1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері


Психика деңгейлері: бейсана, астар сана, ашық сана



бет10/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
№1РК ПСИХОЛОГИЯ

13.Психика деңгейлері: бейсана, астар сана, ашық сана
Жалпы адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейдегі қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда бейсана, астар сана және ашық сана деп аталады.
Психикалық іс-әрекеттің бейсана деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті - рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет - қылықтар ой түсінімінде жоқ, яғни ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни - организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру).
Психикалық іс-әрекеттің астар сана деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары - ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі. Астар сана - бұл бойға сіңген қалыптар мен ұстанымдар, жоғары деңгейлі адамгершілік қасиеттер мен сапалар.
Ашық сана - бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену саласы. Ол көп жағдайларда адамның тума, табиғи құмарлықтары мен әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады.
14.Өзіндік сана: оның ерекшеліктері және құрылымы
Психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі-Сана. Сана психика дамуының жоғары түрі, еңбек ісәрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдықтарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрлымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады. Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым- қатынасында қоғамдық еңбек іс- әрекетті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.
Сана – жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның ерекше қасиеті
Жалпы психика бұл адам мен жануарларға өмірдегі заттар мен құбылыстардың әсер етуін бейнелейтін жалпы миымыздың қасиеті.
Ал сана бұл объективті шындықты тану болып табылады,яғни адам миының функциясы. Сана қоғамдық тарихи дамудың өнімі, жемісі, психика дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады.
Бұл қаншалықты идеалдық құбылыс болғанымен,белгілі бір материалдық негізсіз өмір сүре алмайды.
Сана еңбек және тілдің дамуымен пайда болады.Ерекшелігіне байланысты оның үш жағы бар
Біріншісі-өзіндік сана
Екіншісі-сананыңзаттылығы
Үшінші бұл-сана сатысыз күйзеліс тасқыны текті ягни рух пен жанның ерекшелігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет