5
ҚР ҚН 1.02-03-2011
келісуін дәлелдейтін құжатта жобалау объектісі, оның мақсаты, берілген параметрлері (қуаты,
сыйымдылығы, өткізгіштік қабілеті және жобаланатын объектіні сипаттайтын басқа да
негізгі көрсеткіштері), жоспар бойынша орналасу орны, нормативтік шешімдердің орнына
қолданылатын альтернативті жобалау шешімдері, сонымен қатар белгіленген нормалардан
ауытқудың (ауытқуға берілген рұқсаты) деректерін келісу туралы шешім қабылданған негізде-
ме (құжаттық дәлелдемелер – сәйкестендіру сертификаттары, сынақ хаттамалары, сараптама
қорытындылары, ҒТК Өкілетті органының қаулылары және т.б.) көрсетіледі.
5.10 Жобалау құжаттамасының графикалық материалдарының (негізгі сызбаларының)
әрбір бөлімдері (маркасы) бойынша «Жалпы деректер» парақтарында жобаның бас инженері-
нің (жобаның бас сәулетшісінің) қолы қойылған жобаның (Ж) жоба жұмысының (ЖЖ)
мемлекеттік нормативтік талаптарға (Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік
нормативтер мен (немесе) мемлекетаралық нормативтерге) сай келетіндігі туралы жазу болуы
қажет.
Жалпы түсініктеме жазбахатының титул парағында жобалау (бас жобалау) ұйым
басшысының, жобаның бас инженерінің (жобаның бас сәулетшісінің) және жобалық
құжаттаманың (жобаның, жұмыс жобасының) әр бөлімнің (маркасының) жауапты
орындаушысының қолдары болуы тиіс.
Көрсетілген жазбалар, құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы жүйесінің стандар-
тына (бұдан әрі – ҚЖҚЖ) сәйкес рәсімделеді.
5.11 Жобалау құжаттамасының материалдарында күші жойылған типтік жобалар
немесе типтік жобалау шешімдеріне (типтік құрылыс конструкцияларына, бұйымдарына,
тораптарына) сілтеме жасауға рұқсат етілмейді.
5.12 Дайындалған жобалау құжаттамасына жобалау басталған уақыттан кейін қолданыс-
қа енгізілген (күшіне енген) жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік және мемлекет-
аралық нормативтердің нормаларының және ережелерінің Қазақстан Республикасының
заңдарымен қарастырылмаған басқа да жағдайлар болмаса қатысы болмайды.
Жобалау жұмыстарының басы болып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс-
інде көзделген мердігерліктің ерекшелігіне сәйкес тапсырыс беруші мен орындаушының
арасында жасалған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған келісім-шарттың
күшіне ену күні саналады.
Бұл ретте тапсырыс беруші мердігерге бекітілген жобалауға арналған тапсырманы,
сонымен қатар басқа да жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға арналған бастапқы
мәліметтерді беруі қажет.
5.13 Қолданысқа енгізілген жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік немесе
мемлекетаралық нормативтер, тапсырыс берушінің басты мақсаттарынан бас тартуға
негіздемесі болмаған жағдайда, жобалау үдерісіне бас жоба әзірлеушінің шешімі мен келісімі
бойынша, нормативтік талаптардың өзгерістеріне байланысты жобалау құжаттамасына
уақытылы түзетілімдер енгізу шаралары жүргізілуі мүмкін.
6 Жобалық құжаттаманы келісу тәртібі
6.1 Осы құрылыс нормасының 5.10 тармағында қарастырылған жобаның (Ж) немесе
жұмыс жобасының (ЖЖ) мемлекеттік (Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы
мемлекетаралық) нормативтер талаптарына сәйкестігі туралы жобаның бас инженерінің
(жобаның бас сәулетшісінің) жазбасы бар әзірленген жобалау құжаттама бойынша Қазақстан
Республикасының заңында қарастырылған жағдайлардан өзге, мемлекеттік органдар немесе
басқа да инстанциялармен қосымша келісім жасасу көзделмеген.
6.2 Заңда ерекше ескертілген жағдайда, арнайы мақсаттағы объектілер құрылысы үшін
6
ҚР ҚН 1.02-03-2011
дайындалған жобалау құжаттамасына, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының
қосымша келісімі бойынша сәйкестендірілген талаптары белгіленуі мүмкін.
6.3 Егер қолданыстағы объектілерді қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыру-
ға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы қосымша жер телімдерін
бөлуді (аумақты кесіп алуды), көлік және коммуникация байланыстарын өзгертуді талап
етпеген жағдайда, бастапқыда негізі салынған сәулеттік-көркемдік, инженерлік-техникалық,
өртке, жарылысқа қарсы және санитарлық сапаларын, сондай-ақ қоршаған ортаның күйін
нашарлатпаған жағдайда, мемлекеттік қадағалау органдары мен басқа да мамандандырылған
ұйымдармен қосымша келісім жүргізілмейді.
7 Жобалық құжаттаманы бекіту тәртібі
7.1 Жобалау құжаттамасын әзірлеу оны заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген соң
аяқталды деп есептеледі.
7.2 Белгіленген тәртіпке сай міндетті келісулерден өткен жобалау құжаттамасын бекіт-
кенге дейін, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңда басқасы ұйғарылмаса,
оған сараптама жүргізіледі.
Сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сай жүргізіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің ерекше құзіретіне
жатқызылған объектілерге міндетті мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының
өкілетті заңды тұлғасы іске асырады.
Жобалау мен құрылысы сатылы түрде жүргізілуі ұйғарылған объектілер мен кешендерге
мемлекеттік сараптама сәйкестендірілген кезеңдермен іске асырылуы мүмкін (сараптамалық
сүйемелдеу).
Сараптамалық сүйемелдеуді іске асыру тәртібі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
істері жөніндегі өкілетті органдар бекіткен мемлекеттік нормативтермен анықталады.
Әр кезеңдегі құжаттар жиынтығының сараптамалық сүйемелдеу режимінде жасалған
жергілікті қорытындыларда мемлекеттік сараптама ескертулерінің болмауы, тапсырыс беру-
ші үшін жобаның осы бөлігін аралық бекітуге және құрылысты бастауға немесе жалғастыруға
негіз болып табылады.
Сараптамалық жұмыс нарығының субъектілері мемлекеттік сараптаманың ерекше
құзіретіне жатқызылмаған жобалардың сараптамасын жүргізе алады.
7.3 Міндетті сараптамадан (мемлекеттік сараптамадан) өтуге тиіс, алайда одан
белгіленген тәртіп бойынша өтпеген құрылыстың жобалау құжаттамасы аяқталмаған деп
саналып, бекітілуге жатқызылмайды және әрі қарай іске асырылмайды.
7.4 Объекті құрылысына арналған жобалау құжаттамасы мемлекеттік сараптаманың оң
қорытындысын алған уақыттан үш айдан аспайтын мерзімнің ішінде бекітуге ұсынылуы тиіс.
7.5 Жобалау, сәулет-жоспарлау тапсырмаларына, басқа да бастапқы материалдар мен
техникалық шарттарға сәйкес, сараптаманың (мемлекеттік сараптаманың) оң қорытындысы-
ның негізінде әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасы заңнамада белгіленген
тәртіп бойынша және мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес бекітілуге
жатқызылады.
Бұл ретте, бекітуге:
- бір сатылы жобалау кезінде – жұмыс жобасы (ЖЖ);
- екі сатылы жобалау кезінде – бірінші сатыда әзірленетін (Ж) жоба. Екінші сатыда
дайындалған жұмыс құжаттамасы (ЖҚ) сараптамадан өтпейді және оны тапсырыс беруші
бекітеді.
7.6 Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын құрылыс объектілері бойынша
7
ҚР ҚН 1.02-03-2011
немесе олардың қатысуымен жобалау құжаттамасын бекіту (қайта бекіту) сәйкестендірілген
мемлекеттік органның бұйрығымен немесе басқа да уәкілетті заңды тұлғаның мемлекеттік
нормативтегі Г, Д, Е және Ж қосымшаларына сәйкес негізгі бекітілетін техникалық-
экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде құрылыстың 2001 жылғы базалық бағалар
деңгейіндегі құны ұлттық және (немесе) шетел валютасы көрсетіліп, жүргізіледі.
Құрылыстың бастапқыда бекітілген сметалық (есептік) құнының өсуіне байланысты
жобаны түзету және оны қайта бекіту тек бюджеттік комиссияның сәйкес шешімі бар болған
жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қаржыландырудың басқа көздері арқылы іске асырылатын құрылыстың жобалау
құжаттамасын бекіту тапсырыс берушінің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің)
шешімімен, бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері көрсетіліп, іске
асырылады.
7.7 Мемлекеттік инвестициялар немесе олардың қатысуы есебінен қаржыланатын
құрылыс объектілері бойынша жобалау құжаттамалардың жалпы бекіту тәртібі Қазақстан
Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
7.8 Егер құрылыс басталғанға дейін немесе құрылыстың барысында объектілердің
көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық немесе технологиялық жобалау шешімдеріне,
сондай-ақ бастапқы жобаның құнды және басқа да бекітілген техникалық-экономикалық
керсеткіштерін өзгертетін басқа да негізгі факторлардың әсерінен, объектінің құрылымдық
сызбасына әсер ететін түбегейлі сипаттағы оның жобалау құжаттамасына өзгертулер және
(немесе) толықтырулар енгізілетін болса бұрын бекітілген жобалау құжаттамасы қайта
бекітілуге жатады.
7.9 Құрылыс барысында жобалау құжаттамасын түзету және қайта бекіту қажеттілігі
туындаған жағдайда, құрылыстың ахуалы туралы мағлұматтар мен орындалған жұмыстар
актілерінің көшірмесі бекіту инстанциясына берілетін құжаттардың құрамына енгізіледі.
7.10 Объектілер құрылысында жобалау құжаттамасын қайта бекіту Қазақстан
Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі заңнамасына сәй-
кес белгіленген мемлекеттік нормативтер талаптарының шешілуге мүмкіндігі бар өзгерісте-
рін есепке ала отырып, жаңадан белгіленіп, бекітілетін жобалау құжаттамасы (жобалар, жұ-
мыс жобалары) тәртібінде іске асырылады.
7.11 Заңнамаға және осы мемлекеттік нормативке сәйкес әзірленген және бекітілген
жобалау құжаттама-сы оның бекітілген уақытынан бастап үш жылдың (36 айдың) ішінде
жарамды болып табылады.
Құрылыс жобасының әзірлеуі аяқталғаннан кейін үш және одан көп жыл ішінде құры-
лысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген деп саналады және
құжаттаманы қайтадан қолданыстағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келтіргеннен кейін
ғана іске асырып, белгіленген заңнама тәртібінде пайдалануға болады.
8 Объектілерді жобалаудағы арнайы техникалық жағдайларды (АТЖ
құжаты - ерекше нормалар) әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі
8.1 Белгіленген көлемі, есептік қуаттылығы, технологиялық процестері, қызметтік
мақсаттылығы, сондай-ақ басқа да Қазақстан Республикасында бекітілмеген нормалар
бойынша (Қазақстан Республикасындағы қолданудағы мемлекеттік нормативтер немесе
мемлекетаралық нормативтер) ерекше шарттарға сәйкес өзіндік параметрлері бар объектілерді
жобалауда тапсырыс беруші ғылыми-зерттеу және (немесе) арнайы ұйымдардың қатысуымен,
осы объектіні жобалау мен салуда жоқ нормативтерді ауыстыратын арнайы техникалық
жағдайларды (АТЖ құжаты – ерекше нормалар) қалыптастырады.
8
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Көрсетілген арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар):
- шарттардың құрылуына себеп болған берілген объектінің өзіндік ерекшеліктері
және жобалау тапсырмасына сай мақсаттар мен тапсырмалардың ерекшеліктерін
ескеретін көлемдік-жоспарлау, конструктивті және (немесе) инженерлік-техникалық
шешімдер бойынша арнайы талаптарды (ұсыныстар) көрсетуі керек;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті
органдар мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен келісуі қажет;
- тиісті құрылысқа тапсырыс берушімен бекітілуі керек;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті
органдар-дың осы арнайы техникалық жағдайларды келісу шешімінде басқа объект
көрсетілмесе, тек қана берілген объектіге ғана қатысы бар.
8.2 АТЖ-да міндетті мемлекеттік нормативтердің сақталуына бағытталған есептік,
конструктивтік және басқа да шаралардың негізделуі, сонымен қатар ерекше жағдайларда
міндетті нормалық шарттардың орындалмауын өтейтін шаралар белгіленуі керек.
8.3 АТЖ-дың мазмұнында міндетті мемлекеттік нормативтерге сәйкестікті
негіздейтін рәсімдер, сонымен бірге өтейтін шаралардың жеткіліктілігі мен тиімділігі
(есептеулер, тәжірибелік зерттеулер мен заттай сынақтардың нәтижелері және т.б.)
болуы қажет.
8.4 АТЖ тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына сай қалыптастырылады.
Техникалық тапсырмада АТЖ-ды құру қажеттілігінің қысқаша негіздемесі,
қолданудағы құрылыс нормаларына сай объектілердің жауапкершілік деңгейі жөніндегі
мәліметтер, сондай-ақ АТЖ-да құруға қажет басқа да, оның ішінде өрт және сейсмикалық
қауіпсіздікке байланысты талаптар келтірілуі керек.
8.5 АТЖ-ды қалыптастырудан бұрын объектінің принципиальды техникалық
шешімдері анықталуы керек (оның ішінде көлемдік-жоспарлау және конструктивті
шешімдер, колданылатын материалдар мен бұйымдар), сонымен қатар белгілі бағыттар
бойынша жетіспейтін немесе жоқ нормалар мен нормативтік тәртіптерді құруға негіз
болатын қолда бар нормативтік базаны талдау қажет. Принципиальды техникалық
шешімдер жалпы объектіге қатысты, оның бөліктері немесе құрылымдар және инженерлік
жүйелердің жеке түрлеріне қатысты белгіленуі мүмкін.
8.6 Арнайы техникалық жағдайлардың құрамы:
- негізгі ережелері (объектінің аталуы мен мекен-жайы, құрылыстың негізделуі,
тапсы-рыс беруші (инвестор), басты жобалау ұйымы және АТЖ-ды қалыптастырушы
жөнінде мағлұмат, жалпы объект мен оның маңызды бөліктерінің сипаттамасы, құрылыс
алаңы мен объектінің көлемдік-жоспарлау және конструктивті шешімдерінің қысқаша
мінездемесі, жобалаудың негізгі қағидалары);
- АТЖ әзірлеу қажеттілігінің егжей-тегжейлі негіздемесі және осы нақты объектіге
жетіспейтін нормативтік талаптар;
- қосымша талаптардың тізімі немесе қолданыстағы нормативтік құжаттардың
талаптарын мәжбүрлі түрде орындамайтын жағдайлардың тізімі, онда осы қажеттіліктің
негіздемесі келтіріліп, орындалмайтын жағдайларды өтейтін шаралардың тізімі беріледі;
- есептік жүктемелер (жүктемелер мен есептеу әдістемелерін анықтаудың
негіздемелері мен ұсыныстары, есептеулер;
- конструктивті және инженерлік-техникалық шешімдер, бас жоспар, сәулеттік
шешімдер мен жобаның басқа бөлімдері бойынша талаптар (конструктивті шешімдерді
талдау, жобалаудың негізгі қағидалары, ұсынылатын конструктивтік шешімдер, негізгі
сызбалар және т.б.);
- қосымша (түсініктеме жазбахат, есептердің нәтижелері, тәжірибелік зерттеулер
мен заттай сынақтардың нәтижелері және т.б.).
9
ҚР ҚН 1.02-03-2011
ЕСКЕРТПЕ
Арнайы техникалық жағдайлардың құрамы тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасында
анықталуы мүмкін.
8.7 АТЖ-ға келісу мәселесін қарастыру үшін құрылысқа тапсырыс беруші сәулет, қала
құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға келесі құжаттарды
(бұдан әрі - Құжаттама) өткізуі тиіс:
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
басшысының атына АТЖ-ды қарастыру жөнінде ерікті түрде жазылған, басшының немесе
оның қызметін атқарушының қолы қойылып, ұйымның мөрімен бекітілген тапсырыс беруші-
нің арызы;
- АТЖ-ды қалыптастыру қажеттілігі, қабылданған жобалық шешімдер, өтейтін іс-
шаралар (қолданыстағы нормаларды орындамау туралы шешімдер қабылданған жағдайда)
жөніндегі ақпарат берілген түсіндірме хат;
- қажет жағдайда мүдделі мемлекеттік органдардың АТЖ-мен келісуі туралы ақпарат;
- АТЖ-ды қалыптастырушының лауазымды тұлғалары қол қойған және тапсырыс
берушінің басшысымен немесе оның қызметін атқарушы тұлғамен бекітілген жобаның 2
да-насы;
- тапсырыс берушінің басшысымен немесе оның қызметін атқарушы тұлғамен расталған
АТЖ-ды құруға берілген техникалық тапсырманың көшірмесі, сонымен қатар сәулет, қала
құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның талабы бойынша
басқа да материалдар;
8.8 Құжаттаманы қарастыру және қорытынды дайындау үшін тиісті мамандар тарты-
луы мүмкін. Ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге жобалық құжаттаманы дайындауға
қатысқан ұйым немесе мамандар, олардың үлестес тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік
сараптама жүргізетін ұйымдар мен осы ұйымдарда қызмет ететін мемлекеттік сарапшылар
қатыстырылмайды.
8.9 АТЖ-ға келісу немесе келіспеу жөніндегі шешімді Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде қабылдайды.
8.10 АТЖ-ға келіспеуге негіз болған себептерді жою үшін Құжаттама келісуге жалпы
тәртіп бойынша қайта берілуі мүмкін.
8.11 Бұрын бекітілген АТЖ-ға өзгерістер енгізудің қажеттілігі туындаған жағдайда,
құрылысқа тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекет-
тік уәкілетті органға жалпы тәртіп бойынша тиісті Құжаттама тапсырады. Өзгертілген АТЖ-
ға келісім берілген жағдайда бұрын бекітілген АТЖ жаңа АТЖ-ға келісім беру туралы шешім
қабылданған күннен бастап өз күшін жояды.
8.12 Жобалық Құжаттамада әр бөлімнің (марканың) графикалық материалдардың (басты
сызбалар) «Жалпы мәліметтер» беттерінде жобаның бас инженері (жобаның бас сәулетшісі)
қол қойған жобаның (Ж) немесе жұмыс жобасының (ЖЖ) арнайы техникалық шарттарға
(ерекше нормаларға) сәйкестігі туралы жазба болуы керек. Қажет болған жағдайда жобаның
(жұмыс жобасының) тиісті бөлімдерінің тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық
саулығы, өртке қарсы қызметтің, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау,
өнеркәсіпте қауіпсіз жұмыс істеу және таудағы жағдайларды қадағалауда, сонымен қатар
мемлекеттік жол полициясы (инспекциясы), азаматтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті
мемлекеттік органдармен келісімдер көрсетілуі керек.
8.13 Арнайы техникалық жағдайларға (ерекше нормаларға) сәйкес әзірленген және
осы нормативтік құжаттаманың 8.12 п. сәйкес рәсімделген жобалау құжаттамасы мүдделі
мемлекеттік органдармен қосымша келісілмейді.
10
ҚР ҚН 1.02-03-2011
9 Екі сатылы жобалау кезіндегі жобалық құжаттаманың
құрамы мен мазмұны
9.1 Өндірістік мақсаттағы объектілердің (бөлек ғимараттар, құрылыстар немесе олар-
дың кешендерінен, инженерлік және көлік коммуникацияларынан құрылған кәсіпорындар-
дың) жобалау құжаттамасының жоба сатысы (Ж) құрамындағы жобалау құжаттамасы келесі
бөлімдерден тұрады:
- жобаның төлқұжаты (9.3.1);
- жобаның энергетикалық төлқұжаты (9.3.2 жобалау тапсырмасына сәйкес);
- жалпы түсініктемелік жазбахат (9.3.3);
- объектінің бас жоспары және көлікті ұйымдастыру (9.3.4);
- аумақтарды инженерлік қорғау (9.3.5);
- технологиялық шешімдер (9.3.6);
- өндірісті, кәсіпорынды басқару, жұмыскерлерге еңбек етуге жағдай жасау және оны
қорғау ұйымдары (9.3.7);
- сәулет-құрылыс шешімдері (9.3.8);
- инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар (9.3.9);
- азаматтық қорғаныс бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралар мен табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу шаралары (9.3.10);
- ҚР ҚНжЕ 3.02-05-2010 1-шi міндетті қосымшасына сәйкес ғимарат және имараттарды
барлау автоматтандырылған жүйесі;
- аса маңызды объектілер үшін үлкен аралық құрылыстардың және биік ғимараттардың,
оның кешендерінің кешендік қауіпсіздігі мен лаңкестіктен қорғауды қамтамасыз ету жүйелері
(9.3.11);
- құрылысты жобалау тапсырмасында анықталған көлемді ұйымдастыру (9.3.12);
- қоршаған ортаны қорғау (9.3.13);
- сметалық құжаттама (9.3.14);
- инвестицияның тиімділігі (жобалау тапсырмасында анықталған жағдайларға сәйкес)
мен техникалық-экономикалық көрсеткіштері (9.3.15);
- қазақстандық мазмұнды есепке ала отырып К қосымшаға сәйкес қорытынды
жасалған және тапсырма берушімен бекітілген негізгі құрылыс материалдары, өнімдері және
қондырғылары қажеттілігінің жиынтық ведомосы.
9.2 Өндірістік объектіні (кешенді) жобалау кезінде оны негізгі кәсіпорынның
мұқтаждығына қажет өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс құрамын қосқанда,
жобалау құжаттамасының құрамынан осы тұрғын-азаматтық және өзге де өндірістік емес
мақсаттағы объектілер құрылысы үшін басқа жоба бөлініп жасалады, ол кәсіпорынға қатысты
жалпы техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен үйлестіріліп, осы құрылыс нормасының
9.3.4-тармағына және ҚР ҚН 3.01-07-2011 «Қазақстан Республикасының қала құрылысы
жобасының құрамы, және әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы Нұсқаулыққа» сәйкес
әзірленеді.
9.3 Өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысындағы жобаның бөлімдері мынадан
тұрады:
9.3.1
Жоба төлқұжаты жобаланатын объектінің ерекшелігі мен мақсатын қысқаша
сипаттайтын, негізгі параметрлері, сипаттамалары мен техникалық-экономикалық
көрсеткіштері көрсетілген ақпаратты жинақтау арқылы құрастырылады.
9.3.2
Жобаның энергетикалық паспорты техникалық регламенттер мен норма тивтік
құжаттардың талаптарына сәйкес анықталған объектілердің энергетикалық сипаттамалары
туралы ақпарат түрінде, соның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны тұтыну жөніндегі
деректерден, сондай-ақ ғимараттардың қоршау конструкцияларының жылу қорғанысы
бойынша есептерден тұрады.
11
ҚР ҚН 1.02-03-2011
9.3.3 Жазбахатқа жалпы түсініктеме:
- жобаны әзірлеуге негіздеме (негіздемені құратын құжаттардың тізімі) - жобалауға арнал-
ған бастапқы деректер, құрылыс аймағының жағдайы, қоршаған аумақтың пайдаланымдағы
және жоспарланған (бағдарланған) инфрақұрылымы туралы мәліметтер;
- жобалау шешімдеріне жүргізілген келісімдер туралы мәліметтер, әзірленген жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасының мемлекеттік нормаларға, ережелерге, стандарттарға,
сәулеттік-жоспарлау тапсырмасына, бастапқы деректерге, сондай-ақ объектінің (орналасқан
жерін) орналастыруын келіскен кезде мемлекеттік қадағалау органының (бақылау) басқа да
уәкілетті ұйымдардың және лауазымды тұлғалары берген техникалық шарттары мен талаптарына
сәйкестігі, сәйкестендірілген мемлекеттік органдардың белгіленген тәртіпте рәсімделген
қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарынан шегінуге (ауытқуына) рұқсаты
(келісімі) туралы ақпараттар;
- бас жоспар, инженерлік жүйелер мен желілер және коммуникациялар бойынша негізгі
көрсеткіштер, аумақты инженерлік қорғау жөніндегі шаралары;
- кәсіпорынның (ғимараттың, құрылыстың, кешеннің) және оның өндіріс құрамына ене-тін
қысқаша сипаттамасы, жобалау қуаты мен номенклатурасы, сапасы, көлемдік-жоспарлау және
сәулет-құрылыстық, сондай-ақ өндірістің технологиялық шешімдерінің негізгі принциптері
туралы ақпараттар, бәсекеге қабілеттілігі, жоспардағы шығарылатын өнімнің техникалық деңгейі,
шикізат базасы, отын, суды, жылу мен электр энергиясының қажеттілігі, шикізатты кешендік
пайдалану, өндіріс қалдықтары, қайта өңделген энергия ресурстары туралы мәліметтер;
- құрылыстың, қала құрылысының және іске қосылатын кешендерінің кезектілігі туралы
мәліметтер;
- қызметкерлердің жағдайы мен еңбегін қорғауды сипаттайтын жалпы мәліметтер,
санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар, мүгедектердің және тұрғындардың мүмкіншілігі
шектеулі топтарының тіршілік ету жағдайы мен еңбек қауіпсіздігін қамсыздандыратын негізгі
шешімдер;
- жобада қолданылған зерттеулер және патенттер туралы мәліметтер;
- пайдалану қауіпсіздігі мен объектінің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық, инженерлік және инженерлік-техникалық шаралар бойынша ақпарат-тар,
оған қоса лаңкестікке қарсы қорғау шаралары;
- жобаны әзірлеудің нәтижесінде алынған техникалық-экономикалық көрсеткіштер,
оларды бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар көрсеткіштермен немесе объекті
құрылысындағы басқа да инвестициялар негіздемесі мен жобалау тапсырмасында белгіленген
жобаны жүзеге асыру жөніндегі қорытындылары мен ұсыныстарын салыстыруды қамтитын
ақпараттар кіреді.
9.3.4 Объектінің бас жоспары мен көлікті ұйымдастыру бөліміне:
- құрылыс салынатын аймақ пен алаңның қысқаша сипаттамасы; жер бедерінің қысқа-
ша сипаттамасы мен құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және
геотехникалық жағдайлары туралы мәліметтері; бас жоспар (аумақты аймақтарға бөлуді еске-
ріп), ішкі алаңдық және сыртқы көлік, көлік түрін таңдау жөніндегі шешімдері мен көрсеткіш-
тері; төтенше жағдайлар туындаған жағдайда адамдарды көшіру мақсатында және материалдық
құндылықтарды құтқару, сондай-ақ олардың салдарынан жоюға мамандандырылған көлік үшін
қолайлылығы;
- құрылысқа ұсынылып отырған жер телімінің жалпы сипаттамасы және оның параметрлері
(мөлшері, шекарасы) туралы өзге де деректер, елді мекен жүйесінде немесе айналасында
салынған құрылыстар мен қолданыстағы инфрақұрылымының, оның қазіргі жағдайы мен
қолданысының сипаттамасы бар ауыларалық аумақта орналасқан орны; аумақтың және қоршаған
ортаның экологиялық жағдайы, көлік және инженерлік-құрылыс-тық шарттары, инженерлік
коммуникациялар және сол немесе іргелес аумақ арқылы өтетін өнім өтпе құбырлары, жоспарлау
шектеулері және қолданыстағы қала құрылысы құжаттамасы;
|