1. Психологиядағы ерік түсінігі Ерікті актінің құрылымы



бет4/5
Дата17.11.2022
өлшемі33,49 Kb.
#50755
1   2   3   4   5
Психологияда сезімді - моральдық (адамгершілік), интеллектуалды (танымдық), эстетикалық деп бөледі. Моральдық сезімдердегеніміз - қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көніл - күйі. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те атайды. «Мораль» - «морале» деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адамгершілік сезімі қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік сезім көрнісінен байқалып тұрады. Адамгершілік сезімдердің ерекшелігі -. Олар ойда және тебіреністерде ғана емес, сондай-ақ адам өзінің барлық күші мен энергиясын жұмсайтын белсенді әрекетте де жүзеге асады. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Интеллектуалдық сезімі (ақыл-ой) адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның іздемпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушыдық маңызы зор көңіл-күй. Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл - күй, әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләзаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Эстетикалық сезім мазмұны мен мән-мағынасы және түр - сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүнисеінде бейнеленіп, оның мінез - құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл - күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістеуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің не ғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен қасиеттері. Өмір суру процесінде қалыптасатын сезімдер жүйесі мен типтік эмоциялық күйлер жеке адамның эмоциялық жағын құрайды. Индивидуалды ЭМОЦИЯЛЫҚ көріністердің көптеген түрлерінің арасынан жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен эмоциялық қасиеттерін бөліп қарастырады. Эмоциялық ерекшеліктерге эмоциялық ҚОЗҒЫШТЫҚ, ЭМОЦИЯЛЫҚ албырттық пен аффектілік, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық реакцияның күші, қарқыны мен ырғағы, эмоциялық сергектік жатады. Эмоциялық ерекшеліктер нерв жүйесінің типімен негіздес. Ең алдымен мінез - құлықтан солар байқалады және ерекше қиыишылықсыз ақ көзге түседі. Егер адамдардың қатынастары мен сезімдерін ұғыну қиынға соғатын болса, эмоциялық ерекшеліктер мінез - құлықта тікелей көрініс береді, сондықтан оңай көзге түседі. Жеке адамның эмоциялық қасиетіне әсерденгіштік, қайырымдылдық, сондай-ақ адамның көптеген көріністеріне, тіпті оның бүкіл психикалық келбетіне ізін қалдыратын эмоциялық сапалар және олардың жиынтығы жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет