1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері


Ойлау мен сөйлеудің байланысы



бет7/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
9.Ойлау мен сөйлеудің байланысы

Л. С. Выготскийдің пайымдауынша, 2 жас шамасында ойлау мен сөйлеу арасындағы қатынастарда сыни өзгерісті кезең орын алады: сөйлеу зиятталған болып, ал ойлау - сөйлеуге айналады деп тұжырымдалады.


Екі қызметтің дамуындағы мұндай өзгерістің орын алғандығының белгілері болып баланың сөздік қорының тез және белсенді кеңеюі және осындай түрде қарым-қатынастық сөздігінің ұлғаюы табылады.
Бастапқыда сөйлеу мен ойлау әр түрлі қызмет атқарып, жекелей дамып отырған.
Сөйлеудің бастапқы функциясы қарым-қатынастық қызмет болған. Сөйлеудің өзі қарым-қатынас құралы ретінде адамдардың ортақ еңбегі үдерісіндегі іс-әрекеттерімен бөлу қажеттелігімен пайда болған.
Ойлау мен сөйлеуді психологиялық тұрғыда зерттеу барысында олардың арасындағы байланыс үлкен назар аудартты. Көптеген қазіргі ғалымдар сөйлеу мен ойлау тығыз байланысты болғанымен, олар өздерінің қызмет атқаруы бойынша тәуелсіз шындықтар деген компромиссті көзқарасты ұстанып келеді. Балалардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы дүниеге келген сәтінен бастап адамның көз алдында өтеді. Ойлау сөйлеуге себепші болып бір-бірін толықтырып, ойды жеткізеді. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады. 

10. Зейін мен ес,түрлері мен қасиеттері
Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді:
1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды.
2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет