихологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар келесiдей:
1. Құбылыстардың сыртқы көрiнiсi мен олардың iшкi табиғаты арасындағы толық сəйкестiктi таба бiлу;
2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психофизиологиялық принциптi негiзге алу шарт, бiрақ физиологиялық (биологиялық) бiлiмдер мен факторларды көмекшi құрал ретiнде пайдалану қажет;
3. Психологиялық зерттеулердiң, негiзiнен, адам əрекетiн əлеуметтiктарихи талдау нəтижесiне арқа сүйеуi;
4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, iсəрекетi жəне оларды қозғаушы күштердiң үздiксiз дамуы процесiнде нақтылау.
Əрқандай ғылым сияқты психология да қилы əдiстердiң тұтас жүйесiн пайдаланады. Қазiргi заман ғылыми психологиясында əдiстердiң келесi 4 тобы қолданымын табуда:
Ұйымдастыру əдiстерi өз iшiне салыстыру əдiсi (əрқандай топты жасы, қызметi ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд əдiсi (бiр адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстiк əдiс (зерттеуге əртүрлi ғылымдар өкiлдерi қатысып, бiр объекттi жанжақты, əртүрлi құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудiң нəтижесiнде сан қилы құбылыстар мен байланыстар жəне тəуелдi қатынастарды ашу мүмкiндiгi туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық жəне əлеуметтiк тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық əдiстер. Бұл топқа енетiндер: бақылау мен өзiндiк бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) əдiстер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, əңгiмелесу əдiстерi; шығармашылық, iсəрекет өнiмдерiн талдау əдiстерi; өмiрбаянымен танысу əдiстерi.
Деректердi өңдеу əдiстерi: сандық (статистикалық) жəне сапалық (алынған материалды топқа жiктеу, талдау) əдiстерi.
Реттеу түзету əдiстерi: аутотренинг, топ тренингi, психотерапиялық ықпал ету əдiсi, оқуүйрету əдiсi.
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады