1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


Құрылыс  жобасы  (құрылыстық  жоба)  –



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,73 Mb.
#3353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Құрылыс  жобасы  (құрылыстық  жоба)  –  көлемдік-жоспарлық,  құрылымдық, 
технологиялық,  инженерлік,  табиғат  қорғау,  экономикалық  және  өзге  де  шешімдерді 
қамтитын  жобалау  (жобалау-сметалық)  құжаттамасын,  сондай-ақ  құрылысты  ұйымдастыру 
мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық 
есептеулерді қамтиды.
Құрылыс жобаларына  мыналар:
- аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын өңдеп шығарған 
объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары;
-  мердігерлік  жобалау  (жобалау-іздестіру)  немесе  құрылыс-құрастыру  жұмыстарының 
сатып  алуларын  (мемлекеттік  сатып  алуларын)  жүргізу  кезінде  әлеуетті  жабдықтаушының 
басқа  да  ұсыныстарын  және  конкурс  өтінімдерінің  құрамындағы  жобалау  материалдары 
(нобайлық жобаларды қосқанда) жатады.
Техникалық күрделі объектілерді салу жобасы – мақсаттылығы мен жауапкершілік 
дәрежесіне  байланысты  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  бекітілген    тәртіпте 
техникалық күрделі санатқа жатқызылған  ғимараттар мен құрылыстар құрылысының жоба-
лау немесе жобалау-сметалық құжаттамасы.
Жобалау-іздестіру  жұмыстары  –  жобалау  және  құрылыс  үшін  қажетті  инженерлік 
іздестірулер жүргізу, сондай-ақ құрылысқа арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-
сметалық) қала құрылысы жобаларын (қала құрылысын жоспарлау) әзірлеу бойынша жұмыс-
тар кешені.
Іске қосылатын кешен – объектінің құрылысы толығымен аяқталғанға дейін пайдала-
нуға  берілуі  мүмкін    құрылыс  объектісінің    аяқталған  бөлігі  (құрылыстың  немесе  оның 
кезегінің бөлігі болып табылатын объектілердің топтары мен олардың бөліктері).
Қолданыстағы  кәсіпорынды  кеңейту  –  жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорынның  және 

33
ҚР ҚН 1.02-03-2011
онымен  жанасып  жатқан  аумақта  немесе  оқшауланған  алаңдарда    пайдалануға  берілгеннен 
кейін дербес теңгерімде болмайтын қосымша өндірістер мен жекелеген объектілерді салу.
Қайта  жаңарту  –  тұру  жағдайларын,  көрсетілетін  қызмет  сапасын  жақсарту,  қызмет 
көлемін  жетілдіру  мақсатында  ғимараттың  негізгі  технико-экономикалық  көрсеткіштерін 
(пәтерлердің  саны  мен  көлемін,  құрылыс  көлемін  және  ғимараттың  жалпы  көлемін, 
сыйымдылығын немесе өткізу қабілеттілігін немесе оның пайдалану мақсатын (өзгертумен) 
байланысты құрылыс жұмыстары мен ұйымдастыру-техникалық шаралардың жиынтығы.
шығындар  жиыны  –  құрылыстың  жалпы  сметалық  құнын  анықтайтын  және  кешен 
құрамына  жататын  объектілер  құрылысының  жиынтық  сметаларын  біріктіретін  сметалық 
құжат.
Жиынтық  сметалық  есеп  –  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкес  құрастырылатын 
және  осы  құрылысты  жоспарлау  мен  қаржыландыруға  негіз  болатын  (мердігердің  және 
тапсырыс берушінің шығындарын қосқанда), құрылыстарды салудың жалпы сметалық құнын 
анықтайтын сметалық құжат.
Сметалық  құжаттама  –  жоба  алдындағы  сатыда  немесе  жобаланатын  объектілердің 
(ғимараттардың, құрылыстардың, кешендердің және коммуникациялардың) немесе олардың 
кезек бойынша жоспарланған сметалық құрылыс құнын анықтау үшін әзірленетін құжаттама.
Сметалық  есеп  –  тапсырыс  берушінің  шығындарын  есепке  алмағанда  («жиынтық 
сметалық  есепті»  салыстыру  үшін  қараңыз),  жобада  қарастырылған  барлық  объектілерді 
пайдалануға енгізу үшін құрылысқа қажетті жалпы сметалық құнын анықтайтын сметалық 
құжаттама.
Құрылыс (қызмет саласы ретінде) – жаңа объектілер салу және (немесе) қолданыста бар 
объектілерді  (  ғимараттарды,    құрылыстар    мен  олардың  кешендерін,  коммуникацияларды) 
өзгерту  (кеңейту,  жаңғырту,  техникалық    қайта  жарақтандыру,  қайта  жаңарту,  қалпына 
келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды 
монтаждау  (бөлшектеу),  құрылыс  материалдарын,  бұйымдар  мен  құрылғыларды  дайындау 
(өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын 
өңдеп  шығарған  объектілерді  кейіннен  кәдеге  жарату  жұмыстарын  жүзеге  асыру  жолымен 
өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет.
Құрылыс  (жобаны  іске  асыру  ретінде)  –  құрылыс-монтаждау  жұмыстарын  (құрылыс 
басталған  уақыты)  жүргізуге  рұқсат  алу  кезінен  бастап  салынған  объектіні  пайдалануға 
енгізгенге дейінгі (объектіні пайдалануға қабылдау) немесе құрылысты тоқтатудың басқа да 
нысанының (тоқтатып қою, бөлшектеу, кәдеге жарату) ұзақтылық мерзімі бойынша шектеулі 
жылжымайтын мүлік объектісін құру (тұрғызу) үрдісі.
Инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) – инвестициялау 
мақсатының  сипаттамасы  бар  негізгі  бастапқы  деректерді,  инвестицияның  тиімділік 
негіздемесін, соның ішінде: объектінің қызмет ету аясынан күтілетін экономикалық, әлеуметтік 
және  (немесе)  коммерциялық  әсерін,  сондай-ақ  құрылыс  объектісінің  негізгі  объектінің 
техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау есебін қамтитын алдын-ала құжаттама.
Типтік  жоба  –  объектілердің  негізгі  көрсеткіштері  және  мақсатына  байланысты 
ұқсастығына қарай үздік құрылыс жобаларының қатарынан таңдап алу нәтижелері бойынша 
қабылданған ең тиімді (оңтайлы), экологиялық  жағынан дәулетті және экономикалық тиімді 
жобалық  (көлемдік-жоспарлау,  сәулеттік-құрылыстық,  технологиялық,  инженерлік  және 
инженерлік-техникалық) шешімдер есебімен әзірленген, жергілікті құрылыста қолдану үшін 
белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы.
Мемлекеттік  нормативтермен  белгіленген  тәртіпте  байламдалған  типтік  жоба  жұмыс 
жобасы болып табылады.
Эксперименттік  объект  –  құрылыстың  жаңа  жобалау  шешімдерін  және  (немесе) 
әдістерін зерделеу мен тексеру, сондай-ақ бұрын өткізілген зерттеулердің және (немесе) ал-

34
ҚР ҚН 1.02-03-2011
дын-ала зерттеу сынақтарының нәтижелерін практикада (құрылыс барысында және анықталған 
пайдалану кезеңінде) қуаттау мақсатында таңдауды жүзеге асыратын жобалау және (немесе) 
құрылыстың тәжірибелі (сынама) объектісі.
Эксперименттік  құрылыс  объектілері  елді  мекеннің  тіршілік  әрекетінің  жағдайын 
жақсарту  мен  жетілдіруге,  технологиялық,  техникалық  және  ғылыми  жетістіктерді  енгізу 
жолымен  қоршаған  ортаның  жағдайын  қалыптастыруға  бағытталып,  шектелген    аумақта 
шоғырланған  (өнеркәсіптік  тораптар,  елді  мекеннің  аймағы,  шағын  ауданның  немесе  басқа 
да  қала  құрылыстық  кешендердің)  кәсіпорындар  кешендері,  ғимараттар  және  құрылыстар 
топтары,  бөлек  тұрғызылған  ғимараттары  және  құрылыстары,  сәулеттік,  құрылыстық, 
инженерлік және (немесе) технологиялық шешімдері болуы мүмкін.
Жобалар сараптамасы (сондай-ақ «жобалардың мемлекеттік сараптамасын қараңыз») – 
тапсырыс берушінің (инвестордың) жобаны қаржыландыру орындылығы және оны іске асыру 
туралы шешім қабылдауының жоба алдындағы немесе жобалау құжаттамасын әзірлеу кезеңі. 
Сараптама инвестициялар құжаттамасына талдау жүргізуге және оның тиімділігін белгілеуге, 
сондай-ақ жобалардың сапасын олардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адам-
ның тіршілік етуіне қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды, жобаланып отырған объекті-
лердің  тұрақты  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  мемлекеттік  нормативтердің 
шарттары мен талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу жолымен бағалау.
Нобай (нобайлық жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, 
құрылымдық,  инженерлік,  безендіру  немесе  басқа)  шешімнің  жеңілдетілген  схема,  сызба, 
бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін 
түрі.
Сарапшылық сүйемелдеу режимінде жобалау құжаттамасын сатылы түрде әзірлеу 
кезеңі  –  жобалау  құжаттамасының  белгілі  (анықталған)  жинағы,  ол  бойынша  жергілікті 
қорытынды беріле алады, ескертулер жоқ болған жағдайда ол тапсырыс берушінің жобаның 
осы бөлігін аралық түрде бекітуіне негіз болады.
Құрылыс ұзақтылығы 3 жылдан көп техникалық күрделі объектілерді сатылы іске 
асыру кезеңі – бір немесе бірнеше іске қосылатын кешендер немесе құрылысы үш жылдың 
шегінде болатын құрылыстың кезегі.

35
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Б қосымшасы 
(міндетті)
Өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалауға тапсырма 
_______________________________________________________________________
( объект, ғимарат және құрылыстардың атауы мен орналасқан жері)
№ р/с
Негізгі деректер мен талаптардың тізбесі
1
Жобалауға арналған негіздеме.
2
Құрылыс түрі.
3
Жобалау кезеңдері.
4
Нұсқалық және байқау әзірлемесіне қойылатын талаптар.
5
Құрылыстың айрықша жағдайлары.
6
Объектінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде 
қуаттылық, өнімділік, өндірістік бағдарлама.
7
Инженерлік жабдыққа негізгі талаптар.
8
Өнімдердің  бәсекелестік  қабілеттілігі  сапасы  мен  экологиялық  өлшемдеріне 
қойылатын талаптар.
9
Технологияға, кәсіпорын тәртібіне қойылатын талаптар.
10
Мүгедектер үшін тіршілік ету ортаға қолжетерлік жағдайларын ескеріп, 
сәулеттік-құрылыстық, көлемді-жоспарлау және үйлесімді шешімдерге 
қойылатын талаптар.
11 
Құрылыстың ұйымының талаптар және өңдеуiн көлемі 
12
Кезектілік және іске қосылатын кешендерді бөліп көрсету, кәсіпорындарды 
болашақта кеңейту жөніндегі талаптар.
13
Табиғатты қорғау шаралар мен іс-шараларын әзірлеудегі талаптар мен 
жағдайлар.
14
Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы тәртібіне қойылатын талаптар.
15
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын және төтөнше 
жағдайлардың, басқа да қорғау шаралардың алдын-алу жөніндегі шараларды 
әзірлеуге қойылатын талаптар.
16
Ғылыми-конструкторлық және тәжірибелік-үйлесімдік жұмыстарын орындау 
жөніндегі талаптар.
17
Энергияны сақтау жөніндегі талаптар.
18
Көрініске қойылатын материалдардың құрамы.
ЕСКЕРТПЕ
Жобалау  тапсырмасының  құрамы  салалық  ерекшелігі  мен  құрылыс  түрін  есепке  алу  арқылы  белгі-
ленеді.
Тапсырыс  беруші  жобалау  ұйымына  жобалау  тапсырмасымен  бірге  осы  нормативтің  5.4  бабында 
көрсетілген  жобаны  ұйымдастырудың  бастапқы  материалдарынан  басқа  келесі  құжаттар  мен 
мәліметтерді:
- белгіленген тәртіп бойынша бекітілген құрылыс объектісінің техникалық-экономикалық негіздемесі 
(инвестициялар) немесе басқа да жобаның алдыңғы құжаты;

36
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- объектіні орналастыру орнының алдын-ала келісілгені туралы жергілікті атқарушы үкімет органы-
ның шешімін; 
-  құрылысқа  арналған  жер  телімін  (трассаны)  таңдау  актысы  және  оған  қоса  тапсырылатын 
материалдарды;
- объектінің құрылысы туралы шешімді жұртшылықпен талқылау туралы мағлұматтарды;   
- жабдықтар, соның ішінде жеке жасалған жабдықтар жөніндегі бастапқы деректерді; 
- технологиялық үрдістер мен жабдықтарды жасауға байланысты орындалған ғылыми-зерттеу және 
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі қажетті деректерді
- түгендеу материалдары, ғимараттар мен құрылыстарды бұзу және бұзылатын үйлер мен ғимараттар 
үшін  төленетін  өтем  сипаты  туралы  жергілікті  атқарушы  органдардың  бағалау  актылары  мен 
шешімдерін; 
-  жергілікті      әкімшілік    және    мемлекеттік    қадағалау  органдарынан  алынған  материалдарды, 
соның  ішінде  әлеуметтік-экономикалық  жағдай,  табиғат  жағдайы  және  табиғи  орта  жағдайының 
сипаттамасын, ластау көздері туралы деректерді және табиғатты қорғау органдарының талаптарына, 
құрылыс  салынатын  аудандағы  санитарлық-эпидемиологиялық  жағдайға  сәйкес  келетін  басқа  да 
мағлұматтарды; 
- инженерлік іздестірулердің және тексерулердің қолда бар материалдарын, жер теліміндегі ғимарат-
тар мен құрылыстардың, [жер асты және жер үсті желілері мен коммуникациялардың өлшем сызбала-
рын; 
- кәсіпорын өнімдерінің сызбалары мен техникалық сипаттамаларын;  
- жұмыс істеп тұрған өндірістерді,  ғимараттар мен құрылыстардың  құрастырмаларын тексеру нәтижесі 
бойынша қорытындылар мен жасалған материалдарды; 
-  жабдықтардың  ерекшелігіне  және  олардың  жағдайы  туралы  мағлұматтарға  сәйкес  жұмыс  істеп 
тұрған цехтарды, жер телімдерін технологиялық жоспарлау, жұмыс орнындағы еңбек жағдайы туралы 
деректерді; 
-  уақытша  ғимараттар  мен  құрылыстарды,  көтеру  көлік  машиналары  мен  тетіктерін  орналастыру, 
құрылыс материалдарын қоймалауға арналған орындардың шарттарын; 
- тараптармен (тапсырыс беруші мен мердігермен) келісілген басқа да материалдарды береді.

37
ҚР ҚН 1.02-03-2011
В қосымшасы 
(міндетті)
Тұрғын үй азаматтық мақсаттағы объектілерді
 жобалауға арналған тапсырма 
_______________________________________________________________________
( объект, ғимарат және құрылыстардың атауы мен орналасқан жері)
№ р/с
Негізгі деректер мен талаптар тізбесі
1
Жобалауға арналған негіздеме.
2
Құрылыстың  түрі.
3
Жобалау кезеңдері.
4
Нұсқалық және байқау талдамасы бойынша талап.
5
Құрылыстың айрықша жағдайлары.
6
Негізгі  техникалық-экономикалық  көрсеткіштер,  соның  ішінде  тұрғын 
үйлер немесе қоғамдық ғимараттар, олардың пайдаланылу мақсаты, өлшемі 
мен сипаттамасы (қабаттар, бөліктер мен пәтерлердің саны, сыйымдылығы, 
өткізу  қабілеттілігі,  сауда  алаңы).  Тұрғын  ғимараттардың  пәтерлерінің 
негізгі түрлері және олардың өзара қатынасы.
7
Тұрғын  ғимараттарға  кіріктіріліп  салынған  азаматтық  мақсаттағы 
объектілердің мақсаты және түрлері, олардың қуаты, сыйымдылығы, өткізу 
қабілеті, бөлмелердің құрамы және алаңы, құрылыстың  көлемі.
8
Ғимараттың  кеңістіктік-көлемдік  шешімдеріне,  оқшаулау  жағдайына, 
әрлеуге қойылатын талаптар.
9
Технологиялық  жабдықтарға  қойылатын  негізгі  талаптар,  соның  ішінде: 
негізгі  өлшемдер,  техникалық  және  қолдану  мінездемелері,  сервистік 
қызмет керсетуі.
10
Құрылыс ұйымының талаптары мен өңдеуінің көлемі
11
Инженерлік жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар 
12
Кезектілік, оның ішінде: іске қосу кешені мен кезеңдері  
13
Халықтың  аз  бейімделген  топтарының  тіршілік  етуіне  жағдай  жасау 
жөніндегі талаптар.
14
Алаңды абаттандыру мен сәулеттік шағын нысандарға қойылатын талаптар.
15
Азаматтық 
қорғаныстың 
инженерлік-техникалық 
және 
төтенше 
жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларын әзірлеу жөніндегі талаптар.
16
Көрсетілетін  материалдарды  жасау,  олардың  құрамы  мен  нысаны;  жоба-
лау  мен  құрылыс  салу  процесінде  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-
конструкторлық  жұмысты  орындау;  объектіде  экологиялық  және  санитар-
лық-эпидемиологиялық шарттарды орындау қажеттілігі туралы талаптар.
17
Энергияны үнемдеу жөніндегі талаптар.

38
ҚР ҚН 1.02-03-2011
ЕСКЕРТПЕ
  Тапсырыс  беруші  жобалау  ұйымына  жобалау  тапсырмасымен  бірге  осы  нормативтің  5.4  бабында 
көрсетілген  жобаны  ұйымдастырудың  бастапқы  материалдарынан  басқа  келесі  құжаттар  мен 
мәліметтерді:
- белгіленген тәртіп бойынша бекітілген құрылыс объектісінің  техникалық экономикалық негіздемесі 
(инвестициялар) немесе басқа да жобаның алдыңғы құжаты;
-  құрылыс телімін егжей-тегжейлі жоспарлаудың бекітілген жобасының қолда бар материалдарын; 
-  құрылыс  телімінің  топографиялық  түсірулердің  қолда  бар  материалдары  мен  геологиялық  және 
гидрогеологиялық іздестірулер деректерін;
- қолданыстағы және сақталатын құрылыстар әрі жас көшеттер жөніндегі материалдарды;
-  жер  телімінде  орналасқан  ғимараттар  мен  құрылыстар  жер  асты  және  жер  үсті  жүйелер  мен 
коммуникациялардың қолда бар  өлшемдік сызбалары, техникалық күйін бағалау және зерттеу туралы 
материалдарды; 
- жабдықтар, соның ішінде жеке жасалған жабдықтар жөніндегі бастапқы деректерді; 
- қоршаған ортаның ахуалдық жайы, адамдардың тұру жайлылығы, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы 
объектілер құрылысы маңында техногенді объектілердің және ықтималды апаттық оқиғалар кезінде 
олардың әсері тиетін аймақтардың болуы туралы мағлұматтарды;
- тараптармен (тапсырыс беруші мен мердігермен) келісілген басқа мәліметтер мен талаптар (тапсы-
рыс беруші мен мердігердің) материалдарды береді.

39
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Г қосымшасы 
(ақпаратты)
Өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысының жобасына (жұмыс 
жобасына) енгізіп бекітілген техникалық-экономикалық 
көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі 
№ р/с
Көрсеткіштің атауы
Өлшем 
бірлігі
Мәні
Ескерту
1
2
3
4
5
1
Кәсіпорын қуаты, өнімнің жылдық шығарылымы: 
құнға шаққанда нақты есептегенде.
сәйк.бірлік 
млн. теңге
2
Жер телімінің жалпы ауданы.
га
3
Құрылыс салу коэффициенті.
%
4
Ғимараттың (құрылыстың) жалпы алаңы 
(ұзақтылығы), соның ішінде:
өндірістік мақсаттағы негізгі объектілер 
бойынша.
сәйк.бірлік 
м
2
5
Жұмыс істеушілердің жалпы саны, соның ішінде 
жұмысшылардың.
адам
6
2001 жылғы базалық бағадағы құрылыстың 
жалпы сметалық құны, соның ішінде: құрастыру 
ҚМЖ; жабдықтар.
млн. теңге
7
Құрылыстың ________ жылғы  ағымындағы 
бағалардағы жалпы сметалық құны, соның 
ішінде: құрастыру ҚМЖ; жабдықтардың.
млн. теңге
8
Құрылыстың ұзақтығы.
айлар
ЕСКЕРТПЕ
1  Кәсіпорындарды,  ғимараттар  мен  құрылыстарды  кеңейту,  қайта  жаңарту  және  кәсіпорындар, 
ғимараттар  мен  құрылымдарды  техникалық  қайта  жарақтандыру  жобалары  бойынша  техникалық-
экономикалық  көрсеткіштер  (ТЭК)  объектілер  көрсеткіштерінің  өсуіне  (кемуіне)  және  өзгертілу 
есебіне сәйкес келтіріледі. 
2 Құрылыс объектісінің өндірістік мақсатына байланысты  ТЭК тізіміне объектінің басқа да негізгі 
көрсеткіштері төмендегі түрде:
- қазандықтар үшін – қазандық агрегатының түрлері және саны, отын түрі (негізгі және резервтік);
-  инженерлік  құрылымдар  үшін  –  өнімділік  (тәуліктік,  жылдық),  трассаның  ұзақтылығы  және  
жүргізілген құбырдың  жалпы ұзындығы. 
3 ТЭН (ИН) жоқ болған жағдайда ТЭК тізіміне және объект құрылысының қаржылық көрсеткіштік 
жобасы да қосылуы мүмкін.

40
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Д қосымшасы 
(ақпаратты)
Қоғамдағы ғимараттар және құрылыстар үшін (азаматтық мақсаттағы) 
құрылыс жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, бекітілген техникалық-
экономикалық көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі 
№ р/с.
Көрсеткіштің атауы
Өлшем бірлігі
Мәні
Ескерту
1
2
3
4
5
1
Қуаты, сыйымдылығы, өткізу 
қабілеттілігі.
сәйк. бірлік 
млн. теңге
 2
Жер телімінің жалпы ауданы.
га
3
Ғимараттың жалпы ауданы.
шаршы метр
4
Ғимараттың пайдалы ауданы.
шаршы метр
5
Құрылыстың  көлемі.
м
3
6
2001 жылғы базалық бағадағы 
құрылыстың жалпы сметалық 
құны, соның ішінде: құрастыру 
ҚМЖ: жабдықтар: басқалар.
млн. теңге
7
Құрылыстың ________ жылғы  
ағымындағы бағалардағы жалпы 
сметалық құны, соның ішінде: 
құрастыру ҚМЖ; жабдықтардың.
млн. теңге
8
Құрылыстың ұзақтығы.
ай
ЕСКЕРТПЕ
1.  Кеңейту,  қайта  жаңарту  жобалары  бойынша  техникалық-экономикалық  көрсеткіштер  (ТЭК) 
объектінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеруі мен өсуін (кемуі) есепке алып, келтірілген.
2.  Құрылыс  объектісінің  мақсатына  байланысты  ТЭК  тізіміне  объектінің  негізгі  көрсеткіштері 
қолданыстағы нормативтерге сәйкес қосылуы тиіс.
3. ТЭН (ИН) жоқ боған жағдайда ТЭК тізіміне және объект құрылысының қаржылық көрсеткіштер 
жобасы да қосылуы мүмкін.

41
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Е қосымшасы 
(ақпаратты)
Тұрған ғимараттар құрылысының жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, 
бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштердің шамамен 
алғандағы тізімі 
№ р/с
Көрсеткіштің атауы
Өлшем бірлігі
Мәні
Ескерту
1
2
3
4
5
1
Ғимараттың қабаттылығы.
қабат
2
Салынатын ауданы.
шаршы метр
3
Ғимараттың жалпы алаңы, соның ішінде 
ғимараттың тұрғылықты бөлігінің жалпы 
ауданы.
шаршы  метр
4
Пәтерлердің жалпы ауданы.
шаршы метр
5
Ғимараттың құрылыс көлемі, соның ішінде 
ғимараттың тұрғылықты бөлігінің.
м
3
6
Пәтерлер саны, оның ішінде:
1 бөлмелі
2 бөлмелі
3 бөлмелі
4 бөлмелі
5 және одан көп  бөлмелі.
дана
7
2001 жылғы базалық бағадағы құрылыстың 
жалпы сметалық құны, соның ішінде: ҚМЖ.
млн. теңге
8
Құрылыстың ________ жылғы  ағымындағы 
бағалардағы жалпы сметалық құны, соның 
ішінде: құрастыру ҚМЖ; жабдықтардың.
млн. теңге
9
Құрылыстың  ұзақтығы.
айлар
 
ЕСКЕРТПЕ
1 Кеңейту, қайта жаңарту жобалары бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштер (ТЭК) объектінің 
негізгі көрсеткіштерінің өзгеруі мен өсуін (кемуі) есепке алып, келтірілген.
2 Қосып  және кіріктіріп салынған  бөлмелердің  болуына байланысты ТЭК тізбесіне объектінің басқа 
да негізгі көрсеткіштері қосылуы мүмкін.
3 Қаржыландыру кездерін бөлу кезінде көлемдік және құндық керсеткіштері қаржыландыру кездері 
бойынша бөлек келтіріледі.

42
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Ж қосымшасы
(ақпаратты)
Автомобиль жолдары құрылыс жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, 
бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштердің шамамен 
алғандағы тізімі 
 
№ р/с
Көрсеткіштің атауы
Өлшем бірлігі
Мәні
Ескерту
1
2
3
4
5
1
Құрылыс ұзындығы.
шақырым
2
Жолдар санаты.
3
Қозғалыс жолағының саны.
дана
4
Жер төсемінің ені.
м
5
Жүру бөлігінің ені.
м
6
Жол киімінің түрі.
7
Төсемнің түрі.
8
2001 жылғы базалық бағалар деңгейіндегі 
құрылыстың сметалық құны, соның 
ішінде ҚҚЖ.
млн. теңге
9
Құрылыстың ________ жылғы  
ағымындағы бағалардағы жалпы 
сметалық құны, соның ішінде: құрастыру 
ҚМЖ; жабдықтардың.
млн. теңге
10
Нормативтік құрылыстың  ұзақтығы.
ай
ЕСКЕРТПЕ
1 Кеңейту, қайта жаңарту жобалары бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштер (ТЭК) 
объектінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеруі мен өсуін (кемуі) есепке алып, келтірілген. 
2 ТЭН (ИН) жоқ болған жағдайда ТЭК тізіміне және объект құрылысының қаржылық көрсеткіштер 
жобасы да қосылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет