1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері


Жоғары деңгейдегі сезімдер



бет13/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
№1РК ПСИХОЛОГИЯ

Жоғары деңгейдегі сезімдер тек адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Коғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-кұлқынан жиі көрінетін сезімдердің бipi адамгершілік сезімдер.
1.Адамгершілік немесе имандылық сезімдердін мазмұ­ны да, кұрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен коғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл eкeyi бip-бipiнe қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы мен ceніміi қалыптасқан адамда мұнын біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына:достық жолдастық,адалдық,ар-намыс,борыш,жауапкершілік, ұят т. б. жатады. Ар-намысты қорғау — адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түpi көбінесе қайсар, өжет, табанды әpi көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей куйіну, өзін жазғырып, жазалау — адамның тек өз басын кадір тұтқаннан туындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз со­нымен біpгe айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық — екіншінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Абай ұяттың eкi түpi бар дейді. оның бipi — надандықтан туатын; eкіншici — жағымсыз icкe,тepic кылыққа ұялу. Оның уғымынша ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын ұят ақыл-парасаттын ici.
2.Жоғары сезімдердің екінші бip түpi — эстетика­лық сезімдер. Эстетикалық сезім дегеніміз адам­ның шындықтағы қандай болмасын 6ip сұлулықты сезiнyi. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты,өміргe үйлесімді, әдемікөріністердегі тамашалау немесе табиғаттағы, көркем өнердегі әcipece, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. Эстетикалық сезімдер сондай-ақ сурет полотноларынан, скулыптуралық, архитектура- лық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. «Адамзатқа тән ерекше бip қасиет,— дейді. әл - Фараби,— өзін қоршаған дүниенің әсемдігін сырларына үнілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету».
3. Жоғары сезімдердің бұдан басқа бip түpi — интел­лект сезімдер. Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектін сезімнің турлеріне таңсыктау, білуге құмарлық, күштену, сезімділік, интуиция, ықтималдық, жаңашылдық, болжау т. б. сезімдер жатады.Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет