Зейіннің түрлері: 1)ырықты. 2)ырықсыз. 3)үйреншікті.
Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді.
Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар: 1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.
Үйреншікті зейін.
Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.
Зейіннің қасиеттері.
1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.
2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді.
3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында.
4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы.
5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.
Ассоциацияның 3 түрі бар:
1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.
2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.
3)Қарама-қарсылық – бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады.
Естің түрлері.
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық
2.Мақсатқа қарай 2ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.
Ес қасиеттері
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың есте бекітүі (фиксация) адамның жеке өмірлік тәжірибесінің жиналуына байланысты.
Есте сақтау (ретенция)– жаңалық адамның санасында бұрыңғы бір нәрсемен байланыстыру. Бұрыңғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Бұны қайта жаңғырту (репродукция) дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көрген де болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртуды қиял деп атайды. Ұмыту дегеніміз – қабылдағанды, есте қалдырғанды еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп танылысуы.
Естің өзіндік ерекшеліктері бар: Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда 2 процесс бар: 1.Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу. 2.Ұмыту – баяу тез, баяу тез.
Достарыңызбен бөлісу: |